Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

Ежедневные архивы: 14.05.2020

МАҚТААРАЛДАҒЫ ЖАСТАР ТӨЛЕБИГЕ БАРДЫ

Қатты жауған нөсерлі жауын-шашын салдарынан Төлеби ауданы, Қасқасу ауылдық округіндегі Қасқасу өзені суының деңгейі көтеріліп, арнасынан тасыды. Салдарынан 4 көпірді су алып, 8 ірі қара және уақ мал суға батқан. Екпінді ауылында 4 уйді және 15 үй ауласын су басты. Мақтааралда жүрген жастар бұл хабарды естіген бойда түнгі 04:00-де жедел алғашқы көмекті жеткізу мақсатында жолға шықты. Тұрақты жағдайды көрген жастар ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚСТАН ӨЗБЕКСТАНДА ТЕХНИКАЛЫҚ АУДИТ ЖАСАУҒА ҚАТЫСАДЫ

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі басшысы Мағзұм Мырзағалиев Өзбекстан Республикасы Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраевпен кездесті. Қос мемлекет басшылары Қ.Тоқаев пен Ш.Мирзиеевтің жуырдағы келіссөздері кезінде қол жеткізілген уағдаластықты іске асыру үшін Тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы су шаруашылығындағы кең ауқымды маңызды мəселелерді талқылады. Кездесудің басты тақырыбының бірі – Сардоба су қоймасының тағдыры. Қазақстанның Экология министрлігі ...

Толығырақ »

ҚАЙЫРЛІ ІС – КӨҢІЛГЕ МЕДЕУ

Сайрам ауданының әкімі Ұ.Сәдібековтің шұғыл тапсырмасына сәйкес, Төлеби ауданына көмек ұйымдастыру қолға алынған болатын. Сайрам ауданының кәсіпкерлері мен басқа да ерікті жанашырлар тарапынан жасалған демеушілікті аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев ұйымдастырып, азық-түлік және гигиеналық тазалыққа қажетті затарды 130 отбасына үлестірді. — Табиғаттың тосын құбылысынан жайсыздыққа тап болған Төлеби ауданының тұрғындарына Сайрам ауданының жанашырларының аманатын түгел таратып шықтық. Әуелі 2 газель гуманитарлық көмек ...

Толығырақ »

МОБИЛЬДІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫС РЕЖИМІНДЕ

Шымкентте мобильді жұмыспен қамту орталықтары жұмысын бастады. Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты орталықтар бүгінге дейін онлайн режимінде қызмет көрсетіп келді. – Мобильді жұмыспен қамту орталықтарының негізгі мақсаты – жұмыспен қамту, қысқа мерзімді оқыту, жұмысын жоғалтқан және өз мамандығы бойынша жаңа жұмыс орнын таба алмаған халыққа кәсіптік бағдар беру және психологиялық қолдау бойынша қызметтер көрсету. Орталық менеджерлері өтініш білдірушілерді базаға тіркейді, сосын ...

Толығырақ »

СУ ТАСҚЫНЫ ҚАУПІ ТОЛЫҚ БАҚЫЛАУДА

Кеше қатты жауған жауынның салдарынан Бадам мен Сайрам су өзендері арнасынан асып, Шымкенттің бірқатар аумағын су басқан болатын. Қазіргі таңда нөсер жауынға тап болған Елтай және Қарабастау елдімекендерінде дер кезінде тиісті көмек көрсетіліп, қауіптің алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Н.Дербісов мәлімдеді. — 13 мамырда сағат ...

Толығырақ »

ТАСҚЫН СУДАН ҚАУІП ЖОҚ

Келес ауданында тасқын судан келетін қауіп жоқ. Мамандар жағдайды жіті бақылауға алған, деп жазады Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.  Түркістан облысының Қазығұрт ауданынан бастау алатын Келес өзені Сарыағаш және Келес аудандары аумағынан өтіп, Сырдария өзеніне құяды. Күні кеше жауған нөсер жаңбырдың нәтижесінде Келес өзенінің арнасына қосымша секундына 50 – 55 текше метр су қосылғаны жөнінде тиісті сала ...

Толығырақ »

ӨТКІР ӨМІРЗАҚ немесе ШАРШАМАЙТЫН ШӨКЕЕВ

Биылғы тышқан жылы Түркістан облысына оңай тиіп жатқан жоқ. Әлемді дүрліктірген індет біраз діңкелетсе, артынша түстік өңірдің шаруалары қыруар тонна қырыққабатын саудалай алмай қиналды. Осы ретте облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Үкіметке дер кезінде мәселемен шығып, түйткілді түйіннің тез тарқатылуына барынша атсалысты. Осылайша бұл қиындықтарды енді еңсердік пе дегенде, Мақтааралдағы 5 ауылды топан су шайып кетті. Мұндайда «Бір айналдырғанды, шыр айналдырады» ...

Толығырақ »

120 КӘСІПКЕР ТӘРТІПТІ БҰЗҒАН

Шымкенттіктердің көбі төтенше жағдай мен карантин тіртібінің ара жігін ажырата алмай жүр. Себебі 11-ші мамырдан бастап қала көшелерінде сақтық шараларын сақтамайтындар қатары артуда. Мұндай жағдай жаңадан іске қосылған бизнес нысандардада кездеседі. Осы олқылықтар бойынша Шымкент қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті қызметкерлері баспасөз брифингін ұйымдастырды, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі К.Дүйсенбінің материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Төтенше ...

Толығырақ »

ЖҰМЫС ҚАРҚЫНЫ ҚАДАҒАЛАУДА

Апат салдарымен күресте жұмысшы топ қарқынды жұмыс атқаруда. Облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов бастаған мамандар Мақтаарал ауданындағы су басқан аймақтардағы залалсыздандыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарын қатаң бақылауға алған. Фирдауси ауылындағы жалпы орта мектептің жертөлесі мен мектеп ауласын судан тазарту жұмыстарын тексерген топ ауылдардағы су басқан аулаларды тазарту жұмыстарына да қатысты. Сонымен қатар, жұмыс барысында Өргебас және Жеңіс ауылдарындағы егістік алқаптарды ...

Толығырақ »

ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Мақтаарал ауданында тасқын судың астында қалған мал өлексесі сыртқа шығарылып, арнайы пеште өртелуде. Зиянды қалдықтарды 1200 градус температуда өртейтін пеш Нұр-Сұлтан қаласынан алдырылған, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Бүгінгі күнге дейін су астында қалған ауылдардан 908 бас үй жануарларының өлексесі шығарылды. Олардың ішінде 856 ұсақ мал, 39 ірі қара, 7 жылқы, 6 түйе бар. Өлген ...

Толығырақ »

МАҚТААРАЛҒА МЕЙІРІММЕН

«Серпіліс» қоғамдық қоры мен «Жалын» қоғамдық бірлестігі және Шымкент қаласы Ішкі Саясат және дін істері басқармасының қолдауымен психолог мамандар Мақтаарал ауданында орын алған тасқын судың зардабын көзбен көріп, үрейленген азаматтарға психологиялық көмек көрсетті. Мамандардың сөзінше топан судың әсерінен жас балалар шошып қалған. Тәжірибелі психологтар балалармен бірге сазбалшық және тұз терапиясымен суреттер салу арқылы көңіл-күйіне оң ықпалын беретін әртүрлі сабақтар өткізді. Нәтижесінде ...

Толығырақ »

ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР САНАТЫНА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛДІ

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» Шымкент қалалық филиалы “2-10-20” бағдарламасы бойынша өтінімдерді 18-30 мамыр аралығында қабылдайды. Қазір бағдарламаға қатысушылар санатына өзгерістер енгізілді. Бұл жөнінде Шымкент қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Ғ. Төлепов ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді. Биыл “Бақытты отбасы” тұрғын үй бағдарламасы бойынша баспаналы болатындар саны артатыны белгілі. Себебі, бағдарламаға қатыса алатын азаматтар санаты артып ...

Толығырақ »

28 180 АЗАМАТТАН ӨТІНІМ КЕЛІП ТҮСКЕН

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, карантинге жабылған өңірлерде тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңгеден берілетіні бұған дейін хабарланған болатын. Осыған орай, бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Ғалымжан Төлепов тұрғындарға берілетін өтемақыға қатысты өзгерістерді мәлімдеді. — Аталған көмекті алу үшін азаматтардан өтінімдерді қабылдау мақсатында «communal-komek.kz» сайты ...

Толығырақ »

ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ

Түркістан облысы Төлеби ауданында тұрғын үйлерге келген залалды анықтау жұмыстары жүргізілуде. Сайрам ауданынан 19  техника, 45 жұмысшы барды. Жұмысшы топқа Сұлтан -Рабат елді мекеніндегі Сауран көшесі бекітілді. Сауран көшесіндегі нысандардың жалпы саны – 203 болса, оның 122-сі тұрғын үй, 80 кәсіпкерлік нысан және 1 мектеп. Онда Сайрам ауданынан барған 45 кісілік жұмысшы топ 19 техниканың көмегімен судан келген залалға тосқауыл ...

Толығырақ »

САЙРАМ АУДАНЫНДА ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ

Көрші отырған Төлеби ауданындағы жағдайға байланысты Сайрам Ауданында жедел жұмысшы тобы құрылды. Түске дейін Төлеби ауданында іс-сапарда болған Сайрам ауданының əкімі Ұласбек Сəдібеков түстен кейін Қарабұлақ, Манкент, Ақсукент, Арыс, Көлкент ауылдық округтерін аралады. Ауа райының қолайсыздығынан 13 мамыр күні сағат 18:50-де Сайрам ауданы бойынша Ақсу, Қарасу, Қарабұлақ және Манкент ауылдық округтерінде су мөлшері артып, арық-атыздан бөлек, көшеге жайылды. Аяқ жолдар мен тұрғын үйлердің ...

Толығырақ »

КАРАНТИНДІК ШАРАЛАРДЫҢ САҚТАЛУ БАРЫСЫ

Бүгін «ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында тікелей эфирде карантиндік шаралардың сақталу барысы жөнінде Шымкент қаласы полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция подполковнигі Сүлейменов Ерғали Сыбанқұлұлымен онлайн сұхбат өтті. Елімізде жарияланған төтенше жағдайдан кейін полиция қызметкерлері қатаң тәртіпті сақтай отырып, тәулік бойы қызмет етуде. Жұмыс барысында қызметкерлер арнайы құрал-жабдықтармен, планшеттер және 3 мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.  Осы қызметке жалпы 1961 жеке ...

Толығырақ »

КӨПІРЛЕР БІР ТӘУЛІКТЕ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Төтенше жағдай жарияланған Төлеби ауылындағы Қасқасу елді мекенінде орналасқан 2 көпірді толық су шайып кеткен, 1 көпірге зақым келген. Жергілікті маңызы бар тағы бір көпірді су шайған. 4 көпірді толық ретке келтіру жұмыстары тынымсыз жүргізілуде. Нәтижесінде, екі өткел толық ретке келтіріліп, ауылдардың байланысы ашылды. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимовтің мәлімдеуінше, қайта қалпына келтіру жұмыстары қысқа мерзімде ...

Толығырақ »

СОТТА БРИФИНГ ӨТТІ

Әлемді алаңдатқан жаңа коронавирус COVID-19 пандемиясын таралуын тежеу, азаматтардың денсаулығын сақтау мақсатында ҚР Президентінің Қасым-Жомарт Тоқаевтың 15.03.2020 жылғы №285 Жарлығымен Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай енгізілді. Қаламызда жедел түрде коронавирусты алдын-алу бойынша арнайы комиссия құрылып, жұмысын бастады. Полиция, медицина және әскери күштерді мобилизацияланып, қаланың кіре-беріс жерлеріне блок-посттар құрылған болатын. Қала аумағында инфекцияның алғашқы ошағы анықталысымен карантиннің күшейтілген түрі мен маскалық ...

Толығырақ »

ҚАУІПТІҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ НАЗАРДА

Бүгін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзум Мырзағалиев Өзбекстанның Су шаруашылығы министрі Шавхат Хамраевпен кездесті. Кездесуде екі елдің үкімет мүшелері Мақтаарал ауданында болған су апатынан зақым келген жерлерді қалыпқа келтіру және су қоймаларынан келетін қауіптің алдын алу бойынша келіссөз жүргізуде, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. ҚР Табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаевтың мәлімдеуінше, ...

Толығырақ »

СУ БАСУ САЛДАРЫН ЖОЮҒА ҚАТЫСУДА

Түркістан облысының полицейлері су басу салдарын жоюға қатысуда. 13.05.2020 жылы сағат шамамен 17:00-де қатты жауған жауын-шашынға байланысты Түркістан облысындағы 4 үйді, 376 аула мен іргелес аумақты, сондай-ақ облыстың 5 ауданындағы көпірлерді су басу жайты орын алды. Халықты көшіруге және су басу салдарын жоюға Түркістан облысы Полиция департаментінің 114 қызметкер мен 22 бірлік техника, сондай-ақ Төтенше жағдай департаментінің 242 қызметкері, 16 ...

Толығырақ »

ПАНДЕМИЯ ЖАҒДАЙЫНДА БІЛІМ БЕРУ

Коронавирис инфекциясының өте қарқынды таралуының нәтижесінде адамзат қауіпсіздігіне үлкен қатер төнді. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін бұрын болып көрмеген шаралар қолға алынды. Елдегі барлық экономикалық-әлеуметтік, білім-ғылым, денсаулықты сақтау салалары карантин жағдайына бейімделе бастады. Карантин жағдайында ел экономикасында болуы мүмкін дағдарыстың алдын алу үшін көптеген іс-шаралар қолға алынды. Білім және ғылым министрлігі Қазақстандағы білім беру ұйымдарында қашықтан оқытуды ұйымдастыру және үйлестіру жұмыстарының ...

Толығырақ »

«МАҚТААРАЛ ТӘЖІРИБЕСІ» ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН БОЛДЫ

Нөсер жауыннан үйлері бүлінген азаматтардың шығыны арнайы сараптау комиссиясының шешімімен анықталады. Жарамсыз болған үйлер мен жөндеуді қажет ететін баспаналарды қайта қалпына келтіру жағы қарастырылуда. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев төтенше жағдай жөніндегі штаб отырысында мәлімдеді, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі. «Жергілікті деңгейдегі төтенше жағдайдың салдарын өз күшімізбен жоямыз. Оған тәжірибеміз жеткілікті. ...

Толығырақ »

ҮШ АУДАНДА СЕЛ ТАСҚЫНЫ ОРЫН АЛДЫ

13 мамыр күні Түркістан облысының таулы аудандарында нөсер жауынның көп жаууы салдарынан сел тасқыны орын алды. Жалпы, Төлеби, Қазығұрт, Бәйдібек аудандарында жалпы 522 үй ауласы, 4 үйді су басып, 258 адам эвакуцияланды. 1077 м3 су шығарылды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов өңірлік коммуникация қызметінің алаңында мәлімдеді. Түркістан облыстық төтенше жағдай департаментінің мәліметіне сәйкес, Төлеби ауданындағы Қасқасу өзенінде су ...

Толығырақ »

ӨЗЕНДЕР АРНАСЫНАН АСУДА

Түркістан облысында нөсер жаңбыр салдарынан өзендер арнасынан асуда. Осы жағдайға байланысты жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланып, арнайы штаб құрылды. Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев Төлеби ауданындағы селден зардап шеккен аумақтарды аралады, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Мұнда толассыз жауған нөсер жауынның әсерінен Төлеби ауданындағы өзендердің су деңгейі көтерілді. Соңғы ақпарат бойынша, арық-атыз, қыр-сайлардан жиналып аққан жаңбыр ...

Толығырақ »

ҚАСҚАСУ ӨЗЕНІ СУЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІ КӨТЕРІЛДІ

13 мамыр күні қатты жауған нөсерлі жауын-шашын салдарынан Төлеби ауданы, Қасқасу ауылдық округіндегі Қасқасу өзені суының деңгейі көтеріліп, арнасынан тасыды. Салдарынан 4 көпірді су алып, 8 ірі қара және уақ мал суға батқан. Екпінді ауылында 4 уйді және 15 үй ауласын су басты, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Барлығы 15 текше метр су сорылды. Департаментте ...

Толығырақ »