Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

Ежедневные архивы: 15.05.2020

ДЕР КЕЗІНДЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Толассыз жауынның салдарынан қатты жауын-шашын салдарынан Түркістан облысы Төлеби ауданынан Елтай елді мекеніне көп мөлшерде су келіп, нәтижесінде арық жүйесі істен шығып үйлердің аулаларын және көшелерді су басты. Тез арада авариялық-құтқару жұмыстарын және адамдарды қауіпсіз жерге эвакуациялау үшін Шымкент қаласы ТЖД күштер мен құралдары жұмылдырылды. Өрт сөндіруші және құтқарушылар күндіз-түні тынбай қызмет атқаруда. Шымкент қаласындағы №3 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Елтай ...

Толығырақ »

ҮЙЛЕР ЖАУЫН СУЫНАН ТАЗАРТЫЛДЫ

Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы қауіптің беті қайтып, үйлер жауын суынан тазартылды, деп жазады облыстық Өңірілік коммуникация қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі. Биылғы жылдың 13 мамыр күні Қазығұрт аудандық өрт сөндіру бөлімінің байланыс торабына Алтынтөбе, Жігерген ауыл округ тұрғындарынан үйдің ауласына жаңбыр суы жиналғаны туралы хабар келіп түскен болатын. Оқиға орнына Қазығұрт ауданы төтенше жағдайлар бөлімі мен аудан әкімдігі қызметкерлері ...

Толығырақ »

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІЛЕРІ АТСАЛЫСУДА

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы топан су салдарын жоюға мемлекет, тұтас қоғам, ел атсалысып жатыр. Еліміздің түкпір-түкпірінен гуманитарлық көмек жеткізіліп, тұрғындардың үйлерін салу, өтемақыларын төлеу бағытында да жұмыстар басталып кетті. Міне, осы мәселелердің ашық түрде шешілуін, көмектің әділ жеткізілуін қамтамасыз ету мақсатында бұл жұмыстарға жергілікті қоғам белсенділері де тартылды, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Алдымен топан ...

Толығырақ »

СУ ДЕҢГЕЙІ 7 САНТИМЕТРГЕ ТӨМЕНДЕДІ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында соңғы тәулікте су деугейі орта есеппен 7 сантиметрге төмендеді, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпарат агенттігі. Қазіргі таңда Мақтаарал ауданындағы су басқан Жеңіс, Нұрлыжол, Жаңатұрмыс, Фирдауси, Өргебас және Достық елді мекендері аумағынан бүгінде 8767м3 су шығарылды. Үздіксіз су тартып шығару нәтижесінде елдімекендердегі автожолдар судан тазарды. Су деңгейі бойынша Жаңатұрмыс және Жеңіс ...

Толығырақ »

БАЗАРЛАР ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

11-ші Мамырдан бастам Шымкентте кием-кешек сататын базарлар іске қосылды. Бүгінгі таңда сауда орындарына келім-кетім көп. Көпшілік шоғырланатын нысандарда санитарлық талаптар қаншалықты орындалуда? Бұл туралы «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі К.Дүйсенбінің материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz хабарлайды. 40 күн карантинге жабылған сауда орындары жаңа жұмыс кестесімен іске кірісті. Енді таңғы 10 нан кешкі 18:00  ге дейін сауда жүретін болады. Қоғамдық орындарда вирус таралуына жол ...

Толығырақ »

«TURKISTAN BIKE» ЖОБАСЫ ЕНГІЗІЛУДЕ

Өткен жылы басталған «Turkistan Bike» жобасы Түркістан тұрғындары арасында танымалдыққа ие болып келеді. Жобаның мақсаты автомобильге және қоғамдық көлікке балама жасау, қала тұрғындары мен қонақтарына қозғалыс үшін қолжетімді және экологиялық көлік беру болып табылады. Жаздың жақындауымен облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарының автоматтандырылған велосипедтерді жалға алу жүйесіне деген белсенді қызығушылықтары байқалады. Жыл басынан бері сату бөлімінде велосипедтерді жалға алу жүйесін пайдалану ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДЫ ТҰТАС ТҮРЛЕНДІРЕТІН ТҰЛҒА

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев құрылысы аяқталған нысандардың жұмысын тексеріп шықты. Бой көтерген ғимараттардың ішкі әрлеу мен абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Аймақ басшысы барлық демалыс орындарына сапалы газон төсеуді тапсырды. Сондай- ақ, сабақтардағы демалатын жайларды жеңіл де қолайлы конструкциядан орнатуды жүктеді, деп жазады. Құрылысы аяқталған департаменттер мен басқармалар үйінде ішкі әрлеу жұмыстары жүруде. Әкімшілік-іскерлік орталықта орналасқан ғимараттармен біркелкі дизайнда жасалған ...

Толығырақ »

ОПЕРА ЖӘНЕ БАЛЕТ ТЕАТРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов опера және балет театрының жұмысымен танысып, театр ұжымының қызметкерлерімен кездесті. Онда опера мен балет өнеріне халықты көптеп тартудың жолдары қарастырылып, саланы дамытудағы ойларымен бөлісті. Бұдан бөлек, әкім Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан білікті балет маманын тарту мәселесін де көтерді, деп жазады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Қазақ театр өнерінің дамуына үлес қосу ...

Толығырақ »

7 МЫҢНАН АСТАМ НЫСАН ЖҰМЫСЫН ҚАЙТА БАСТАДЫ

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов өзінің Facebook әлеуметтік желісінде жариялады. Бүгінде Шымкент қаласында жұмысын қайта бастаған кәсіпорын нысандарының жалпы саны шамамен 7 мыңнан асып отыр. Олардың басым көпшілігі шағын және орта бизнес субъектілері. Мәселен, 30 сауда базарлары, 221 – 500 шаршы метрден жоғары барлық бағыттағы дүкендер мен сауда үйлері, ойын-сауық орталықтары, 80 фотосалон, 158 медициналық орталық, 273 стоматологиялық ...

Толығырақ »

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 1807 ЖҰП ОТБАСЫН ҚҰРҒАН

Шымкент — жастар қаласы, махаббаттың қаласы. Бүгінде шырайлы шаһарда қаншама жұп жарасып, шаңырақ көтеріп, шағын отбасылық мемлекеттерін құруда. Шымкент қаласында жыл санап отбасын құрған жұптар саны артып келеді. Мәселен, өткен жылы мегаполисте 8214 жұп заңды некеге тұрса, 2018 жылы 6825 жұп шаңырақ көтерген. Ал осы жылдың төрт айында 1807 жұп отбасын құрған. Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ...

Толығырақ »

МАҚТААРАЛДЫҚ ОҚУШЫЛАР ШИПАЖАЙДА

Түркістан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары «Сарыағаш» облыстық балалар шипажайында мақтааралдық балаларға «Біз-денсаулықты қолдаймыз» атты челлендж ұйымдастырды, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Бүлдіршіндерге түрлі төтенше жағдайлар орын алғанда немесе жарақаттанған жағдайда алғашқы көмек көрсету бойынша шеберлік сабақтары өткізілуде. Сонымен қатар, балалармен ребус шешу арқылы ақпараттар берілді. Балалар өте жақсы жауап беріп, белсенділік танытуда. ...

Толығырақ »

ҰШҚЫР ОЙ АЛАҢЫ

«Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында Назарбаев зияткерлік мектебі мен N107 Ю. Сареми атындағы мектеп-лицей оқушыларымен өзара өткен қалалық дебат турнирінің жеңімпаздары — қазақ лигасы «Зият» командасы Назарбаев зияткерлік мектебі. Ағылшын лигасы «Future Leaders» командасы N107 Ю. Сареми атындағы мектеп-лицейі. 2020 жылы 14 мамыр күні сағат 17.00 де ZOOM платформасында Шымкент қаласы Әдістемелік орталығы «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру» бөлімінің ұйымдастыруымен «Ұшқыр ой ...

Толығырақ »

КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ

Бүгін «ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында тікелей эфирде  Шымкент қаласы Мемлекеттік сатып алу басқармасының бөлім басшысы Сариев Бахыт онлайн сұхбат берді. Сұхбат барысында төтенше жағдайдағы мемлекеттік сатып алу мәселелері жайында сөз қозғалды. Мемлекеттік сатып алу 3 тәсілмен жүзеге асырылады. Бір көзден алу тәсілі, одан әрі қарай конкурс тәсілі, кейінгі ұсынысын сұрату арқылы жүзеге асырылады. Арнайы тәртіптің негізгі ерекшелігі әлеуметтік өндірушілерге арнайы жеңілдіктер ...

Толығырақ »

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Қайырымдылық акциясы Келес пен Сайрам ауданында жалғасын тапты, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Келес аудандық полиция бөлімінің басшысы полиция полковнигі Болат Қаныбековтің ұйымдастыруымен аудандық полиция қызметкерлері «Nur Otan» партиясының «BIZBIRGEMIZ» республикалық акциясы аясында «Ауыз ашар» челленджіне үн қосып, аудандағы 11 отбасына бірінші кезектегі азық-түлік себетімен таратып, қамқорлық жасады. Ішкі істер бөлімі басшысының орынбасары Саттар Отыншиев пен ...

Толығырақ »

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ — ЖАҢА БЕЛЕС, ЖАҢА ШЫҢ!

Қазіргі таңда, әр күнге жаңаша көзқараспен қарауға дайын болуды мақсат етіп қойдық. Өйткені әлем күн сайын жаңаруда, күнде тосыннан келетін жаңалықтарға, тосыннан болатын оқиғаларға бейімделу де асқан сабырлықты талап етеді. Еліміздегі мегаполистердің карантинге жабылуы, жұмыстың тоқтауы, қоғамдық шаралардың кейінге шегерілуі – бәрі біздер үшін күтпеген жаңалық. Ал, ең үлкен өзгеріс – мектептердің қашықтықтан оқытуға көшуі. Бұл – заман талабы. Ақпараттандырылған ғасырда ...

Толығырақ »

ЕЛТАЙДА СУ ТАСҚЫНЫНАН ҚАТТЫ ЗАҚЫМДАНҒАН ҮЙЛЕР ЖОҚ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен табиғи апаттың салдарын жою және алдын-алу жұмыстары бойынша жиын болып өтті. Отырыста қалалық Төтенше жағдай департаментінің бастығы Нұрболат Дербісов жауын-шашын салдарынан таудан келген судан Елтай тұрғын алабында жарамсыз хәлге түскен үйлер жоқ екенін мәлім етті, деп жазады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Оның айтуынша, тасқын су 38 үйді зақымдаған. Алайда, ол ...

Толығырақ »

ҚАЙТҚАН МАЛДЫҢ ҚАЙЫРЫ БАР

Түркістан облысы полицейлері жайылымнан сиыр жымқырып жүрген жас жігіттерді ұстады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Шардара АПБ-не жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша жайылымға шығарған 3 бас сиыры, кешкісін қайта келмеген. 1 күн бойы өздері іздеп таба алмаған соң, аудандық полиция бөліміне хабарлаған. Аталмыш дерек Шардара АПБ-не тіркелді. Тұрғынға келтірілген шығын көлемі 700 000-ге жуық теңгені ...

Толығырақ »

ОТБАСЫ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

ҚҰРМЕТТІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ! Сіздерді 15-мамыр отбасы күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Отбасы құндылықтарын насихаттау біздің еліміздің басты міндеттерінің бірі. Отан — отбасынан басталады. Отанға деген құрмет пен махаббаттың бастауы — отбасыда. Ақын Қасым Аманжоловтың сөзімен айтсам, елін сүйер, сеніңіз, өз отбасын сүйе алған. Үйлесім мен ынтымақ, махаббат пен сыйластық әр отбасының ажырамас тірегі. Осындай ізгілікке үндейтін айтулы күні әрқайсысыңыздың шаңырағыңызға ...

Толығырақ »

ӨТІНІШТЕРДІ ҚАЙТА ҚАБЫЛДАУ АЯҚТАЛДЫ

Елімізде төтенше жағдай режимінің тоқтатылуына байланысты 2020 жылғы 11 мамыр күні сағат 18.00-ден бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан табысынан айырылғандарға төленетін 42 500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлем тағайындауға жаңадан өтініштерді қабылдау аяқталды. Бұдан бұлай жоғарыда көрсетілген мерзімге дейін келіп түскен барлық өтініштер белгіленген тәртіппен қаралатын болады. Сонымен бірге өтініш МӘСҚ төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты төлемдер тағайындау қағидаларында көрсетілген шарттарға ...

Толығырақ »

МАС ХАЛДЕ КӨЛІК БАСҚАРҒАН АЗАМАТТЫ АНЫҚТАДЫ

Түлкібас ауданы полицейлері мас халде көлік басқарған жүргізушіні анықтады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Елімізде енгізілген карантинге байланысты күшейтілген кезекті жұмыс күнінің бірінде, Түлкібас АПБ-не ЖПҚ учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Қалмұрат Кендирбаевтан хабарлама келіп түсті. Оның айтуынша сағат кешкі 17:40-тар шамасында Жабағылы ауылында рейдтік іс-шара жүргізіп, қызмет атқару барысында «Volkswagen» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде ...

Толығырақ »

ТҮРІК ТЕХНОЛОГИЯСЫМЕН САПАЛЫ ҰН ӨНДІРУДЕ

Ордабасы ауданының әкімі алдымен ауданына қарасты Бөржар елді мекенінде орналасқан «Green town south» ЖШС, «Александровский сад» ЖШС-нің жұмысымен толықтай танысты. «Green town south» ЖШС-қарқынды технологияны қолдану әдісімен бау егу арқылы жылына — 1000 тн «Голден Делишес», «Роял Гала» алма өнімдерін өндіре отырып, 18 адамды жұмыспен қамтып отыр. «Александровский сад» ЖШС — 17 гектар жерге жаңа технологиямен тамшылатып суару әдісі және ...

Толығырақ »

ӘСКЕРИ САРБАЗДАР ЕРЛІГІ

Техногендік апаттың салдарын жою, тілсіз жаумен күрес – бұл Мақтаарал ауданында техногендік апат салдарын жоюға келген әскерилердің күнделікті өмірі. Оңтүстікке көмекке келген ұзынағаштық 28237 әскери бөлімінің жедел механизацияланған отряд сарбаздары 10 мамыр күні Жеңіс елдімекенінде газ құрылғысымен жабдықталған Мерседес автокөлігінен өрт шыққанын байқайды. Оқиға орнына жедел барған әскери қызметшілер автокөліктегі өртті сөндіріп, көлік иесіне көмектеседі. Шұғыл әрекеттің арқасында көлік иесіне зақым ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: 130 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасы аясында Жетісай, Мақтаарал аудандарындағы жолдарды жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде. Аудан әкімдіктері тарапынан жөндеуден өтіп жатқан аудандық маңызы бар жолдар мен елдімекен көшелерін қоспағанда жалпы ұзындығы 70 шақырым республикалық, 59,4 шақырым облыстық маңызы бар жолдар күрделі және орташа жөндеуден өтуде, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . Оның ішінде, Жетісай ауданында ...

Толығырақ »

ӘКЕ КӨРГЕН ОҚ ЖОНАР…

Ата-бабамыз салып кеткен сара жолды таңдап, өскелең ұрпақты салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызға сай тәрбиелесек, ұтарымыз мол. Ұлттық сана біздің идеологиямыздың және қазіргі қоғам дамуының негізі болып табылады. Ұрпақтарар асындағы үйлесімділікті одан әрі нығайтудың жалпы идеологиясы – мемлекеттің ішкі саяси тұрақтылығын, азаматтық татулықты, қоғамдық және ұлтаралық келісімді одан әрі дамыту жолы. Ұлттық ерекшелігімізді бойына сіңірген, елге үлгі боларлық ұрпақ өсіруге тырысу – ...

Толығырақ »

МАҚТААРАЛ: ӘСКЕРИ САРБАЗДАР ЕРЛІГІ

Техногендік апаттың салдарын жою, тілсіз жаумен күрес – бұл Мақтаарал ауданында техногендік апат салдарын жоюға келген әскерилердің күнделікті өмірі. Оңтүстікке көмекке келген ұзынағаштық 28237 әскери бөлімінің жедел механизацияланған отряд сарбаздары 10 мамыр күні Жеңіс елдімекенінде газ құрылғысымен жабдықталған Мерседес автокөлігінен өрт шыққанын байқайды.Оқиға орнына жедел барған әскери қызметшілер автокөліктегі өртті сөндіріп, көлік иесіне көмектеседі. Шұғыл әрекеттің арқасында көлік иесіне зақым ...

Толығырақ »