Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

Ежедневные архивы: 16.05.2020

АУА-РАЙЫ ӨЗГЕРІСТЕРІНЕ НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды ауа райы өзгерістерін бақылауға шақырады. Дауылды ескерту туралы хабарламаларға назар аударып, қажетті сақтық шараларын сақтаңыз. Дауылды ескертулерде, желдің екпін күші 15-20 және тіпті 30 м/с жеткенде, әр түрлі елді мекендерде қауіпсіздік техникасы бойынша негізгі ережелерді ұстануды ұсынамыз. Шағын қалалар мен мегаполистер жағдайында дауыл мен нөсерлі дауыл кезінде да зардап шегуге болады. Терезелер! Қатты дауыл кезінде ...

Толығырақ »

ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы топан суда қалған ауылдарды дезинфекциялау жұмыстары басталды, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . Мұндағы мақсат – тасқын су шайып кеткен елдемекендерде жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау және инфекциялық індеттердің алдын алу. Сондықтан залалсыздандыру жұмыстары алдымен әжетханаларды дәрілеуден басталды. Бұл туралы облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Алдан ...

Толығырақ »

КІРЕБЕРІС КӨПІР ҚАСБЕТІ ЖАҢАРУДА

Бұл туралы бүгін Мұрат Әйтенов Instagram парақшасында хабарлады. – Шымкенттің оңтүстігінен кіреберісіндегі көпірдің қасбетін өзгерту мәселесін мамандармен талқыладым. Қалаға кіреберіс ерекше, заманауи мегаполиске кіріп келе жатқаныңды сездіретіндей болу керек деп есептеймін. Сонымен қатар, Республика даңғылындағы жөндеу жұмысының не үшін жүргізіліп жатқанын түсіндіре кетейін. Көптеген тұрғын бұл мәселеге сынмен қарауда. Байқасаңыздар, жолдың бөлу жолағының екі жағынан да арналар орнатылуда. Жауын-шашын кезінде ...

Толығырақ »

18 МАМЫРДАН БАСТАП МЕШІТТЕР АШЫЛАДЫ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша бас имамы Бақдәулет Абдрахманов және бас имамның орынбасары Мұхамеджан Естеміровтың қатысуымен онлайн-брифинг өтті. Брифинг барысында төтенше жағдай мерзімі аяқталғаннан кейін қала мешіттерінде атқарылатын шаралар мен Қасиетті Қадір кеші мен Айт мерекесін өткізу туралы, сондай-ақ құлшылық үйіне келуші азаматтарға қойылатын талаптар жайында жан-жақты ақпарат берілді. – Елімізде төтенше жағдай мерзімі аяқталып, ...

Толығырақ »

11 КАНАЛ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

Шымкент қаласында биыл ұзындағы 134,4 шақырым болатын 11 канал қайта жаңартылады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің төрағалығымен өткен аппараттың отырысында айтылды. Жиында қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков суарылатын жерлердің ирригациялық инфрақұрылымын жаңғырту мәселесі жайын баяндады. Басқарма басшысы бүгінде Шымкентте жалпы ұзындығы 241,24 шақырымды құрайтын 27 каналдың бар екенін атап өтті. Биылғы жаңаратын 11 каналдың бірі ұзындығы ...

Толығырақ »

БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ

Мақтаарал ауданындағы су басқан ауылдарда балық аулауға тыйым салынады,  деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Аудандағы топан су басқан елді мекендерде балықтың жаппай қырылуын болдырмау және оларды құтқару мақсатында сарқынды суды каналдарға қуу жұмыстары жүргізілуде. Қазірдің өзінде мамандар 8767 текше метр суды каналдарға жіберіп үлгерген. Сондай-ақ, көлшіктердегі балықтардың жарамдылығын тексеру үшін Шымкент қаласындағы сараптама орталығына 3 дана ...

Толығырақ »

БІРГЕМІЗ, МАҚТААРАЛ!

2020 жылы 2 мамырда төтенше жағдайға байланысты Түркістан облысы Мақтаарал ауданының Жамбыл ауылдық округі, №36 жалпы орта мектеп базасында Түркістан облысы әкімдігі және «Нұр Отан» партиясының қолдауымен, жастар мен еріктілердің бастамасы негізінде «Біргеміз, Мақтаарал!» еріктілер штабы құрылды. Еріктілер штабына Түркістан облысы Жастар ресурстық орталығы директоры Амалбек Өміртай жетекшілік етеді. Штаб комиссиясы құрамына Мақтарал ауданы жастар ресурстық орталығы басшысы Сүндет Кенжебаев,«Jas ...

Толығырақ »

ОРАМЖАПЫРАҚ БЕЛОРУССИЯҒА ЖӨНЕЛТІЛЕДІ

Түркістан облысының шаруаларына өнімдерін экспортқа шығаруға кедергі жоқ. Күні кеше Хусейн Бабуров атты кәсіпкер жер емген дихандардан 500 тонна орамжапырақ сатып алуға келіскен. Ол алғашқы 200 т. орамжапырақты жүк көліктеріне тиеп, Белоруссияға аттандырды. Әр жүк көлігіне 20 тонна өнім сиятынын ескерсек, күніне 40-60 тонна экспортқа жіберілуде. Рефрижераторы бар жүк көліктеріне тиелген капуста араға 5 күн салып белорусь еліне жетеді. Ол ...

Толығырақ »

ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕКТЕР КЕЛУДЕ

Ауданымызда су тасқыны зардабын тартқан тұрғындарға гуманитарлық көмек келуде. Осыған орай Түркістан облысынан алғаш болып Мақтаарал мен Сайрам аудандары көмек қолын созды. Атап айтқанда, Сайрам ауданы 6 газельмен құны 7 млн теңгені құрайтын 10 тонна көмек жеткізсе, Мақтаарал ауданы өздерінің 10 тонна көмектерімен келді. Созақ ауданы әкімдігі де ауданда орын алған сел салдарынан зардап шеккен тұрғындарға 2,5 тонна азық-түлік жеткізді. ...

Толығырақ »

КӨПІРЛЕР ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Төлеби ауданы, Қасқасу елді мекенінде 3 көпір екі тәуліктің ішінде қалпына келтірілді. Зақым келген тағы бір көпір қысқа уақытта реттелмек. Қазір көліктердің жүруіне ешқандай қауіп жоқ. Күні-түні жүргізілген тынымсыз жұмыстың арқасында қысқа мезгілде өткелдер толық ретке келтіріліп, ауылдардың байланысы ашылды. Елді мекендерде электр энергиясы және табиғи газбен қамту жағдайы да тұрақты. Сонымен қатар Төлеби ауданының Қасқасу, Кенесарық, Қосағаш, Екпінді, Біркөлік, Киелітас, ...

Толығырақ »