Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

Ежедневные архивы: 17.05.2020

ӨТЕМАҚЫ КАРТАЛАРЫ ТАРАТЫЛА БАСТАДЫ

Мақтаарал ауданында топан судан зардап шеккен 6128 тұрғынға үкімет резерві есебінен 100 мың теңге өтемақы төлеу үшін «Халық» банк карталары таратыла бастады. Осы мақсатта қазіргі таңда Мырзакенттегі «Гүлсара» тойханасы мен «Нұрбөбек» балабақшасында және А. Пушкин атындағы жалпы орта мектебінде сондай-ақ, Атакент кентіндегі және тағы да басқа эвакуациялық пунктерде мамандар карта үлестіру жұмыстарын бастап кетті. Ә. Усмановтың қорынан 5202 отбасыға бөлінетін ...

Толығырақ »

16 НАУҚАС САУЫҒЫП ШЫҚТЫ

Коронавирус жұқтырған тағы 16 науқас сауығып,ауруханадан шықты. Дертінен сауыққандар арасында 3 жасар бала мен 84 жастағы қария да бар. Жазылған азаматтар Түркістан және Кентау қалаларының, Ордабасы, Бәйдібек, Төлеби аудандарының тұрғындары. Барлығы да Covid-19 инфекциясын жұқтырған азаматтармен қарым-қатынаста болған. Науқастар екі аптадан астам уақыт жұқпалы аурулар бөліміндерінде ем қабылдап, сынама қорытындылары теріс нәтиже көрсетуіне байланысты үйлеріне шығарылды. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық,шағымдары жоқ. ...

Толығырақ »

ӘЛЕМНІҢ БЕДЕЛДІ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА ТҮСУДЕ

Әрбір мектеп бітіруші оқушының алдында таңдау тұрады: болашақта кім боламын, қандай мамандық иесі атанамын, қай оқу орнына түсемін дегендей сан сауалдар алаңдатады. Алайда өз таңдауын нақты таңдап, арманына еш нәрсеге алаңдамай батыл қадам жасайтындар да бар. Біздің гимназия түлектерінің арасында да ондай өзіне сенімді жастар аз емес. Бұған гимназия қабырғасында жүріп ағылшын тілін еркін меңгеріп, жан-жақты терең білім алып, өз ...

Толығырақ »

КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Қала әкімі Мұрат Әйтенов Шымкенттің оңтүстігінен кіреберісіндегі көпірдің қасбетін өзгерту мәселесін мамандармен талқылады. Сонымен қатар, Республика даңғылы бойында жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысын қарап шықты, деп жазады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Қазіргі таңда мұнда әрлеу және жарықтандыру жұмыстары жүріп жатыр. Осы жылдың сәуір айында басталған күрделі жөндеу жұмыстарына қазынадан 2 млрд 400 млн қарастырылған. Шымкент қаласының ...

Толығырақ »

СЕЛ САЛДАРЫН ЖОЮ ЖҰМЫСТАРЫН ТЕКСЕРДІ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Төлеби ауданын аралап, нөсерлі жауыннан зардап шеккен нысандарды ретке келтіру жұмыстарын тексерді. Төлеби ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланып, арнайы комиссия жұмыс істеуде. Облыс әкімінің орынбасары М.Мырзалиев төрағалық ететін төтенше жағдай бойынша штаб құрылып, су басқан елді мекендерде тиісті жұмыстарды атқару үшін 4 сектор белгіленген болатын. Әр секторға жауапты болып Қазығұрт, Ордабасы, Сайрам, ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: 77 АДАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 77 адам тіркелді (16.05.2020 жылғы сағат 23:59 — дегі мәлімет бойынша). ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 77 адамнан COVID-19 диагнозы нақтыланды: олардың 3 Атырау облысынан келген, 2 халықаралық жүк тасымалының жүргізушісі, 4 жақын қарым-қатынастағылар ретінде бақылауға алынған, 68 скрининг нәтіжесінде анықталған. Тиісінше барлығы инфекциялық стационарға жатқызылған. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ...

Толығырақ »