Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2020 » Май » 20 (страница 2)

Ежедневные архивы: 20.05.2020

ШЫМКЕНТ: 50 АДАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 50 адам тіркелді (19.05.2020 жылғы мәлімет бойынша). ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша Шымкент қаласының 50 тұрғынынан COVID-19 диагнозы нақтыланды: Оның 24-і вирусты жұқтырғандармен жақын қарым -қатынаста болған, 5-і ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған, Ал, қалған 21-інен вирус скрининг нәтижесінде анықталған. Тиісінше барлық науқас инфекциялық стационарға жатқызылған. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем ...

Толығырақ »

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ МӘСЕЛЕСІ

Бүгін «ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында тікелей эфирде  Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті ректорының міндетін атқарушы Сүгірбаева Гүлжан Дәулетбекқызы онлайн сұхбат берді. Гүлжан Дәулетбекқызы 16-наурыздан бастап ОҚМПУ қашықтықтан оқыту жүйесіне өткендігін хабарлады. Бұл жүйемен білім ордасы бұрында да қолданатындығын айта келе, қазіргі жүйеге біршама өзгерістер енгізілгенін мәлімдеді. Қашықтықтан оқуға жалпы 4000-нан астам студенттер өткен. Лекция, семинар сабақтары онлайн жүйесі бойынша zoom бағдарламасымен ...

Толығырақ »

ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы топан су шайған Өргебас пен Фирдауси ауылдарында қабырғалары шытынаған үйлер мен қора-қопсылардың материалдарын реттеу жұмыстары басталды, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Алдағы екі-үш күнде тұрғындар жаңа үйлердің іргетастарын қалауға кіріспек. Ол үшін ескі материалдардан қалып жасау жұмыстары қыза түскен. Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асановтың айтуынша, қазіргі таңда су басқан 5 ауылда түгендеу ...

Толығырақ »

ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Жыл сайынғы өзекті мәселенің бірі жазғы шомылу маусымы кезінде суайдындарында қайғылы жағдайлардың орын алуы. Мұның себебі – суда қауіпсіздік ережелерін сақтамай, белгіленбеген жерлерде шомылу. Өкінішке орай, биылғы жылдың өзінде өңірде 8 өлім оқиғасы тіркелген, олардың ішінде 2 мен 8 жас аралығындағы 6 бала бар. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы ТЖД-ң аға офицері Ораз Айтқұлов мәлімдеді. Оның ...

Толығырақ »

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСКЕ МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚОЛДАУЛАР

Бүгін «ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында тікелей эфирде  Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустиралды-инновациялық даму басқармасының басшысы Дүйсебеков Береке Талғатұлы сұхбат берді. Спикер Береке Талғатұлының айтуынша төтеше жағдай кезінде кәсіәпкерлерді қолдауға бірнеше шаралар қолға алынып, іске асырылуда. Шымкент қаласы әкімдігі және кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, дағдарысқа қарсы шаралардың жобасы әзірленіп, 10 басымдықтан тұратын антикризистік шара іске қосылған. Біріншіден,  осы дағдарыс нәтижесінде неғұрлым зардап ...

Толығырақ »

САРБАЗДАР ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

 Түркістан қаласында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес арнаулы жиынға шақырылған әскери міндеттілер жұмысы аяқталды. Естеріңізде болса, бұл шараға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов та қатысқан болатын. Қиын сәтте елмен, халықпен бірге екендіктерін көрсеткен әскерилер блок-бекеттерде тәртіпті күшейтіп, залалсыздандыру жұмыстарына атсалысты. Қалалық полиция өкілдерімен бірге мөлтек аудандарда патрульдік қызмет атқарды. Осы орайда, арнайы жиынның аяқталуымен облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ

Қазіргі таңда, Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан 2 гүлзарда абаттандыру, қайта құру жұмыстары жүргізілуде. — Д.Қонаев даңғылы мен Ғ.Иляев көшесі қиылысындағы гүлзарды көріктендіру жұмыстарының жобасы қолға алынды. Нысан аумағында газон алаңы толықтай жаңартылып, веложол, жарық шамдар және орындықтар орнатылу қаралған. Қосымша қылқан жапырақты ағаш көшеттері, декоративті гүлдер отырғызылатын болады, – дейді Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов. Сондай-ақ, Д.Қонаев даңғылы мен Түркістан ...

Толығырақ »

ШЫҒЫС МОНШАСЫ АШЫЛДЫ

Түркістанда бой көтерген тарихи сәулет үлгісіндегі шығыс моншасы ашылды. Былтыр іргетасы қаланған нысан – Қызылорда облысының Түркістанға тартуы. Тарихи қаланың келбетіне көрік беретін шығыс моншасының жалпы аумағы 3000 шаршы метрден асады, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Түркістан қаласында үздіксіз жүріп жатқан көріктендіру, абаттандыру, құрылыс жұмыстары облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевтің тікелей бақылауында. Аймақ басшысы бүгін шаһардағы ...

Толығырақ »

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Түркістан облысы полицейлері тарапынан қайырымдылық шаралары әлі де өз жалғасын табуда, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Келес АПБ Кадр саясаты тобының қызметкерлері қасиетті Рамазан айында және 15 мамыр «Халықаралық отбасы күні» мерекесі күніне орай ауданның үлгілі отбасыларының бірі әрі көпбалалы ананың үйіне арнайы барып, қайырымдылық жасады. Отбасы мүшелерінің хал-жағдайларын біліп, сый-сыяпаттарын табыстады. Өз кезегінде, отбасының аяулы ...

Толығырақ »

НЕСИЕ АЛЫП ЖҮРГЕН ЖАС ЖІГІТТІ АНЫҚТАДЫ

Түркістан облысының полицейлері сыныптасының атынан онлайн несие алып жүрген жас жігітті   анықтады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Түлкібас АПБ-не жергілікті тұрғыннан арыз түскен. Жәбірленуші жас жігіттің айтуынша, Алматыдағы сыныптасы оның атынан банкомат карточкасының реквизитін пайдалана отырып, алаяқтық жолмен 2 рет онлайн несие алған. Келтірілген шығын көлемі 75 000 теңге. Полиция бөліміне осындай арызбен тағы бір жас ...

Толығырақ »

ӨЗ ҮЙІНДЕ ҚАРАСОРА ЕККЕН

Түркістан облысы полицейлері есірткі сатқан және қарасора еккен тұрғындарды ұстады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Түркістандық полиция қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымын жедел-іздестіру және алдын алу іс-шаралары аясында бірқатар қылмыстарды ашып, есірткі сатқан, сора еккен күдіктілерді құрықтады. Мысалы, ағымдағы жылдың мамыр айында Түлкібас ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі өз үйінде құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсірумен ...

Толығырақ »

ТАБИҒИ ГАЗДЫ ТЕГІН ҚОСТЫ

Түркістан қаласы, Отырар мөлтек ауданында көп балалы ана мен тұрмысы төмен екі отбасыға көмек ретінде көгілдір отын толығымен тегін өткізілді. Игі істі Қасиетті Рамазан айында облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы мен «КазТрансГаз» АҚ-ы жүзеге асырды. Ортақ газ құбыры үйлеріне келіп тұрса да, қаржы қол байлау болған олар бірер уақыттан бері газға қосыла алмай келген. Жалпы, шаһардың экологиялық ...

Толығырақ »

ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Бүгін таңертең Абай ауданы бойынша жұмыс істеп тұрған 9 базарға дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Одан бөлек, банктерді де санитарлық тазалау барысы іске асырылды. Еліміздегі төтенше жағдай кезіндегі негізгі талаптың бірі бұл санитарлық нормаларды сақтау, дезинфекция жұмыстарын тұрақты жүргізу.  Осы орайда, тек жеке азаматтар ғана емес, қала көшелері мен ірі ғимараттардың санитарлық талапты сақтауы басты назарда екені белгілі. Карантин кезінде тұрғын үйдің ...

Толығырақ »

БҰҒАТТАУ БЕКЕТТЕРІНДЕ ТАЛАПТАР САҚТАЛҒАН

Шымкент қаласында карантин режиміне сәйкес, блок — бекеттер жұмысын жалғастыруда. Блок-бекеттің жұмысы туралы Шымкент қаласы Жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы, полиция капитаны Төлеген Боранбаев мәлім етті. – Елімізде 11 мамырда төтенше жағдай аяқталғанымен 25 мамырға дейін қала аумағында карантин режимі жалғасады. Осыған байланысты, Шымкент қаласына кіретін және шығатын жолдарда жалпы 18 бұғаттау бекеттерінде жұмылдырылған қызметкерлер қаланың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына ...

Толығырақ »

ҚАЛАДА ОРНАЛАСҚАН ДҮҢГІРШЕКТЕР ЗАҢДЫ МА?

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында заңсыз орналасқан дүңгіршектер орнынан алынуы тиіс, деп жазады Әл-Фараби ауданы әкімдігіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпарат агенттігі. – Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43 бабы 10-тармағына сәйкес жер учаскесінің нақты (белгілі бір жердегі) шекарасы белгіленгенге дейінгі жер учаскесін пайдалануға жол берілмейді. Төменде көрсетілген заңсыз орнатылған, сондай-ақ, нысаналы мақсатында сай келмейтін нысандардың иелері дүңгіршектерді өздері алуларын сұраймыз. Аталған ...

Толығырақ »