Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

Ежедневные архивы: 23.05.2020

ОНЛАЙН ФОРМАТТАҒЫ «СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ»

Ағымдағы жылғы 25 мамырда барлық өңірлеріндегі білім мекемелерінде соңғы қоңырау соғылады. Биылғы жылдың ерекшелігі елдегі жағдайға байланысты, онлайн арқылы қашықтан білім алып, алғаш рет мемлекеттік емтихансыз 25 мамыр күні жылдық қорытындымен 9 және 11 сынып оқушылары мемлекеттік аттестатқа ие болды. 2019-2020 оқу жылының қорытындысымен Үшінші Мегаполистегі 172 орта мектебін 222 037 оқушы аяқтап, 8 885 мектеп бітіруші түлектер үшін де ...

Толығырақ »

АУА ТАЗАРТҚЫШ ҚҰРЫЛҒЫ ТАРТУ ЕТІЛДІ

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясымен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне ауа тазартқыш құрылғысы тарту етілді. Сыйлықтарды ақ халаттыларға «ZEPTER International» компаниясының қызметкерлері жеткізіп берді, деп жазады Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz  ақпараттық агенттігі. Қайырымдылық шара коронавирус инфекциясы пандемиясына қарсы күресте аянбай еңбек етіп жүрген медициналық қызметкерлерін қолдауға бағытталған. Игі іс шараға мұрындық болған компания атынан қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасы, ...

Толығырақ »

20 ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған Мырзакенттегі жаңа шағын ауданнан белгілі меценат Болат Назарбаевтың «Салиқалы ұрпақ» қоры 20 үйдің құрылысын бастап кетті. Бүгінде құрылыс алаңында дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Жуырда іргетасы қаланып, үйдің қабырғасы көтеріледі, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. «Салиқалы ұрпақ» қорының ресми өкілі Нұрлан Байымбетовтің айтуынша, 20 үйдің құрылысы ағымдағы жылдың ...

Толығырақ »

БІРНЕШЕ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАН ЖАБЫЛДЫ

Түркістан облысында коронавирус инфекциясын 282 адам жұқтырған. Төтенше жағдайдың аяқталғаны қауіптің сейілгенін білдірмейді. Өкінішке орай, өңірде карантин талаптарының өрескел бұзылып жатқаны анықталып отыр. Пандемияға қарсы сақтық шараларының сақталмауы Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Н.Нышановтың облыс орталығындағы бірқатар әлеуметтік маңызды нысандарды аралауы барысында анықталды. Кейбірінде «Карантин іс-шараларын өзгерту туралы» жарияланған қаулы талаптары қадағаланбаған. Мәселен, қаулыға сәйкес, қоғамдық тамақтану орындарына тамақ ...

Толығырақ »

ТАЛДЫҚОРҒАННАН КӨМЕК КЕЛІП ЖЕТТІ

Бүгін Мақтаарал ауданына Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығының Талдықорған облыстық филиалы атынан гуманитарлық көмек келіп жетті. Керуен жүгі Атакенттегі арнайы қоймаға орналастырылды. Алдағы уақытта тасқыннан зардап шеккен отбасыларға үлестірілетін болады. Талдықорғандық топты бастап келген Алматы облысы ұйғыр этномәдени орталығының Талдықорған қаласындағы өкілі Нурум Ивуллаев. Керуен 7 тоннаға жуық 140 түрлі азық-түлік жиынтығын ала келген. Сондай-ақ, делегация мүшесі, ұйғыр мәдени орталығының ...

Толығырақ »

БІР МЫҢ ДОЛЛАРЛЫҚ ӨТЕМАҚЫ ТАРАТЫЛУДА

Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға Ә.Усманов қорынан 5 млн 202 мың АҚШ доллары 5202 жанұяның (30 420 адам) есепшоттарына аударылады. Бүгінде бұл қаржыны 1308 отбасы алып үлгерді. Тұрғындарға бүгінгі таңда 4638 банк картасының 90 пайызы таратылды. Қалған отбасыларға қаржы алдағы уақытта аударылатын болады. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаевпен өткен тікелей эфирде ...

Толығырақ »

ҚАЛААРАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ШЫҒАРЫЛМАЙДЫ

2020 жылдың 22 мамырында карантиндік режимге қарамастан жолаушыларды жинап Түркістан қаласынан Алматы қаласына заңсыз сапарға шыққан автобусқа Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыруымен тосқауыл қойылып, құзырлы органдармен тиісті шара көрілді. Сондықтан басқарма мамандары карантиндік режимді бұзбауға шақырады. Айта кетерлігі, жолаушылар тасымалы қызметін жалғастырып жатқан көліктер облыс аумағынан шығарылмайды. Ол үшін Сауран және Шақпақ блок-бекеттерінде тосқауыл қойылған. Ескеретін ...

Толығырақ »

ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУ – ҚАЙЫРЫМДЫ ҚОҒАМНЫҢ ҚАҒИДАСЫ

ҚР Кәсіподақтар Федерациясы жанындағы «KEA» (Kazakhstan En’bek adamy) корпоративтік қорының ұйымдастыруымен «Транстелеком» АҚ демеушілігімен және «Keleshek» жастар кеңесінің қолдауымен «QAMQOR QAZAQSTAN» әлеуметтік жобасы бастау алды. Аталған жоба аясында Шымкент қаласының «Keleshek» жастары және «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің қызметкерлері қаламыздағы 12 отбасыға азық-түлік үлестіріп берді. Акция аясында көп балалы отбасылардың, жалғыз ілікті аналардың тізімі жасақталып, мұқтаж жандарға бірінші ...

Толығырақ »

АРБАУШЫҒА АРБАЛЫП, АДАСПАЙЫҚ

Бүгінде елімізде түрлі псевдодіни ағымдар мен секталар жұмыс істеп жатқаны шындық. Олардың барлығының басты мақсаты – қалайда өздері секілді адасушылардың санын көбейту. Қарапайым адамдарды өз қатарына тартуға машықтанғандарды топтастырған түрде арбаушылар деп атауға болады. Олардың басты ерекшелігі адамның психо-физиологиялық болмысын жақсы меңгергендігінде. Осы білімдерін теріс мақсатта пайдаланып, кісінің әлсіз тұстарын, не нәрседен әсерленетінін анықтайды. Нысанаға алынған адамның жандүниесіне бойлай еніп, оны кереғар сенімгекіргізудің сан түрлі тәсілдерін қолданады. Арбаушылар жеке бір адамды жолдантайдыруда алдына жақын және алыс (түпкі) мақсаттарды белгілеп алады. Сөйтіп, оған жетудің орайы келгенде өз ойын табиғи немесе кездейсоқ жағдайға ұқсатып жүзеге асырады. Арбаушының бұл әрекеті жоспарланған іс емес, өмірдің ағымы болып жатқандай көрінеді. Арбаушылардың мынадай ерекшеліктерін бөліп көрсетуге болады: 1. Адамдармен өте көркем түрде сөйлесіп, жылы да жұмсақ сөздермен оның ішкі жан-дүниесіне енугетырысады. Осылайша олар ең алдымен өзінің емес, алдына келген адамның мәселесін маңызды етіпкөрсетуге тырысып, ...

Толығырақ »

ДІНИ ФАНАТИЗМ – ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ БАСТАУЫ

Діни фанатизм – бeлгілі бір діни қағидаларға  баc ұрып, coған тәуeлді бoлуды білдірeді. Неміс философы Карл Яcпeрcтің пікіріншe, фанат дeгeніміз өзін қандай да бір міндeткe арнаған жәнe көзі oдан баcқа eштeңeні көрмeйтін жан. Oл өз мақcатына жeту үшін бeйcаналы түрдe қoлында бардың бәрімeн тәуeкeл eтугe даяр. Қазақ халқы дінге деген байыпты ұстанымымен ерекшеленген халық. Біздің ұстанған жолымызда дін мен салт-сана ...

Толығырақ »

НЕКЕНІ ОЙЫНШЫҚҚА АЙНАЛДЫРҒАН БА?

Неке – араб тіліндегі никах сөзінен шыққан. Шариғаттағы мағынасы: үйлену, үй болу және отау тігу деген мағыналарды білдіреді. Дініміз исламда некенің үкімі бекітілген сүннет амалдардың бірі. Құран Кәрімде Алла тағала: «Біз әр нәрсені жұп қылып жараттық» (Зарият сүресі 49 аят.) – деп, Жаратқан Алла барлық нәрсені жұп қылып жаратқандығын білдірген. Жалғыздық тек Құдайға ғана жарасқан. Сондықтан кәмелет жасына толған әр бір ...

Толығырақ »

М.БЕСБАЕВ: ЕЛДЕГІ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ САҚТАУДА ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ҮЛЕСІ КӨП

Шымкент қаласындағы діни ахуалдың жай-күйі туралы қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Мәди Бесбаев «Kazislam.kz» порталына сұхбат берген еді. – Мәди Әбзелбекұлы, Шымкенттің діни ахуалына берер бағаңыз қандай? – Бүгінгі жағдайда Шымкент қаласында діни ахуал тұрақты. Қала аумағында 11 конфессияға жататын 31 діни бірлестік және олардың 1 филиалы жұмыс жасайды. Ал исламдық бағыттағы Қазақстан ...

Толығырақ »

ТӘРБИЕ ТАМЫРЫ – ОТБАСЫНАН

Адамзат тарихында мәдениет қалыптастырып, мемлекет құра алмаған халықтар болған, бірақ, сенімсіз, дінсіз және ғибадатханасыз мемлекет болмаған. Дін адамды адастырмайтын шамшырақ, құндылықтарды қасиеттеп, құрметтеуге үйрететін үлгі мектебі. Халықтың мәдениетінің, рухани әлемінің негізі. Дін мәселесі — өзекті тақырып. Қазіргі таңда дінді саяси құрал немесе қаржы көзі ретінде пайдаланушылардың қарасы көбейіп, өз мүдделері үшін жұмыс жасауда. Жастарымыз дәстүрлі емес жат діндердің соңына көзсіз ...

Толығырақ »

«ЖУСАН» ОПЕРАЦИЯСЫ ЖӘНЕ 15 ЖАСАР ҚЫЗДЫҢ ӨКІНІШІ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Сириядағы соғыс аймағынан отандастарымызды елге қайтаруға бағытталған «Жусан» арнайы гуманитарлық  ауқымды бағдарламасы жүзеге асырылып, нәтижелі аяқталды. Қазақстанның мемлекеттік құрылымдарының жүйелі жұмыстарының және шетелдік серіктестермен тығыз ықпалдастықтың арқасында қақтығыс аймағынан қазақ азаматтары қайтарылды. Қазақстанға оралған соң, олар психологиялық және теологиялық оңалту шараларынан өтіп, барлық қажетті көмек алатын арнайы бейімдеу орталығына орналастырылды. ...

Толығырақ »

ЖАСТАРДЫҢ ЖАТ АҒЫМҒА АРБАЛУЫНЫҢ СЕБЕБІ НЕДЕ?

Бүгінгі таңда еліміздің болашағы жастар, түрлі себептермен жат діни ағымның жетегінде кеткені әмбеге аян. Салдарынан қаншама отбасылардың шырқы бұзылып, шаңырақтары шайқалып, берекесі қашуда. Кейбір отбасылардың отағасы білімсіздіктің салдарынан сезімнің сергелдеңіне түсіп, темір торға тоғытылса,бесік тербетіп үйінде отыруы тиіс нәзік жандылар, нағыз ислами өмір сонда деп, үй-жайын, бала-шағасын, елін тастап, шекара асып, қиырдағы шет мемлекеттерге кетті. Қаншама ата-ана ұл, қызынан айрылып, ...

Толығырақ »

СОТТАЛҒАН АЗАМАТТЫҢ ҚАТЕЛІГІ МЕН ӨКІНІШІ

Жаратушы Алла адамға соншалықты ақыл берсе де адам осы ақылы арқылы Ұранға, Исламға, ақиқатқа ермесе шайтан оған жасырын әрі ақырындап жақындайды. Адамға түрлі ой салып, негізсіз қорқынышты санасына салып, жүрегін жаулап алады. Мұндай жағдайда не істеп, не қою керектігі жөнінде бұрыс шешімдер қабылдайды. Біз осылай істеген адамды аяғы тайды дейміз. Абақтыдағы адамдардың жалпы рухани жағдайымен етене таныс болғандықтан, қылмыс жасағандардың ...

Толығырақ »

ДІНАРАЛЫҚ ҮНДЕСТІКТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

Шымкент қаласында ақпараттық-түсіндіру топтарының (АТТ) мүшелері қызметін ақпараттық сүйемелдеу және жұртшылыққа кеңінен таныту, олардың жүргізіп отырған жұмыстарына тұрғындардың сенімін арттыру мақсатында өңірлік БАҚ-тардың әлеуеті мен мүмкіндіктерін кеңінен  пайдаланып отыр. Атап айтқанда; -теледидар мен радиода беделді теологтардың, дінтанушы-ғалымдардың, дін өкілдерінің, мемлекеттік және күштік құрылымдар өкілдерінің сөз алуына арналған алаңдар ұйымдастырылуда; — интернет желісіндегі сайтта, әлеуметтік желілерде ақпараттық-түсіндіру топтарының беделді мүшелерінің сұхбаттары, ...

Толығырақ »

ДІН САЛАСЫ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласында ақпараттық-түсіндіру топтарының (АТТ) жұмысы Дін істері комитеті тарапынан берілген әдістемелік нұсқаулыққа сәйкес жаңа бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда. Жыл басынан бері дін саласындағы АТТ тарапынан 166  кездесулер өткізіліп, 39046 адам  қамтылып отыр. АТТ тарапынан өткізілген кездесулер БАҚ құралдарында, әлеуметтік желі парақшаларында кеңінен  насихатталып жатыр. АТТ қызметін ұйымдастыру барысында қала тұрғындары мен жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде мына тақырыптарға назар ...

Толығырақ »

МАҚСАТ – ДІН САЛАСЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Шымкент қаласы, халықтың көптігімен де маңызды ірі қалалардың бірі болып есептеледі. Мұсылманшылығы да басым. Ұлттық салт-дәстүрлері де кеңінен сақталған. Қалада орналасқан мешіттер саны 105, исламдық емес діни бірлестіктердің саны 31. Олар діни бірлестіктер жөніндегі заң аясында қызмет етеді. Сонымен қатар,  түрлі мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдардың қатары да мол. 2019 жылы Шымкент қаласында ашылып, өз жұмысын бастаған «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» ...

Толығырақ »

ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛЫП КЕЛЕДІ

Дін бүгінгі күндегі қоғамдық өмірде маңызды рөлге ие және бұл факт заманауи әлемнің құбылмалы жағдайында өзекті бола түсуде. Елімізде діни сауаттың төмендігінен, әсіресе, жұмыссыз жастар, әлеуметтік тұрмысы төмен топтардың өкілдері, ауыл тұрғындары, шағын мешіттерге келушілер, дәстүрлі емес дін өкілдерінің тұрғылықты жері, жұмыс орны бойынша қоршаған әлеуметтік ортасының ықпалынан түрлі діни ағымдардың қатарын толықтырып отыр.  Сондықтан да азаматтардың діни сауатын көтеру ...

Толығырақ »