Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

Ежедневные архивы: 06.06.2020

ҚАЖЕТТІ ШАРАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРДЫ

Маусым айының 3 күні Арыс қаласының тұрғыны тонау жайты бойынша Арыс АПБ-не арызданады. Жәбірленушінің айтуынша, ол орталық базардағы дүкенін ашып, ішін тазалап жатқанында белгісіз азамат дүкен сыртында тұрған 7 дана әмияны мен 1 үлкен қол сөмкесін көзінше тонап кеткен. Аталған жайт Арыс АПБ-нің СДТТБТ-не ҚР ҚК-нің 191-бабы «Тонау» бабымен тіркеуге алынды. Қылмысты ашу үшін полиция бөлімінен жедел-тергеу тобы құрылып, оқиға ...

Толығырақ »

СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

Облыс орталығындағы барлық басқарма қызметкерлері бір кісідей ат салысқан сенбілік — Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай ұйымдастырылған. Мемлекеттік қызметкерлер қала көшелерін күл-қоқыстан тазалап, ағаш түптерін әктеді. Демалыс аймақтарының айналасында  абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Игі шараға ұйытқы болған Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен «Жасыл аймақ» мекемесі және Түркістан облысы бойынша Экология департаменті. Жыл сайын қоршаған ортаны ...

Толығырақ »

БІРНЕШЕ ҮЙ ШАТЫРСЫЗ ҚАЛДЫ

Түркістан облысы Арыс қаласында 5 маусым күні екпіні қатты жел болып, тұрғындарға қауіп төндірді. Секундына 20 метр жылдамдықпен соққан желдің салдарынан Байтоғай ауылындағы жалпы ауданы 653 шаршы метрді құрайтын 14 ғимарат шатырсыз қалды. Олардың қатарында жеке тұрғын үй мен кәсіпкерлік нысандары да бар. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті оқиғадан зардап шеккендер мен адам шығыны болмағанын ресми түрде мәлімдеді. Сала мамандары осыған ...

Толығырақ »

ЗАҢСЫЗ МИТИНГІЛЕРГЕ ҚАТЫСУШЫЛАР ҚАТАҢ ЖАЗАЛАНАДЫ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласындағы COVID-19 инфекциясының 2020 жылдың 5 маусым күні болған эпидемиологиялық жағдайы бойынша брифинг өтті. Брифингке Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Әбдіманап Төлебаев және департамент басшысының орынбасары Ғалымжан Әбішев қатысты. Брифинг барысында бас санитарлық дәрігер Шымкентте індеттің таралуы азайып жатқан жоқ, ал жаппай шаралар қайтадан инфекцияға әкелуі мүмкін деп атап өтті. Оның ...

Толығырақ »

АБАЙЛАЙЫҚ, АРАНДАП ҚАЛМАЙЫҚ!

Әлеуметтік желілерде бүлік шығарып, бос шеруге митингке айдап салып, жан-жақтан жалған ақпараттар ұрандатылып жатқаны заңға қайшы орынсыз әрекеттер. Ел тыныштығына сына қаққысы келетіндердің қақпанына түсіп қалмаңыздар. Елімізде 6 маусымынан яғни ертеңнен бастап «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» жаңа Заң қолданысқа енгізіледі. Бір ескерерлігі, Денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылғы 4 маусымда үндеу таратып, онда карантин кезеңінде елде ...

Толығырақ »

ТІРКЕЛГЕН ОҚИҒАЛАР ӘЛІ ЖАЛҒАСУДА

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласындағы COVID-19 инфекциясының 2020 жылдың 5 маусым күні болған эпидемиологиялық жағдайы бойынша брифинг өтті. Брифингке Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Әбдіманап Төлебаев және департамент басшысының орынбасары Ғалымжан Әбішев қатысты. Департамент басшысының айтуынша, Шымкент қаласында 2020 жылдың 24 наурызы мен 4 маусымы аралығында 962 COVID-19 жағдайы тіркелген. Яғни, сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың ...

Толығырақ »

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ЖАҢАРТЫЛЫП, ЖАҢА АЯЛДАМАЛАР САЛЫНАДЫ

Шымкентте қоғамдық көлік жаңа автобустармен толығып, аялдамалар салынады. Бұл туралы БАҚ өкілдерімен өткізген баспасөз турында мәлім болды. Жуырда Шымкентте қоғамдық көлік сапасын жақсарту мақсатында жаңа жүйе қабылданды. Соның нәтижесінде көлік саласындағы түйткілді мәселелер рет-ретімен шешімін таппақ. – Төлем карталары тамыз айынан бастап, 500 теңгеден сауда орталықтары мен дүкендерде сатыла бастайды. Қаламызға жыл аяғына дейін 590 автобус әкелінеді деп жоспарланып отыр. ...

Толығырақ »

ТЕҢДЕСІ ЖОҚ МҰНАЙ ӨНІМДЕРІ ӨНДІРІЛЕДІ

Түркістан облысында Евро-5 стандартына сай отандық өнім, АИ-92 маркалы бензин, дизель жанармайы мен бензол, толуол, ксилол және үлгілі мазут өнімдері шығарылады. Бірегей жобаның ерекшелігі — бұл өнімдер көмірден өндіріледі. Әлемде теңдесі жоқ жобамен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы танысып қайтты. Ордабасы ауданы, Бадам ауыл округіндегі «Стандарт Ресурсис» ЖШС көмір-химиялық комбинаты жылына 30 мың тоннаға дейін шикізат өндіруге қауқарлы. 1,5 млрд. ...

Толығырақ »

ГАЗДАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

Қазығұрт ауданында елді мекендерді табиғи газбен қамту жұмыстары қарқын алуда. «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының бекітілген жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 17 ақпанында облыс көлемінде табиғи газбен қамтылу бағытында атқарылып отырған жұмыстар бойынша мәжіліс өткізіліп, тиісті қаулы қабылданған болатын. Осы орайда Қазығұрт ауданының «Қақпақ» АГТС-не қарасты барлық елді мекендерді ҚР Энергетика министрлігімен бекітілген жол картаға сәйкес ...

Толығырақ »