Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

Ежедневные архивы: 11.06.2020

ТӘРТІП ПЕН ТАЛАПҚА БАҒЫНҒАН ЖӨН

2020 жылдың 7 маусымында Шымкент қаласының аумағында карантин және шектеу шараларын ұзарту туралы, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №20 коронавирусты инфекциясымен сырқаттанушылықтың Шымкент қаласында өсуіне байланысты, өңірлік комиссияның шешімі мен қаулысы шықты. Бұл ретте Шымкент қаласының аумағында 2020 жылы 8 маусымынан бастап 2020 жылдың 22 маусымына дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылды. Осы орайда мамандар тарапынан COVID-19 індетінің тұрғындар ...

Толығырақ »

КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкентке жұмыс сапарымен келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов және қала әкімі Мұрат Әйтенов күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан перзентханаға арнайы барды. Қазіргі уақытта 2 корпуста жөндеу жұмыстары аяқталған. Алда мекеменің 6 корпусында жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан «Строи.ком Прогресс» компаниясы қазан айында перзентхананы қолданысқа беруді жоспарлап отыр. Қазіргі кезде жүкті әйелдер қалалық перзентхананың ескі ғимаратында қажетті ...

Толығырақ »

СЫРА ӨНІМІН ШЕТЕЛГЕ ШЫҒАРУДА

Шымкент сырасы өз өнімін шетелге шығаруда. Бұл туралы қаладағы кәсіпкерлікті қолдау мақсатында шаһар басшысы Мұрат Әйтенов «Шымкент сыра» зауытын аралау барысында мәлім болды. Сыра зауытының аумағы 9 гектар. Жылына 2 миллион гига литрге жуық өнім шығарады. Бүгінгі таңда өндіріс қуаттылығы жоғары, сапалы өнім беретін отандық ірі кәсіпорын ретінде көш бастап тұр. «Шымкент сыра өндіру зауыты» ЖШС-ның атқарушы директоры Наталья Антонова ...

Толығырақ »

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 590 ЖАҢА АВТОБУС ӘКЕЛІНЕДІ

Көлік картасының бағасы – 500 теңге. Карталардың 4 түрі бар – жалпы пайдаланатын карта, оқушылардың картасы, студенттік карта және тегін жүру картасы. «QazSmartTrans» ЖШС-гі тарапынан көлік картасы Ұлы Отан Соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне (Ерен еңбегі үшін медалімен марапатталғандар) Батыр ана, Алтын алқа, Күміс алқа төс белгілерімен марапатталғандарға және І — топтағы зағип жандарға тегін таратылады. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық ...

Толығырақ »

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЕСКЕРТУ БЕРІЛДІ

Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Қаратау аудандық басқармасы мен аудандық әкімдіктің, жергілікті полиция басқармасының және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Нұрсәт» шағынауданындағы сауда және қызмет көрсету нысандарына кезекті мониторинг жүргізілді. Тексеру барысында нысандарда маскалық режимнің сақталуы, санитайзерлер мен дезинфекциялық кілемшелермен жабдықталуы, келушілер арасындағы арақашықтықтың сақталуы, қызметкерлердің санитариялық талапқа сай қызмет көрсетуі назарға алынды. Сондай-ақ мамандар келушілер ...

Толығырақ »

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК САЛАСЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

Қалада қоғамдық көлік саласының жұмысын жақсарту мақсатында бағыттар желісі жаңартылып, жолаушылар көлігін дамытудың кешенді сызбанұсқасы әзірленуде. Биыл жыл соңына дейін Шымкентке 590 жаңа автобус әкелінеді. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Абай Тұрханов мәлімдеді. Бүгінде қаланың шалғай шағынаудандарын қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мақсатында 28 әлеуметтік маршруттар қызмет көрсетуде. Қала аумағында жолаушылар көлігін ...

Толығырақ »

ҚОСЫМША АППАРАТ ОРНАТЫЛДЫ

Шымкент қаласындағы жұқпалы ауруханалар базасында ПЦР диагностикасына арналған қосымша аппарат орнатылды. Бұл үшін жергілікті төтенше жағдайға арналған бюджет есебінен 74 млн теңге бөлінген. Ауруханаға түскен науқастардан коронавирус инфекциясы бойынша жаңа қондырғы арқылы зертханалық сынама алынып, ПЦР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланады. ПЦР зертханасында тәулігіне 3 дәрігер-зертханашы, 2 зертханашы жұмыс істейді. Медицина мамандары күнделікті шамамен 150-200 талдау жасайды. Айта кетейік, ...

Толығырақ »

ҚЫЗАНАҚТЫҢ 40 ТҮРЛІ СОРТЫН ӨСІРУДЕ

Түркістан облысы, Келес ауданы, Біртілек ауылдық округінде «Нұржан» шаруа қожалығы 2011 жылдан бері жылыжай кешенімен айналысып келеді. Онда қызанақтың 40 түрлі сорты егіледі. Атап айтқанда, қызанақтың черри сортынан 10 түрі, үлкен қызыл қызанақтың 23 түрі, қызғылт сортынан 12 түрі бар. Қазіргі таңда шаруа қожалықтың іс басқарушысы Нұржан Омаров 4,5 гектар аумаққа қызанақ еккен. Одан күнделікті 15 тоннаға жуық өнім алуда. ...

Толығырақ »

ҚАРБЫЗДАР ЭКСПОРТҚА ШЫҒАРЫЛУДА

Мақтаарал ауданы – еліміздің ең күнгей аймағында орналасқан диқаншылыққа өте қолайлы аймақ. Ерте көктемнен егістікке кірісетін шаруалар бақша дақылынан алғашқы өнімін экспортқа шығарып үлгерді.  Атап айтқанда, бүгінге дейін өңірде қарбыздан 1000 тонна және қауының  20 тонна өнімі ТМД елдеріне тасымалданған. Бұл туралы Мақтаарал аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ғалым Дүйсенбеков мәлім етті. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, 1 алқаптан ...

Толығырақ »

АЛҒАШҚЫ ЕКІ ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУДА

Мақтаарал ауданындағы жаңа мөлтек ауданда алғашқы екі үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Қазір екі баспананың есік-терезелері орнатылып,  ішкі әрлеу жұмыстары алдағы бір-екі күнде толығымен аяқталмақ. Бұдан бөлек, 5 үйдің шатыры жабылып, қалған 13 үйдің қабырғалары өрілуде. Құрылыс жұмыстары бітуге таяп қалған қос үй «Нүрі-Л-Жетісай» компаниясына тиесілі.  Бүгінде аталған компанияда 130 құрылысшы мен 20 -дан астам техника тынбай жұмыс істеуде.  «Қазір құрылыс ...

Толығырақ »

КӘСІПКЕРЛІККЕ ЖОЛ АШАТЫН ЖОБА

Шымкентте «Бизнес бастау» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту басталды. Аталған жоба аясында оқыту 4 кезеңнен тұрады. Біріншісі маусым айында (онлайн оқыту 10 мамыр күні басталып кетті). Екінші кезең шілде айында, үшінші кезең тамыз айында және төртінші кезең қыркүйек айында жүргізіледі. Оқу аяқталған соң әрбір қатысушы емтихан тапсырады. Сынақты жақсы тапсырған азаматқа сертификат табысталып, мемлекеттік грантқа үміткер бола алады. Тест сынағын ...

Толығырақ »

39 259 АЗАМАТ ТҰРҒЫН ҮЙГЕ МҰҚТАЖ

Шымкентте 39 259 азамат тұрғын үйге мұқтаж. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің қатысуымен өткен жиналыста қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекция басқармасының басшысы Ғалымжан Төлепов айтты. Ғ.Төлеповтың айтуынша, жыл соңында 450 көп балалы отбасы, 394 әлеуметтік жағынан осал топтағы азамат, 300 жас баспаналы болады. Айтып өтейік, ағымдағы жылы «2-10-20» бағдарламасы бойынша 1047 аз қамтылған отбасы электронды түрде несие арқылы ...

Толығырақ »

ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕР СЫНАҚТАН ӨТТІ

Шымкентте кинологиялық құрылымдардың сертификаттық сынағы өтті. Қазақстан Республикасы ІІМ төтенше жағдай комитетінің нұсқауына сәйкес биылғы сынақтар жаңа форматта өткізілді. Алдымен әр жедел-құтқару жасағы өз бетінше кинологиялық иттерін сынақтан өткізеді. Жұмысты бағалау үшін комиссия құрылып, оның құрамында Шымкент қаласы ТЖ департаментінің және өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің тәжірибелі мамандары енді. Биылғы сынаққа екі кинологиялық топтың ламбрадор тұқымды Жасмин, Берта, Рой ...

Толығырақ »

100-ДЕН АСА АВТОКӨЛІКТІ ТІРКЕГЕН

Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу бойынша Шымкент қаласы үздік үштікті аяқтады, – деп хабарлайды Polisia.kz сайтына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. 1 маусымнан бастап еліміздің барлық аймақтарында бір уақытта Армения мемлекетінен әкелінген автокөліктерді тіркеу жұмыстары басталды. 1 маусымынан бастап еліміздің барлық аймақтарында Армения мемлекетінен әкелінген автокөліктерді тіркеу жұмыстары басталды. Алғашқы он күнде Шымкент қаласы Полиция департаменті 110 автокөлікті тіркеген. Атырау, Маңғыстау облыстарынан кейінгі ...

Толығырақ »

БАСҚАРМАДА ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ ЖАСАЛДЫ

Шымкент қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасында бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылып, 67 адам кәсіподақ мүшелігіне қабылданды. Кәсіподақ комитетінің төрағасы болып Әбдінұров Мәлік Құттымбетұлы сайланды. Басқарманың бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы М.Әбдінұров және «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов өзара келісім-шартқа қол қойса, ал мекеменің жұмыс берушісі – басқарманың ...

Толығырақ »