Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

Ежедневные архивы: 15.06.2020

ЕЖЕДНЕВНО ДЕЗИНФИЦИРУЮТ ПО 76 МАРШРУТАМ

В целях охраны жизни и здоровья населения, недопущения распространения коронавирусной инфекции в городе Шымкент проводится дважды в день дезинфекция общественного транспорта. – Согласно поручению акима города, общественный транспорт ежедневно дезинфицируется. Днем в городе регулярно проводится дезинфекция 1047 единиц общественного транспорта по 76 маршрутам на конечных остановках каждого маршрута, так же утром и вечером проводятся дезинфекционные работы на территории автобазы. Кроме ...

Толығырақ »

В ШЫМКЕНТЕ ЧИСЛО ЗАРАЗИВШИХСЯ КОРОНАВИРУСНОЙ ИНФЕКЦИЕЙ ДОСТИГЛО 1 159

В Казахстане за прошедшие сутки, по данным на 14.06.2020 года, выявлено 313 случаев заболевания коронавирусной инфекцией. Об этом сообщает сайт www.coronavirus2020.kz. В целом по стране число заболевших – 14 тысяч 809. За прошедшие сутки у 313 граждан страны были обнаружены коронавирусные инфекции, из них 26 — жители г. Шымкент. В настоящее время состояние больных удовлетворительное. В соответствии с утвержденным протоколом проводится соответствующее ...

Толығырақ »

АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАЯНДАЛДЫ

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен лездемелік мәжілісте Түркістан қаласын дамыту бағытында атқарылған жұмыстар талқыланды. Қала әкімі Рашид Аюпов «Әзірет сұлтан» қорық мұражайының аумағын абаттандыру жұмыстары мен рухани-мәдени орталығының алаң ішіндегі инженерлік-инфрақұрылымның жүргізілуі барысын баяндады. Рухани-мәдени орталығының алаң ішіндегі инженерлік инфрақұрылымы қарқынды дамуда. Шаһар басшысының мәлімдеуінше, «Әзірет сұлтан» қорық мұражайында да су және кәріз жүйесі толық аяқталған. Су бұрқақтың бетон ...

Толығырақ »

ЖАҚЫНЫҢА ЖАНАШЫР БОЛ

Баршаңызға мәлім, өткен жылдың соңында Қытайда тіркелген короновирус індеті жер-жаһарды біраз әбігерге салды. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы жаңа вирусты пандемия деп жариялап, барлық елдерде қауіпсіздік шаралары күшейтілді. 15 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда жалпы 14 809 науқас тіркеліп, оның 9188-і індеттен сауығып шықты. Өкінішке орай, 77 адам көз жұмды. Ал, Шымкентте вирус жұқтырғандар 1133-ге жетіп, 478 науқас жазылып, үйіне шығарылды. Бірақ ...

Толығырақ »

АСТЫҚҚА ОРАҚ ТҮСТІ

Қазақстанда алғашқы бидай өнімі қоймаға жинала бастады. Түркістан облысы Келес ауданындағы «Ошақты» өндірістік кооперативі биылғы жылы 150 гектарға бидай өнімін егіп, маусымның ортасында астық оруды бастап кетті. Өндірілген өнімді Бірлік ауылындағы қоймаға жайғастыруда. «Ошақты» өндірістік кооперативі 1997 жылы құрылған. Құрамында егін шаруашылығынан басқа мал бордақылау пункттері бар ірі кәсіпорында жергілікті 90-ға жуық тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Көктемде жауын-шашын көп болмағанына ...

Толығырақ »

БЕЛГІЛЕРІ ЖОҚ КОРОНАВИРУС НЕСІМЕН ҚАУІПТІ?

2020 жылғы 14 маусымдағы жағдай бойынша жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 490 тасымалдаушы тіркелді. Бұл туралы www.coronavirus2020.kz сайты хабарлады. Оның ішінде Шымкент қаласының көрсеткіші – 70. Жалпы белгілері жоқ тасымалдаушылар Қазақстанда — 4892. Белгілері жоқ коронавирус дегенді қалай түсінеміз, вирусты тасымалдаушылар айналадағы адамдарға қауіпті ме, осы және өзге де мазалаған сауалдарға Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының жоғары санатты ...

Толығырақ »

ШОМЫЛУ ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУ КЕРЕК

Демалысты қауіпсіз өткізу үшін, суда шомылу ережелерін сақтау қажет. Жаз – демалу үшін тамаша кезең. Өзің және өзіңнің денсаулыға пайда келтіру үшін суда демалу кезінде суда өзіңді ұстай білу, жақсы жүзе білу, суда шомылу ережелерін сақтап, орындау қажет. Осы туралы №7 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші және құтқарушылары Бадам өзен бойында шомылушылар арасында жүргізілген түсіндірме жұмыстары кезінде айтып берді. Өрт ...

Толығырақ »

ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ

Түркістан қаласында «WorldSkills TURKESTAN – 2020» облыстық чемпионаты басталды. Жұмысшы мамандығының беделін және кәсіптік білім сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылған шараға 319 студент 46 мамандық бойынша  бақ сынайды. Аталған байқаудың салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов  қатысушыларға сәттілік тіледі. «Былтыр Нұр-Сұлтан қаласында өткен «WorldSkills Kazakhstan – 2019» V республикалық чемпионаты өткен болатын.  Оған облыстан 33 студент қатысты. Оның ...

Толығырақ »

БЕТПЕРДЕ ТАҒУ МІНДЕТТІ

Қоғамдық көлікте бетперде тағу міндеті. Бұл туралы Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қоғамдық көлік бөлімінің басшысы Н. Сүгірәлиев мәлімдеп, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарының жүріп жатқанын айтты. Бүгінгі күні Шымкент қаласында тұрғындардың өмірін және денсаулығын қорғау, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында, қаладағы қоғамдық көліктерге күніне екі рет дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде. – Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, қоғамдық көліктер ...

Толығырақ »

ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ

Қазіргі таңда Түркістан қалалық орталық ауруханасына тұмаудың белгілерімен дәрігерлік көмекке азаматтар жиі жүгінуде. Науқастарда дене қызуының көтерілуі, жөтел және әлсіздік байқалған. Медициналық тексеру нәтижесінде науқастардан пневмония, яғни өкпенің қабынуы анықталды. Тексеру барысында науқастардан коронавирус инфекциясына теріс нәтиже шығып жатыр. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов мәлімдеді. Оның айтуынша, ауруханаға түскен азаматтардан ...

Толығырақ »

БІРІНШІ КЕЗЕКТЕГІ ҚАЖЕТТІ ӘРЕКЕТ

Табиғат тосын сыйларға толы, әсіресе су тасқыны айтып келмейтін апат. Мұндай жағдайда әрдайым бірінші болып тұрғындарға көмекке өрт сөндіруші және құтқарушылар келеді. Ал, бұл кезде тез, әрі кәсіби түрде әрекет ету аса маңызды. Осы орайда жедел әрекет ету дағдыларын машықтап, үнемі жаттығып тұратын шымкенттік өрт сөндірушілер тәжірибелік сабақтарын Бадам өзені бойында өткізді. Мамандандырылған жасақтың жеке құрамына аталған өзен бойында «Өрт ...

Толығырақ »

ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Шымкенттегі темір жол вокзалында коронавирусқа қарсы тәртіп күшейтілді. Әлеуметтік ара қашықтық, бетперде режимі, вагондар арасында жолаушылардың жүріп — тұруы талапқа сай жүргізілуде. Ал, жолаушылардың дене температурасы ғимараттың ішіне кіреберісте автоматты түрде анықталып, күзетшілерге монитор арқылы белгі береді. Ауа баптағыш құрылғылар арқылы дизенфекциялық жұмыстар жүргізіледі. – Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін ғимарат тазалығына 10 қызметкер жұмылдырылған. Күніне 4 мезгіл дизенфекция жасалады. Жазғы демалыс ...

Толығырақ »

ОНЛАЙН ЭКСПЕДИЦИЯ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының «Рухани жаңғыру» бөлімі «Сансыз бабтар мекеніне онлайн экспедиция» ұйымдастырды. Онлайн жүйесіндегі экспедицияның мақсаты – тарихи-мәдени мұраларымызды насихаттап, жастарға патриоттық тәрбие беру және қаланың туристік әлеуетін таныту. Онлайн экспедицияны ұйымдастырушылар қаладағы республикалық маңызы бар киелі 7 кесененің тарихымен таныстырды. Бүгінде «Ибрагим ата», «Қарашаш ана», «Әбдул Әзиз баб», «Мірәлі баба», «Қожа Салық» кесенелерінің аумағын ...

Толығырақ »

450 ХАТТАМА ТОЛТЫРЫЛҒАН

Абай ауданында санитарлық талаптарды сақтау бойынша 4 мобильдік топ бекітілген аумақтары бойынша 674 кәсіпкерлік нысанға мониторинг жұмыстарын жүргізіп, ескерту парақшаларын таратты. ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 462 бабы, 3 тармағы бойынша аудандағы кәсіпкерлік нысандарға 11 айыппұл хаттамасы толтырылды. Жалпы аудан аумағында санитарлық талаптарды сақтамағандарға 2 млн теңгеге жуық айыппұл салынып, 450 хаттама толтырылған. — Қаланың Бас санитариялық дәрігері қабылдаған ...

Толығырақ »