Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

Ежедневные архивы: 16.06.2020

ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ

Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев қаладағы құрылысы жүріп жатқан нысандарды аралады. Қазіргі уақытта Түркістан қаласында 24 тұрғын үйдің құрылысы қарқынды. Баспаналар жоспар бойынша жыл соңына дейін тапсырылады. Көппәтерлі тұрғын үйдің сапасын тексеріп шыққан аймақ басшысы сақтық шараларын күшейте отырып, жұмысты тоқтатпауды тапсырды. Аймақ басшысы бұдан соң құрлысы қызу жүріп жатқан 7000 адамға лайықталған алып стадионда болды. Облысымызда футбол бәсекелері, ірі спорттық ...

Толығырақ »

ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРҒА ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Еңбекші ауданындағы кәсіпкерлік нысандарда халық арасында коронавирус инфекциясының алдын алу және таралуына жол бермеу мақсатында арнайы мониторингтік топ тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінде мониторингтік топ тарапынан 34 коммерциялық құрылымға ескерту берілді. Сонымен қатар. Еңбекші аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы тарапынан карантин режимін бұзған 4 коммерциялық құрылымға хаттама толтырылды. — Қаладағы эпидемиологиялық ахуал әзірге күрделі. Сондықтан да, ...

Толығырақ »

ТАЛАПТЫ САҚТАМАҒАН НЫСАН ЖАБЫЛДЫ

Әл-Фараби ауданында арнайы мамандардан құралған мониторингтік топ күнделікті түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Мониторингтік топтың құрамында аудан әкімдігінің қызметкерлері және аудандық полиция кызметі, сондай-ақ аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер қауіпсіздігін бақылау басқармасы мамандары, БАҚ өкілдері бар. Осындай кезекті мониторингтік тексеру ауданға қарасты Төле би көшесінің бойында орналасқан кәсіпкерлік нысандарға жүргізілді. Тексеріс барысында санитарлық талапты сақтамаған 4 базар мен 32 нысанға ескерту жасалды. ...

Толығырақ »

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Карантин режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында құрылған монитоингтік топ Шымкентте тексеру жұмыстарын үздіксіз жалғастыруда. Әдеттегідей, мобильді топ мүшелері бүгін індеттен сақтану бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кезекті мониторингтік тексеріс Абай ауданына қарасты А.Асқаров көшесі бойындағы кәсіпкерлік нысандарда жалғасты. Оған аудан әкімдігінің қызметкерлері және аудандық полиция кызметі, сондай-ақ аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер қауіпсіздігін бақылау басқармасы өкілдері БАҚ өкілдерімен бірлесіп тексері ...

Толығырақ »

БАЗАР БАСШЫЛЫҒЫНА ЕСКЕРТУ ЖАСАЛДЫ

Шымкент қаласында полиция қызметкерлері, эпидемиологтар, әкімдік қызметкерлері БАҚ өкілдерімен бірге қызметі рұқсат етілген нысандарда санитарлық нормалардың сақталуын күнделікті тексеріп, рейдтер жүргізуде. Қаратау ауданы бойынша аудан әкімі аппараты, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы және жергілікті полиция қызметкерлерінен құрылған топ Сайрам тұрғын алабындағы сауда орындарында карантин режимі кезіндегі талаптардың сақталуын тексерді. Зерделеу жұмыстарының нәтижесінде орталық көшеде орналасқан 2 ...

Толығырақ »

ЕСКЕРТУ ЕСКЕРІЛМЕСЕ, НЫСАНДАР ЖАБЫЛАДЫ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында коронавирус пандемиясына қарсы атқарылып жатқан жұмыстар және сақтық шаралары жөнінде брифинг өтті. Баспасөз мәжілісіне Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының Әл-Фараби ауданы бойынша басшысы Талғат Серманиязов қатысты. Ғабит Патшаханұлы ауданда карантинге 128 үй жабылып, бүгінде оның 76-сы ашылып, қалған 52-сі жабық тұрғанын алға тартты. ...

Толығырақ »

ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАМАЙ, 14 АДАМ ҚАЗА ТАПҚАН

Түркістан облысында жазғы мезгілдегі өзекті мәселенің бірі су айдындарында қайғылы жағдайлардың орын алуы. Мұның басты себебі — судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамай, белгіленбеген жерлерде шомылу. 2020 жылдың басынан 14 адамның қаза болу оқиғасы тіркелді, олардың 9-ы кәмелет жасқа толмаған балалар. 2019 жылдың есептік кезеңінде 27 адам, олардың ішінде 18 бала болған. Демек, өткен жылмен салыстырғанда екі есе аз. Бұл туралы Өңірлік ...

Толығырақ »

6500 ТОННА ҚАРБЫЗДЫ ЭКСПОРТТАП ҮЛГЕРДІ

Түркістан облысы Шардара ауданының диқандары 6500 тонна қарбызды экспорттап үлгерді. Өнім Қазақстан аумағына және ТМД елдеріне жөнелтілген. Бүгінде тұтынушылар мен кәсіпкерлер қарбызды егістік алқабының басынан бір келісін 80-95 теңге аралығында сатып алуда. Айта кетерлігі, биыл ауданда 10710 га жерге бақша өнімдерін егу жоспарланған. Қазіргі таңда 7380 гектар бақша дақылдары егіліп, көктемгі егіс жұмыстары жалғасуда. Егістік алқаптарына минералды тыңайтқыштар тасымалданып жатыр. ...

Толығырақ »

ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫ ҚҰРЫЛДЫ

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 2020 жылы 15 маусымда Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс алпыс алтыншы сессиясында Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының ішінен дін істері функциясы алынып, жаңадан «Шымкент қаласының дін істері басқармасы» құрылды. Сондай-ақ, Ішкі саясат басқармасының құрамына жастар бөлімі енгізіліп, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы болып қайта құрылды. ...

Толығырақ »

ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА

Шымкент қаласы Абай ауданы аумағында тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау және коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу мақсатында мониторингтік топ түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. Кезекті іс-шарада Абай ауданы әкімі Б.Парманов, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен кауіпсіздігін бакылау баскармасының Абай ауданы бойынша басшысы А.Шажаев, аудандык полиция қызметінің мамандарымен бірлесіп, А.Асқаров көшесі бойындағы кәсіпкерлік нысандарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Топ мүшелері ірі және ...

Толығырақ »

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ЖӨНІНДЕ БРИФИНГ ӨТТІ

Аудан аумағында 672 көпқабатты тұрғын үй, 2244 кіреберіс алаңдары және 400 ойын алаңдары бар. Оларды дезинфекциялау жұмыстары 14 сервистік кызмет көрсетуші мекемелер тарапынан атқарылуда. Бұл туралы Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов коронавирус пандемиясына қарсы атқарылып жатқан жұмыстар және сақтық шаралары жөнінде брифингте айтып өтті. Брифингте белгілі болғандай, Шымкент қаласы Бас санитариялық дәрігері Ә.Төлебаевтың №20 Қаулысына сәйкес 4 ірі сауда орталықтары ...

Толығырақ »

МАТЕМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША «БАСТАУ» ТУРНИРІ ӨТЕДІ

Шымкент қаласының Дарын орталығы ағымдағы жылдың 16-21 маусымы аралығында бастауыш сынып оқушылары арасында «Бастау» ХІІІ Республикалық математикалық турнирін онлайн режимде өткізеді. Математикалық қабілеті айқын білінген дарынды бастауыш оқушыларын табу, дамыту және қолдау көрсету мақсатында жыл сайын өткізіп келеді. «Бастау» турниріне Шымкент қаласының Дарын орталығының 2020 жылдың мамыр айында математика пәнінен 3-4 сынып оқушылары арасында өткен онлайн олимпиада жеңімпаздары қатысады. «Бастау» ...

Толығырақ »

25 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ

Шымкент қаласында соңғы тәулікте коронавирус инфекциясының 25 жағдайы тіркелді. COVID-19-бен ауырғандардың барлығы инфекцияға симптомы бар науқастар. Осылайша қазіргі таңда Шымкентте қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 1183-ке жетіп отыр. Сондай-ақ қала бойынша 2020 жылғы 15 маусымдағы жағдай бойынша жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 57 тасымалдаушы тіркелген. Елімізде коронавируспен ауырғандар саны 15 мыңнан асты. Өткен тәулікте тағы 383 адамнан коронавирус анықталған. ...

Толығырақ »

ЭТНОАУЫЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласында «Наурыз» алаңы маңында «Көне қала» этножобасы бой көтеруде. Этноқалашықта «Шымкент 2020 — ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылы аясында қала тұрғындары мен қонақтарына ұлттық салт-дәстүр құндылықтарын насихаттау мақсатында әр сенбі, жексенбі күндері іс-шаралар өтеді деп жоспарланған болатын. «Көне қала» этноауылында 12 киіз үй мен көрме қойылатын жартылай киіз үй, Ақ қанатты шатыр үй де құру жоспарланған. Сонымен қатар, ауылда алтыбақан ...

Толығырақ »