Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

Ежедневные архивы: 18.06.2020

ДАЛА-ОРМАН ӨРТТЕРІНІҢ АЛДЫН АЛЫҢЫЗДАР!

Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтап, дала-орман өрттерінің алдын алыңыздар! 2020 жылы 18 маусымда 10 сағат 53 минутта «101» қызметіне Шымкент қаласы, Ташкент тас жолы, «Арғымақ» авто базарына қарама-қарсы бетте құрғақ шөптің жануы туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына 4 өрт сөндіру техникасы және жеке құрамнан 18 адам жөнелтілді. Өрттің салдарынан 10 га құрғақ шөп жанды. Өрт 12 сағат 13 минутта оқшауланып, ...

Толығырақ »

КАРАНТИН МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінде Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садырдың қатысуымен коронавирус пандемиясына жол бермеу мақсатында шектеу шаралары жөнінде брифинг өтті. Баспасөз мәжілісінде Ербол Әбілхайырұлы коронавирус инфекциясы өршіп тұрғанын алға тартып, осыған орай карантин мерзімі ұзаратынын және кейбір шектеу шаралары енгізілетінін жеткізді. – Қаламызда шектеу шарасы 22 маусымға дейін еді. Енді бұл 6 шілдеге дейін созылып отыр. Одан бөлек, ...

Толығырақ »

ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ЕНГІЗІЛГЕН ШЕКТЕУЛЕР

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінде Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы тоқтайтынын, тек қана ашық далада тамақтану орны бар және санитарлық нормаларды сақтаған орындар ғана өз жұмысын жалғастыратынын айтты. Сондай-ақ, қоғамдық көліктер сенбі, жексенбі толық тоқтайды. Басқа күндері мерзіміне шектеулер енгізіліп, таңғы сағат 07:00-ден 11:00-ге дейін және түстен кейін 17:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін ғана жүреді. Ал ...

Толығырақ »

САЛТАНАТТЫ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТЕДІ

«Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы»  жылының салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Үшінші мегаполисте «Шымкент 2020 — Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мәдени астанасы» жылының салтанатты ашылу рәсімі телевизиялық нұсқада өтеді. Салтанатты жиын қала күні мерекесімен де тұспа — тұс келіп тұр. Көрсетілімнің алдында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов құттықтау-лебізін жеткізеді. Сонымен қатар ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедевтің, Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық ...

Толығырақ »

БИЫЛ 4000 АЗАМАТ КӘСІПКЕРЛІК БІЛІМ АЛАДЫ

Шымкентте жеке кәсіп ашып, өз ісін дөңгелеткісі келетіндер қатары жыл сайын артып келеді. Бизнесті қалай және неден бастау керек? Алғашқы қаржыны қайдан алуға болады? Осындай сұрақтармен әрбір жас кәсіпкердің бас қатырары анық. Осы орайда шағын және орта бизнесті дамытуға және қолдауға бағытталған бірқатар бағдарламалар жүзеге асырылуда. Соның бірі кәсібін ашқысы келетіндерге арналған «Бастау Бизнес» жобасы. Бұл туралы «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі ...

Толығырақ »

ҰБТ: БИЫЛҒЫ ТӘРТІП ҚАТАҢ

Апта соңында биылғы мектеп бітірген түлкетер ҰБТ тапсыруды бастайды. Сынақ тәртібі өзгермегенімен карантинге байланысты қойылатын талап қатаң. Дегенмен биылғы мектеп бітірушілердің арасында тест тапсыруға ниетті жастардың қарасы қалың. Яғни, түлкетердің 82 пайызы 131 мың 755 оқушы өтініш берген. Бұл рекордтық көрсеткіш, дейді тест орталығындағылар. Бұл туралы «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі М.Жорабайдың материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz хабарлайды. Биыл Шымкент қаласында Ұлттық бірыңғай ...

Толығырақ »

16,1 МЛРД ТЕҢГЕ ҚАРАЛҒАН

Шымкентте тұрғын үйлерді инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында жалпы 30 нысан құрылысы жоспарланған. Бүгінгі таңда 17 нысанның құрылысы жүргізілуде. Бұл жөнінде бүгін Шымкент қаласы әкімінің төрағалығымен өткен онлайн мәжілісте баяндалды. Жиналыста сөз алған қалалық құрылыс басқармасының басшысы Е.Ахметов «Шымкент сити» шағынауданындағы 39 үйге инфрақұрылым тарту үшін 6 нысанда құрылыс жүріп жатқанын жеткізді. – Мұнда тамыз айының соңында ауыз су, кәріз, жылу, ...

Толығырақ »

ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Қазақстанда демалыс күндері — 20-21 маусым аралығында шектеу шаралары күшейтіледі. ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті.. Қазақстанның бірқатар өңірінде эпидемиологиялық жағдайдың өршуін және коронавирус инфекциясымен ауыру көрсеткішінің артуын ескере отырып, ВАК биылғы 20-21 маусым, демалыс күндеріне, мынадай қосымша шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады: 1.Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, ...

Толығырақ »

ТАСЫМАЛДАУ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН ЖИЫН ӨТТІ

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қаладағы эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын қадағалау мақсатында жолаушыларды тасымалдаушы компания өкілдерімен жиын өткізді. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. – Жасыратыны жоқ, қалада әлі карантин жалғасып, маскалық режим қатаң талап етілгенімен, кейбір қала тұрғындары бейқамдық танытып, автобустар мен қоғамдық орындарда маскасыз еркін жүр. Осыған байланысты, талапты күшейтіп, қоғамдық көліктерде бірқатар өзгерістер енгізуді ...

Толығырақ »