Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

Ежедневные архивы: 23.10.2020

АЛҒЫСТАН АРТЫҚ БАҒА ЖОҚ!

Шымкент қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы, полиция лейтенанты Еркебұлан Сейітжаппаров қызмет көрсету барысында мүгедектер арбасын итеріп келе жатқан ананы аңғарады. Діттеген жеріне бару үшін автобус аялдамасына бара жатқанын айтқан анаға тәртіп сақшысы такси тоқтатып, арбадағы баланы көтеріп автокөлікке жайғастырады. Жүргізушіге мекенжайды түсіндіріп, жолақысын төлеп жіберген тәртіп сақшысына қарт ана шексіз алғысын белдірген. Бұл көрініске куә болған айналадағы ...

Толығырақ »

ДЕР КЕЗІНДЕ ЖЕТТІ

17 қазан 2020 жылы Еңбекші АПБ-ның кезекші бөліміне «102» арқылы Шымкент қаласы, Айнатас елді мекені, №12 орамының нөмірсіз үйде отбасылық жанжал болып жатқаны бойынша хабарлама түскен. Аталған хабарлама бойынша Еңбекші АПБ жергілікті полиция қызметі бөліміне қарасты №52 учаскелік полиция пунктінің қызметкерлері оқиға орнына дер кезінде жетіп, мас халдегі ер азамат үйіне 50 литрлік газ балоны мен кәмелет жасына толмаған екі ...

Толығырақ »

ҚАРАЖАТ ӨНДІРІЛДІ

Салықтық төлемдерін өндіру бойынша Шымкент қаласы Полиция департаменті, қалалық мемлекеттік кірістер департаменті және Өңірлік жеке сот орындаушылары палатасы арасында ынтықмақтастық меморандумы түзілген. Аталған меморандумға сәйкес жұмысшы топ құрылып, қала аумағында жылжымалы бекеттерде салық төлеуден жалтарып жүрген тұлғалар бойынша рейдтік іс-шара атқарылуда. 22.10.2020 жылы іс-шара барысында жалпы 253 жеке тұлғалардың автокөліктері тоқтатылып тексерілді. Оның ішінде 14 автокөлік айыптұраққа жеткізілмей берешектері өз ...

Толығырақ »

МЕГАПОЛИС ЕКІНШІ ТОЛҚЫНҒА ҚАНШАЛЫҚТЫ ДАЙЫН?

Мемлекет басшысы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында отандық медицинаны дамытуға және осы саладағы өзекті мәселелерді шешу жұмыстарына қатысты нақты тапсырмалар берген болатын. Осы ретте, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті жанынан құрылған Жұмысшы топ қоғам белсенділерімен бірлесе қаладағы «СҚ-фармация» қоймасына барып, дәрі-дәрмекпен және медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілуін бақылап қайтты. Департамент басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев бастаған ...

Толығырақ »

ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен ақпараттық-ағартушылық штаб өкілдері Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің жастарымен онлайн кездесу өткізді. Аталған шараға «Саналық ұрпақ» клубы мен «Парасаттылық мектебінің» белсенді жастары және студенттер қатысты. Кездесу барысында Штабтың құрылу мақсаты жөнінде ақпарат беріп, өскелең ұрпақты парасатты, адал әрі әділ болуға шақырды. Адал сөзге арсыз ғана тоқтамайды деген Штаб мүшелері бүгінгі кездесуде айтылған ...

Толығырақ »

АЛҒАШ КӨРГЕНІМ

Мен Қажекеңді (Қажымұқан Мұңайтпасов)  8-11 жасымда көргенмін. Ол кезде Омбы облысындағы Шарлақ (бертін Дробышев, Нововоршавка) ауданындағы Қаратомар ауылында тұратынбыз. Қажекең әр уақытта сондағы Г.Дмитров атындағы колхозда орналасқан ауылдық кеңестің сессиясына бір топ белсенділермен бірге келіп жүретін. Еліне бара-келе жатқанда жолшыбай түсетін жері – менің әкемнің үлкен ағасы Аманжолдың үйі. Еш уақытта жалғыз жүргенін көрмедім. Бір келгенде қасында басқалармен бірге Құдайберген ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚТЫҢ БАС БҰЛШЫҚ ЕТІ …

Қара күште әлі ешкім жоқ сенше биік шырқаған, Өнерге де өзгелерден жақын ең ғой бір табан, Рух қашып бара жатыр өзің өскен қырқадан… Бүгін мені қайта көтер жарты ғасыр өткен соң, Қанатсызды мойындамас мінезіңмен бұрқаған. Сол бір салтың тірі тұрса, тұрар әр кез ұлт аман, Қазақтың бас бұлшық еті, құлагер төс, піл табан… Мұхтар Шаханов Қазақ халқының мақтанышы, аты аңызға ...

Толығырақ »

КҮШ АТАСЫ – ҚАЖЫМҰҚАН

Қажекеңнің (Қажымұқан Мұцайтпасов) тек білек күш иесі ғана емес екенін, оның парасатты, ойшыл, намысшыл, зейінді адам болғанын бір ғана автор (Ж.Бектұров. «Күш атасы», 248-б.) жазбайды, оны бәрі өздерінің естеліктерінде дәлелдеп келтіреді. Талиға Бекқожина «Әншілігі де бар еді» деген әңгімесінде: «Көпшіліктің сұрауы бойын­ша Қажекең қолына домбыра алып, қоңыр дауысымен шырқай жөнелді: Атандым Қажымұқан бала жастан, Ішінде империяның болдым асқан, Кешегі Омскінің ...

Толығырақ »