Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2021 » Февраль

Месячные архивы: Февраль 2021

БАСКЕТБОЛ ЖӘНЕ ВОЛЕЙБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ

Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді өткізу, спортпен шұғылдану арқылы олардың ерік пен табандылығын қалыптастыру және Қазақстан Республикасының чемпионаттарына команда жасақтау мақсатында «Шымкент жастар лигасы» жобасы қолға алынып, мектеп оқушылары спорттың бірнеше түрінен өз шеберліктерін көрсетпек. Аталған сайысқа оқушылардың дайындығын пысықтау үшін қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Шапырашты елді мекенінде орналасқан Сансызбай Бекбосынов атындағы №70 жалпы орта ...

Толығырақ »

Мектеп ұжымы халық қалаулысына алғысын білдірді

«Нұр Отан» – саяси күш, жұртшылықтың жоғын жоқтайтын халықтық партия. Халық пен биліктің бірлігін берік ете түсетін «Нұр Отан» партиясының фракциясы қызметінің жауапкершілігін қалыптастыруда азаматтық белсенділігіміз жетекші рөл атқарады. Фракция мүшелері мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын бақылауда, насихат жұмыстарының жүргізілуіне белсенді араласуда. Осы орайда, фракция мүшелерінің белсенділігі нәтижесінде қарапайым халықтың партияға деген сенімі одан әрі нығая түсуде.  Шымкент қалалық мәлихатының депутаты, ...

Толығырақ »

ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛҒАН

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Бизнесті қорғау — өзара іс-қимыл, даму, проблемалар және оларды шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға Департамент басшысы А.Жұмағали, оның бірінші орынбасары Т.Серікбаев, қалалық кәсіпкерлер палатасы директоры орынбасарының міндетін атқарушы С. Адамбекова, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің төрағасы М.Сейтжанов, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы ...

Толығырақ »

КЕШЕННІҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов қаладағы бірегей жоба «Керуен сарай» кешенінің құрылыс барысын көрді. Наурыз айы ішінде пайдалануға берілуі жоспарланған нысанның құрылыс алаңы 20 гектардан асады. Бүгінде аталған нысанның инженерлік инфрақұрылым жүйесі жүргізілуде. Соның ішінде, нысанға кіріп-шығу ыңғайлы болу үшін Батырбеков, Әлқожа ата, Ш. Мырзабеков, М. Әбенова көшелерінде жарықшамдар орнату, одан өзге аяқжол, су, кәріз жүйесі мен газ, электр жүргізу ...

Толығырақ »

ҚАР ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛҒАНДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін 16 сағат 00 минутта ауа — райының күрт өзгеруіне байланысты жабылған КХ-2 «Уланбель — Созак — Екпенды» тасжолында Шаян – Шолаққорған арасында Таскөмірсай ауылынан шамамен 15 км қашықтықта қар құрсауында қалған Шымкент – Степной бағытындағы автобус ішіндегі жолаушыларға және басқа да автокөліктердегі адамдарға көмек көрсетілді, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Оқиға орнына Түркістан ...

Толығырақ »

ЖАҢА МЕШІТ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК

Түркістан қаласында 2021 жылы бірнеше ғимараттардың құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр. Олар: 5000 адамға арналған мешіт, Тұңғыш Президенті саябағы,»Керуен Сарай» шығыс базары, Б.Саттарханов даңғылы бойындағы желілік саябақ, Бизнес орталық, Ғылыми-әмбебап кітапхана, Дендросаябақ, «Аманат» және «Керуен Сарай» тұрғын үй кешендері, сондай-ақ Қ.А.Яссауи кесенесінің буферлік аумағында абаттандыру жұмыстары. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы ...

Толығырақ »

ҚАРҚЫНДЫ ЖҰМЫС ЖАСАУДА

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюповтың төрағалығымен «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша мәжіліс өтті. Жиынға екінші деңгейлі банк өкілдері, «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы», «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры өкілдері қатысты. Кездесу аясында Рашид Абатұлы өз сөзінде кәсіпкерлердің кіріс-шығыс есебін беруге арналған арнайы үлгі болу қажеттігін айтып, банк басшылығынан бланк жасау үшін өз ұсыныстарын айтуды сұрады. Яғни, көптеген ...

Толығырақ »

ЖЕЛІЛІК САЯБАҚ САЛЫНУДА

Түркістан қаласында жаңа желілік саябақ салынып жатыр. Бүгін Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов қаладағы Ж. Майкотов көшесінің бір жақ бетінде құрылысы басталған желілік саябақ жобасын көрді. Аталған аумақ тұрғындарына ыңғайлы орта қалыптастыру мақсатындағы демалыс орны ақпан айының басында басталған болатын. Жоба бойынша көктемде аяқталуы жоспарланған. Одан өзге, модульді орталық маңында жаңа саябақ салу бойынша да бірқатар тапсырма берілген. Рашид Абатұлы «Инфрақұрылым ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

ҚР Президентінің 2021 жылғы 5 ақпандағы №504 Жарлығы бойынша Түркістан қаласында жалпы саны 55 ана, яғни 7 ана Алтын алқамен, 48 ана Күміс алқамен марапатталды. Жалпы, 6 баласы бар аналар Күміс, ал 7 баласы бар аналар Алтын алқаға ие болады. Алтын,күміс алқа алу үшін: — Ананың жеке куәлік көшірмесі -2 дана -Әкенің жеке куәлік көшірмесі – 2 дана — Неке ...

Толығырақ »

ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ ӨТТІ

Бүгін Түркістан қаласы әкімдігі ғимаратында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Түркістан қаласында «Шымкент-Тараз», «Шымкент-Түркістан-Қызылорда» автомобиль жолы учаскесінде қауіпсіз жүйені енгізу бойынша қоғамдық тыңдауы өтті. «Ақылы автожол» жүйесін жүзеге асыру бойынша жиынға «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің» басшысы Оразбеков Байдулла қатысты. Шара карантин талаптарына байланысты онлайн ұйымдастырылды. ⠀ Ақылы автожолдың негізгі мақсаты — жол қауіпсіздігі мен жол инфрақұрылымының дамуына ықпал ету, жолдың ...

Толығырақ »

ШЫҒАРМАШЫЛ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ ҚОРЫ АШЫЛДЫ

Түркістан қаласында «Саттар Ерубаев» атындағы шығармашыл жастарды қолдау қоры ашылды. Қорды ұйымдастыруға ұйытқы болған Жастар ресурстық орталығы. Аталмыш идеяның бастамасы ретінде былтыр облыс деңгейінде «Саттар Ерубаев атындағы шығармашыл жастар байқауы» өткен болатын. Байқау әдебиет пен мәдениеттің 8 бағытын қамтыған. Атап айтсақ, «Үздік жас мүсінші», «Үздік жас дизайнер», «Үздік жас қолөнерші», «Үздік жас ғалым», «Үздік жас әнші», «Үздік жас ғалым», «Үздік ...

Толығырақ »

КӘСІПКЕРЛЕР САНЫ АРТҚАН

Түркістан облысы Төлеби ауданында «Еңбек нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы тиімді жүзеге асырылып келеді. Өткен жылы ауданда жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік бағдарлама бойынша 149 азамат грант иеленіп, өз кәсібін бастаған, деп жазады Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Грантты иеленушілердің басым бөлігі мал және құс шаруашылығы, кондитерлік, қызмет ...

Толығырақ »

КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА КӨМЕК БЕРМЕК

Алматы қаласындағы А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының білікті мамандары, уролог — трансплантолог Ернұр Белгібаев пен Ельшад Набиев Отырар ауданының тұрғындарына дәрігерлік кеңес беруде, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Білікті мамандар екі күн бойы Отырар ауданының тұрғындарын қабылдап, көмек көрсетеді. Тәжірибелі мамандар несеп — тас ауруы, қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы, қуық тас ауруы, ...

Толығырақ »

ИМПОРТТЫҢ ОРНЫН БАСУҒА ОҢ ӘСЕРІН ТИГІЗЕДІ

Түркістан облысының спортшылары, дәрігерлері мен мектеп оқушыларының арнайы формалары «Turkestan Textile «БК» фабрикасында тігіледі. Бүгін мұнда 200 мыңға жуық арнайы киімге тапсырыс берілді. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев рекордтық қысқа мерзімде іске қосылған тігін фабрикасында болды. Отандық өнімнің үлесін арттыруға ықпал ететін әлеуметті маңызы бар кәсіпорын, білім беру және медициналық мекемелер мен дене шынықтыру және спорт басқармаларымен бірлесе жұмыс істеп, жергілікті ...

Толығырақ »

ОРДАБАСЫ ОҚИҒАСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Түркістандық полицейлер Ордабасы оқиғасымен танысты, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Түркістан облысы Ордабасы аудандық полиция бөлімінің жас мамандары Темірлан елді мекеніндегі «Қажымұқан» музейі мен “Данқ” мемориалында болды. Әрбір жәдіргермен танысқан полиция қызметкерлеріне тарихи тұлғалар туралы кең мәліметтер берілді. Биыл елімізде Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығы тойланады. Республикамыздың барлық өңірінде балуанның мерейтойына орай түрлі ісшаралар өткізу басталып ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Түркістандық спортшы дзюдодан Қазақстан чемпионы атанды. Бұл туралы DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне арнасына сілтеме жасай отырып  хабарлайды. Жыл басы сарыағаштық спортшылар үшін табысты басталды. Ақтөбе қаласында дзюдо күресінен 2004-2005 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионаты ұйымдастырылды. Онда Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылдық округінің тұрғыны Айман Ибрагимова 44 кг салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Ол осымен Қазақстанның екі ...

Толығырақ »

МАМАНДАРЫ ТҮРКИЯҒА АТТАНДЫ

Дәрігерлердің біліктілігі – басты назарында. Түркістан облысының медицина мамандары біліктілігін шетелде арттыруда. Жедел жәрдем станциясының қызметкерлері, яғни бес дәрігер және бес фельдшер Түркия мемлекетінің Ыстамбұл қаласына арнайы тәжірибеден өтуге барды, облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Бұл шара Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының қолдауымен жүзеге асты. Мұндағы мақсат – медицина мамандарына соңғы технологияларды меңгеріп, жедел түрде науқастарды ...

Толығырақ »

ТУРИСТЕРДІҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫ АРТА ТҮСПЕК

Түркістан қаласы Дүниежүзілік мұра қалалары ұйымына (ДМҚҰ) ресми түрде қабылданды, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Осылайша шаһардағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі енді туристердің қызығушылығын одан да арта түспек. Осы мақсатта екінші сәуір күні Түркістан қаласында Еуразияның Дүниежүзілік мұрасы қалаларының X Халықаралық конференциясы өтеді. Бұл конференция Дүниежүзілік мұра қалалары ұйымының (ДМҚҰ) серіктестігі шеңберінде ұйымдастырылды. Дүниежүзілік ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Бүгін  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған  «Түркістан Адалдық алаңы – Сапалы жол»   жобасы аясында облысқа қарасты Сарыағаш ауданының автомобиль жолдары зерделеніп, жол төселімінің  сапасы мен қауіпсіздігіне кешенді мониторинг жұмыстары жүргізілді. Бақылау жұмыстарының негізгі мақсаты — автокөлік жолдарының сапасына сараптама жүргізу арқылы төселген жолдардың сапасы мен қауіпсіздігін  арттыру және жолдарды төсеу және жөндеу кезінде туындайтын ...

Толығырақ »

ЖЫРДАН МҰРА ҚАЛДЫРҒАН ДҮЛДҮЛ АҚЫН

Қазығұрт аудандық Қ.Өмірәлиев атындағы орталық кітапханасында Жетісу өңіріне ғана емес, бүкіл қазаққа аты мәшһүр жыр жампозы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Жырдан мұра қалдырған дүлдүл ақын» атты тақырыпта әдеби кеш өткізілді. Кештің мақсаты: Оқырмандарға жүз жасаған жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білім беру, өлеңі мен айтыстан үзінді мәнерлеп айтқыза отырып, олардың дұрыс сөйлей білу дағдыларын қалыптастыру. ...

Толығырақ »

ТЕРГЕУШІЛЕРДЕН СЫНАҚ АЛЫНДЫ

Мемлекет басшысының 1 қыркүйек 2020 жылғы Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру жоспарының 102 тармағындағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты негізгі процестік шешімдерді қабылдау прокурорлармен келісу міндеттелген. Аталған тапсырма аясында ҚР Бас прокуратурасы және қылмыстық қудалау органдарымен біргелікте қылмыстық процестік заңнамаға кешенді түзету енгізілген. Осыған орай, Төлеби аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Асылжан ...

Толығырақ »

БАЛУАН ТУРАЛЫ КІТАП ҮШ ТІЛДЕ ШЫҚПАҚ

Қазақ деген халықты бүкіл әлемге танытқан әйгілі алып күш иесі -Қажымұқан бабамыздың туғанына биыл 150 жыл. Қазір осы мерейтойға арналған түрлі шаралар бастау алуда. Мұндай игілікті істер Ордабасы ауданында да атқарылуда. Соның бірі –аудан азаматтарының күшімен құрастырыплы жатқан Қажымұқан жайлы кітап. Бұйыртса бұл дүние үш тілде жарық көрмек. Бұл туралы DIDARBEK.KZ хабарлайды «Оңтүстік» телеарнасына сілтеме жасап. Ия, дәлірек айтсақ  палуан  ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА МЫҢ АЛҒЫС

Кеңес заманында сталиндік қуғын-сүргін нәтижесінде мыңдаған грек отбасылары Қазақстанға мәжбүрлі түрде көшірілді. Олар мұнда мәңгі қалды. Өйткені департацияның барлық ауыртпалығынан қонақжай және жанашыр қазақтардың арқасында көшіп келген халықтың аман қалуына көмектесті. Менің ата-анам 1949 жылы Кавказ жерінің Сухуми қаласынан Мақтаарал аймағына көшіп келді. Константинидидің анасы Стела Константиновна қазақтардың Достық қолдарының және жүрек жылулығының арқасында көптеген халықтар мәжбүрлеп қоныс аударудың қайғылы ...

Толығырақ »

САНАЛЫ ҰРПАҚ — ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

Түркістанда «Саналы ұрпақ — жарқын болашақ» тақырыбында онлайн конференция өтті. Шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық құндылықтарын дәріптей отырып, білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға кең талдау жасау. Бейнеконференция байланысы арқылы өткен мақсатты жиынға республикалық «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Токушев, Департамент басшысының бірінші орынбасары Мирас ...

Толығырақ »

КЕНТАУДА ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ ӨТТІ

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Шымкент қаласында «Шымкент-Тараз», «Шымкент-Қызылорда» автомобиль жолы учаскесінде қауіпсіз жүйені енгізу бойынша қоғамдық тыңдау өткізді. Көптеген дамыған және дамушы елдерде автомобиль жолдарына ақылы жүйені енгізу тәжірибесі бар. Көп жылдық тәжірибе ақылы жүйе енгізілген жолдардың қауіпсіз әрі жайлы болатынын көрсетіп келеді. Себебі, жолдың күтіміне ерекше мән беріледі және қызмет көрсету сапасы да жақсарады. Қазақстанда алғашқы болып ақылы жүйе «Нұр-Сұлтан ...

Толығырақ »