Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

Ежедневные архивы: 09.02.2021

ПАНДУС МӘСЕЛЕСІ НЕГЕ ШЕШІЛМЕЙ КЕЛЕДІ?

Бүгін Түркістан өңірінде «Қолжетімді Қазақстан» жобасы шеңберінде облыс аумағында мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін елді мекендерде «кедергісіз орта» құруды қамтамасыз ету бағытында мақсатты жиын және қоғамдық бақылау жұмыстары өтті. Жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары М.Қарғабай, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Қолжетімді Қазақстан» жобасының жетекшісі Г.Тәжібаева, Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар ...

Толығырақ »

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Коронавирус инфекциясы өршіген жағдайда індетпен күресуге аудандық аурухана толыққанды дайын. 4 айлық дәрі-дәрмек қорымен, қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Бұл жайында бүгінгі жиында Түлкібас аудандық аурухананың бас дәрігері Б.Тұрлыбеков мәлімдеді. Аудан әкімінің төрағалығымен өткен кезекті лездемелік жиында аудан аумағындағы коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу, канал, арық-атыздардың және елді мекендердегі күл-қоқыс тастайтын орындардың бүгінгі жағдайы мен жер саласындағы өзекті мәселелер күн тәртібінде ...

Толығырақ »

САУАТТЫ ЖАРНАМА — ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫНЫҢ АЙНАСЫ

Түлкібас ауданында «Сауатты жарнама — тіл тазалығының айнасы» атты акция өтті. Бүгін аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі бөлімінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңының 21- бабы бойынша заң талаптарынын сақталуын қамтамасыз ету және Түлкібас кентіндегі көшелердің көрнекті жерлерінде, ғимараттарда, мекемелерде жазылған атаулардың, коммерциялық нысандар атауларының, жарнама мәтіндерінің қате жазуларын реттеу, дұрыс жазылуы мен эстетикалық безендірілуіне зерделеу жұмыстарын жүргізу ...

Толығырақ »

БАҒАНЫҢ НЕГІЗСІЗ ӨСУІНЕ ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ

Тұрғын үй және құрылыс материалдарының қымбаттауына жол берілмейді. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 26 қаңтардағы кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша «Тұрғын үй нарығындағы бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу» туралы Мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыру үшін Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен арнайы жиналыс өтті. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің төрағалығымен жергілікті атқарушы органдар, құрылыс материалдарын өндірушілер, құрылыс компанияларының басшылары бас қосты. Жиналыста ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: КӨНЕ МЕН КЕЛЕШЕК КӨПІРІ

«Әр елдің, егер ол өз тарихын, өз мәдениетін, өз намысын бағалай білетін ел болса, сол елдің пір тұтатын бір мекені болады. Ол мекен – біздің рухани алып Түркістан», – деп Шерхан Мұртаза айтқандай, бүгінде Түркістан түлеп, көне шаhар ажарланып келеді. Осы орайда, Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен қаладағы Мәдениет үйінде «Түркістан: Көне мен келешек көпірі» атты облыстық өнер ...

Толығырақ »

ЕКПЕ САЛДЫРДЫ

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияға қарсы кезең-кезеңімен вакцинациялау 2021 жылдың 1 ақпанында басталды. 1-8 ақпан аралығында Түркістан облысында 840-қа жуық медицина қызметкері Covid-19-ға қарсы екпе салдырды. Соңғы бір тәулік ішінде Түркістан облысы бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырудың 7 жағдайы расталды. COVID-19 инфекциясының күнделікті өсу деңгейі 0,16% төңірегінде. Пандемия басталғалы бері өңірде 4176 жағдайы тіркелді. Оның 2682-сі симптомсыз болып, 1 671-і стационарлық ем ...

Толығырақ »

ЖАҢА БІЛІМ ОРДАЛАРЫ БОЙ КӨТЕРМЕК

Биылғы басталған жыл түлкібастықтар үшін қуанышты әрі берекелді болмақ. Олай дейтініміз, аудан тұрғындарының қуаныштарына орай, Түлкібас ауданы Тұрар Рысқұлов ауылында биыл екі жаңа мектеп бой көтереді, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Түлкібас ауданының орталығында салынатан білім ұясы 300 (үш жүз) орынға лайықталған. Сондай-ақ, Машат ауылдық округіне қарасты Еңбекші ауылынан 150 (жүз елу) орындық жаңа ...

Толығырақ »

КРИМИНОГЕНДІК ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ

Түркістан облысы қылмыс деңгейі ең төмен аймақ болып саналады. Бұл туралы Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков облыстық аппарат мәжілісінде мәлімдеді. Түркістан облысы криминогендік жағдай тұрақты және қылмысы ең төмен аймақ болып саналады. Республика көлемінде 10 мың адамға шаққандағы орташа қылмыс көлемі 83 болса, Түркістан облысында бұл көрсеткіш үш есе аз, яғни 28-ді құрайды. Бұл ел көлеміндегі ең ...

Толығырақ »

ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

«KEGOC» АҚ филиалы «Оңтүстік жүйеаралық электр желілері» мекемесiне қатысты тексеру жүргізілді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті (бұдан әрі — Департамент) ағымдағы жылдың 04 қаңтары мен 05 қаңтары аралығында ​ «KEGOC» АҚ филиалы «Оңтүстік жүйеаралық электр желілері» мекемесiнде (бұдан әрі — Мекеме) 2021 жылдың 22 қаңтарында, ҚС 500кВ «Шымкент» ӘЖ-5169 ...

Толығырақ »

АЙДАРБЕК ТОҚТАРБЕК: «СПОРТ ӘЛЕМІНДЕ ЕСІМІМДІ ҚАЛДЫРҒЫМ КЕЛЕДІ»

Түркістанда әлемдік додаларда Қазақ елінің даңқын асқақтатып жүрген спортшылар жетерлік. Солардың бірі — Айдарбек Тоқтарбек. Балуан самбо және қазақ күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері. Ол 1998 жылы 28-сәуірде Түркістан қаласында дүниеге келген. 2004-2015 жылдары Түркістан қаласындағы №19 жалпы орта мектебінде білім алған. 2015-2019 жылдары Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дің Өнер факультетінің «Денешынықтыру және спорт» мамандығын бітірген. Бүгінде «Жергілікті және мемлекеттік ...

Толығырақ »

МОЛДАШ КЕМЕЛБЕК: «СӘТТІЛІККЕ ЕМЕС, АЛЛАҒА СЕНЕМІН»

Самбо күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері Кемелбек Молдаш өмірде «Сәттілікке емес, Аллаға сенемін» деген пікірде. Бұл өмірлік ұстанымы көкейінде бозкілемге белдесуге шыққанда да жаңғырып тұрады. Себебі, балуан әрбір жеткен жетістігі мен толағай жеңістері ең алдымен Тәңірдің қалауымен болғандығын алға тартты. Ол 2000 жылы 9-сәуірде ОҚО, Қазақстанның 30 жылдығы (қазіргі Ынтымақ) ауылында дүние есігін ашқан. Спорт әлеміне 2009 жылы келген. Бүгінде ...

Толығырақ »