Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

Ежедневные архивы: 10.02.2021

ТҰРҒЫН ҮЙ САЛУҒА НИЕТТІ АЗАМАТТАР НАЗАРЫНА!

Түркістан қаласы облыс орталығы болғалы шаһарға басқа өлкелерден көшіп келгендер, жаңа орталықта тұрғылықты қалуға ниетті азаматтар саны артты. Қазіргі таңда құрылысы қайнаған қаланың тұрғындар саны артып, тұрғын үйлер қатары көбеюде. Қаланың бас жоспарына сәйкес, осындай мақсатта салынып жатқан тұрғын үйлердің қабырғасын қалауында бірқатар ескерілуі қажет тәртіптер бар. Атап айтқанда, ҚР ЕЖ 3.01-102-2012 7 жағдайын қамтамасыз етуді ескере отырып, құрылыс салушы ...

Толығырақ »

ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕНІҢ ЖІТІ БАҚЫЛАУЫНДА

Жас ұрпаққа өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. Осыған орай, ағымдағы жылдың 9 ақпан күні Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының білім бөліміне қарасты мектептердің жоғары сынып оқушылары арасында пәндік олимпиаданың екінші күні өтті. Білім бәсекесі сарапқа түскен шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің жанынан құрылған «Түркістан — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ...

Толығырақ »

САНА ТҮЗЕЛМЕЙ, СЫБАЙЛАСТЫҚ СЕЙІЛМЕЙДІ

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев қоғамда жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында облысқа қарасты Түлкібас және Отырар ауданында үгіт-насихат жұмыстарын кездесті. Ағартушылық бағытта өрбіген келелі шараның негізгі мақсаты — парасаттылық құндылықтарын ел ішінде кең көлемде насихаттау арқылы ел азаматтарының бойына адалдық қасиеттерін дарыту және сыбайлас жемқорлық ...

Толығырақ »

ЖАТАҚХАНАЛАРҒА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері мен «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері және арнайы мониторингтік топ мүшелері студенттердің өмір сапасын жақсарту үшін жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жатақханаларына тұрақты негізде мониторинг жұмыстарын жүргізуде. Мониторинг жұмыстары Түркістан қаласында орналасқан Түркістан көпсалалы индустриялды- техникалық колледжінің және Түркістан жоғары медицина колледжінің, ...

Толығырақ »

ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРАДЫ

Биыл Келес ауданына қарасты Ақтөбе ауылдық округінің 5 елді мекеніндегі электр желілері жаңартылатын болады. Бұл жұмыстарға 70-ке жуық азамат жұмыспен қамтылады. Олардың зейнет жарнасын төлеу мердігер мекемелерге міндеттеліп, әкімдік бақылауында болады. Түркістан облысы, Келес ауданында былтыр «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 100-ге жуық азамат жұмысқа орналасты. Бағдарлама төрт бағытты қамтиды. Жұмысқа орналасқан азаматтар көбіне құрылыс саласында еңбек етеді. Әлеуметтік-мәдени ...

Толығырақ »

АДАМ ӨМІРІН АРАШАЛАП ҚАЛДЫ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының Сарыағаш аудандық ХҚО бөлім басшысының орынбасары Камилов Талғат Бағдатұлы поезд өткеліндегі көпірден секіріп, суицид жасамақ болған жігітті өлімнен арашалап қалды. Үйіне бара жатқан Талғат Бағдатұлы жолай полиция автокөліктерін, жиналып қалған жұртты байқап жақындағанда, көпірден секіргелі тұрған жігітті көріп бірден көмекке ұмтылған. «Мен досымның көлігімен үйге қарай келе жатқанмын. Бір ...

Толығырақ »

ЖЕТІСАЙДА КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Көктем – күллі табиғаттың ұйқысынан оянып, жаңарып түлейтін, Жер ана бусанып, көк шығатын ерекше мезгіл. Тіршілік атаулыға жан бітіріп, жаңа өмірдің бастауы іспетті осы бір сәтті ерекше күтетін халық күннің көзі көрінісімен-ақ шаруашылық жұмыстарын бастап кетеді. Бірі жерін баптап, егін сепсе, енді бірі көшет егіп, тазалық жұмыстарына кіріседі. Осы орайда, Жетісай ауданының  әкімі Жамантай Қанайұлы бастама көтеріп, көктемі ерте келетін ...

Толығырақ »

ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛДІ

Түркістан облысы, Созақ ауданында өткен жылы 25,5 шақырымды құрайтын аудан елді мекендерінің 20 ішкі көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 14 шақырымды құрайтын 7 көше жөнделді. 12 шақырым жол жергілікті бюджет есебінен жөнеуден өтті. Атап айтсақ, Шолаққорған ауылының 8 шақырымнан асатын 8 көшесіне асфальт төселген. Созақ ауылының 3 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт төселді. ...

Толығырақ »

ЖЕРГІЛІКТІ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Арыс қаласына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев, Кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Иманқұлов Нұрбақыт, Түркістан облысының инвестиция және экспорт басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Қанат Шонбасов, Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ибадуллаев Мәди, сондай-ақ қаржы мекемелерінің басшылары арнайы іссапармен келді. Алдымен Мейіржан Иябайұлы жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, кәсіпкерлерге шағын бизнесті қолдау мақсатында кәсіпкерлікке арналған мемлекеттік бағдарламалар аясында «Бизнестің ...

Толығырақ »

МЕН ӨМІРІМДІ ЖЫРЛАЙМЫН!

Мұқағали Мақатаев — қазақтың əйгілі ақыны. Ол қазақ поэзия əлеміне шетсіз – шексіз кеңістік пен көз сүрінген биіктік əкелген ақын. Құдіретті қарапайымдылықпен «күпі киген қазақтың қара өлеңін шекпен жауып, өзіне қайтарған» ақын. Кəусар сезім мен тояттамас көңіл, шалқыған шаттық пен мұңға тұнған махаббат, буырқанған шабыт пен сабырға көнбес сағыныш сыйлаған ақын. Мұқағалидің барлық еңбегі тұтастай алғанда, өткен ғасырдың асыл мұралар ...

Толығырақ »

ЖЫР ЖҮЙРІГІ — МҰҚАҒАЛИ

«Өмірім, сірә да, әріден басталған, Әріден басталып, мәңгіге тасталған…» Ғажайып ақындардың бірі – Мұқағали Мақатаев кішкентай бала кезінен бастап қаншама қиыншылық көрсе де, мойымай өлең – жырға әуес болған. Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды. Поэзия әлемінде өз ойын көркемдікпен, асқан шеберлікпен жеткізе білу әрбір ақынға беріле ...

Толығырақ »

ШИПАЖАЙҒА КЕЛУШІЛЕР САНЫ АРТУДА

Шипалы суымен әлемге танымал Сарыағаш шипажайына келіп ем алушылардың саны жыл өткен сайын артып келеді. Былтыр Сарыағаш ауданына 85 мың турист келген. Ауданға келген туристерге 50-ден астам емдік сауықтыру шипажайлары, балалар шипажайы, балалар сауықтыру лагері, гольф клубы, 21 қонақ үй қызмет көрсетеді. Өткен жылы туризімді дамыту мақсатында жалпы құны 378 млн. теңге болатын төрт нысан іске қосылып, 60-қа жуық жаңа ...

Толығырақ »

БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ АЛПЫС ЖАСТА

Биыл Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасына — 60 жыл. Жарты ағасырдан астам уақыт балаларға қызмет көрсетіп келген қарашаңырақтың мерейтойы аясында ауқымды шаралар ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен орайласқан Түркістан облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының 60 жылдығы Ордабасы ауданында аталып өтті. «Бала руханиятының алтын бесігі» тақырыбындағы апталықтың ашылуына аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаев пен аудандық мәслихаттың хатшысы Қасымбай ...

Толығырақ »

ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев кезекті рет Түркістан қаласындағы құрылыс алаңдарын аралап, ондағы жұмыс барысын бақылады. Облыс басшысы отандық, жергілікті құрылыс материалдарына басымдық беруді тапсырды. Құрылыстың сапасы қатаң бақылауда екенін ескертті. Аймақ басшысы облыс орталығында жүріп жатқан құрылыс нысандарында болып, ондағы жұмыс барысымен танысты. Өмірзақ Естайұлы Түркістанның брендіне айналатын негізгі жобалардың бірі – «Керуен сарайдың» құрылыс аумағында болды. 20 гектардан астам ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА «ҚАУІПСІЗ ҚАЛА» ШАРАСЫ ӨТІП ЖАТЫР

Түркістанда тәртіп түзеліп келеді. Бұған «Түркістан — қауіпсіз қала» жобасының тигізер пайдасы мол. 1 қаңтардан бастап рухани шаһарда «Түркістан — қауіпсіз қала» жедел – профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Мақсат – айыппұл салу емес, қауіпсіздікті жандандыру. Түкрістан қаласында көлік қозғалысы мен аулалардағы қауіпсіздікті бақылайтын 50 –ге жуық «ақылды» бейнекамералар орнатылған. Жақын уақытта олардың санын көбейту көзделген. Түркістан қаласы Полиция басқарманың қызметкерлері ...

Толығырақ »

ШАРУАЛАР ЕГІСТІК АЛҚАБЫН КЕҢЕТПЕК

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында өткен жылы ауыл шаруашылығы саласында жасалған үш жақтама келісім бойынша бекітілген 26 көрсеткіштің 24-і орындалған. Ауданда былтыр өндірілген өнімдердің жалпы көлемі 86 млрд. теңгеге жоспарланып, жыл қорытындысымен орындалуы 92 млрд. теңгені құрады. Соның ішінде қарқынды жеміс бауы 100 га, жүзім бауы 110 гектарға артты. Сондай-ақ ауданда 40 бірлік шағын мал бордақылау алаңы, 9 бірлік жанұялық сүт ...

Толығырақ »

ӘДЕБИ-САЗДЫ КЕШІ ӨТТІ

Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен кәусар сезім мен тояттамас көңіл, буырқанған шабыт пен сағыныш сыйлаған мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Мұздама, жылы жүрегім» атты әдеби-сазды кеш өтті. Ақиық ақынның туған күніне орай өткен шарада жастар Мұқағали жырынан шашу шашып, лирикалық әндерін тарту етті. Бұдан бөлек сыршыл поэзиясымен мәңгі есте қалатын ақынның өлеңдерін жатқа оқып, облысымыздың атын республика ...

Толығырақ »

ПАРАСАТТЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі жемқорлықтың алдын алуға және құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептерді жоюға бағытталған жүйелі шараларды қабылдауда. Бүгінде әрбір қылмыстық іс бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудың себептері мен алғышарттарын жою туралы ұсынулар енгізілуде. Осы ретте, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы А.Жұмағали және оның орынбасарлары Т.Серікбаев ...

Толығырақ »

АНТИКОР: КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы А.Жұмағалидің қатысуымен Бәсекелестікті қорғау жане дамыту Агенттігінің қалалық департаментінің ұжымымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында кездесу өтті. Шараға Департамент басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі С.Мәжінбеков, Бәсекелестікті қорғау жане дамыту Агенттігінің қалалық департаментінің басшысы С.Сихымбекұлы қатысты. Онлайн шара барысында жемқорлықтың алдын алу мақсатында Агенттікпен қолға алынған жобалар, ...

Толығырақ »