Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

Ежедневные архивы: 17.02.2021

АЛЛЕЯ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУДА

«Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет»-демекші, дәстүрлі қазақ қоғамында жасы үлкен адамдарды құрметтеу рәсімі ежелден бар. Бұл жолғы игі шараға түлкібастық халық қалаулылары мұрындық болды. Осыдан 5 жыл бұрын аудандық мәслихат депутаттарының демеушілігімен аудан орталығының шығыс беткейінен бой көтерген депутаттар аллеясы қайта жаңғырып, оған «Ардагерлер аллеясы» деген атау берілмек. Аудандық «Ардагерлер аллеясының» орнынан жаңа 300 орындық мектептің түсуіне байланысты, ардагерлерге ...

Толығырақ »

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ КУБОГЫ САРАПҚА САЛЫНДЫ

Түркістан қаласында тұрғындар арасындағы салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында «Спорттық қала — дені сау тұрғындар» тақырыбында қала әкімі кубогы сарапқа салынды, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. 14 ақпан күні басталған додада алғаш болып жас жеткіншек қыздар баскетболдан жарысқа түсті. Облыстың әр аудан, қалаларынан барлығы 15 команда, 180-нен астам азамат қатысты. Бәйге нәтижесінде I орын ...

Толығырақ »

«ПАРАСАТТЫ ЖОЛ» ОРТАЛЫҒЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Парасаттылық – ізгіліктің іргетасы, даналықтың биік шыңы. Бұл кемел қасиет толық қалыптасқан қоғамда адалдық пен әділдік, туралық пен тазалық, адамгершілік пен сенім құндылықтары кең тамыр жаяды, өнегелі істердің өрісі кеңейеді. Бұл ретте, парасаттылық идеялогиясын ілгерілетуге айрықша басымдық берген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бүгінгі күні Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп, ел аумағында орналасқан кітапханаларда «Парасат жолы» орталығын ашу бастамасын жүйелі ...

Толығырақ »

«ГАЗЕТ-ЖУРНАЛ САТСАМ ДЕЙМІН…»

«Ауылдағы Мәдениет үйінің жанынан бір бөлмесін жалға алып, газет — журнал, кітап сататын дүкен ашсам болады ма?». Бұл – Қарабұлақ ауылының өз кәсібін дамытқысы келген тұрғынының сауалы. Сайрам аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Гүлнар Тынымбаева бүгін Қарабұлақ ауылдық округінің тұрғындарын жеке сұрағы негізінде қабылдады. «Ауыл — ел тірегі» онкүндігі аясында ұйымдастырылған қабылдау барысында тұрғындар көкейде жүрген сұрақтарына жауап ...

Толығырақ »

МАНКЕНТТЕГІ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР

Осыдан біраз бұрынСайрам аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков Манкент елдімекені, Алматы тас жолы бойындағы тазалық жұмыстарын сынға алған болатын. Бүгін аудан әкімі аталған аумаққа тағы да ат басын бұрып, қазіргі жағдайымен танысты. Алдымен көше тазалығы барысын көріп, тұрғындармен кездесті. Алматы тас жолы бойына үгіт — насихат құралдарын көптеп орналастыру қажеттігін айтты. Бұдан кейін аудан басшысы Манкент елдімекенінде орналасқан жеке кәсіпкер Низамбек ...

Толығырақ »

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ АСҚАР МАМИН ШЫМКЕНТ ПЕН ТҮРКІСТАНДЫ ДАМЫТУ ЖОБАЛАРЫН ТЕКСЕРДІ

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапары аясында Шымкент пен Түркістан қалаларының көлік, тұрғын үй және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымы объектілерінің құрылыс барысын, сондай-ақ өңірдің өнеркәсіптік және су-энергетикалық әлеуетінің дамуын тексерді. Шымкентте Үкімет басшысына өткізу қабілеті сағатына 2000 жолаушыны құрайтын халықаралық әуежайдың жаңа жолаушылар терминалының құрылысы туралы баяндалды. Оны биыл қазан айында іске қосу көзделген. А. Мамин биыл пайдалануға беру жоспарланған Д. Қонаев ...

Толығырақ »

БОС ЖАТҚАН ЖЕРЛЕР ҚАЙТАРЫЛУДА

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында игерілмей бос жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы 70 гектар жер анықталған. Жер учаскелері бойынша салық берешегін өндіру туралы хабарламалар жолданды. Аудан аумағында жеке тұлғалардың кәсіпкерлік мақсаттағы жер телімдерін түгендеу жұмыстарының барысында 10 азаматқа тиесілі 5 гектарға жуық жер телімі анықталып, Түркістан облысының жер инспекциясы басқармасына тиісті шара көру үшін және мемлекеттік кірістер департаментіне салық берешегін өндіру бойынша ...

Толығырақ »

ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

Ұлттық спорт түрлерінен жастар мен жасөспірімдер арасында Түркістан облысының чемпионаты аяқталды. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бұл жарысқа өңіріміздің талантты жастары қатысты. Өңірде ұлттық спорт түрлері кеңінен дамып келеді. Жастар мен жасөспірімдер арасында жекелей өткен сайыста садақ атудан жасөспірімдер арасында бас жүлдені төлебилік Иманбек Асылбек иеленді. Сарыағаш ауданының намысын қорғаған Әділ Бейтенов күміс жүлдегер, ал, Жасұлан Жұмабек қола жүлдегер атанды. ...

Толығырақ »

ОНЛАЙН ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев «Ашық әкімдік» алаңында жеке азаматтарды онлайн қабылдады. Елдегі карантин жағдайына байланысты азаматтардың жеке қабылдауы онлайн форматта өтті. Әкімнің жеке қабылдауына өз мәселесімен 10-нан астам азамат қатысты. Облыс басшысының қабылдауына жазылған азаматтардың басым бөлігі әлеуметтік мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді. Аймақ басшысынан тұрақты жұмыс табуда көмек көрсетуін сұрағандар да болды. Атап айтсақ, Келес ауданы Көкбұлақ елді мекенінің ...

Толығырақ »

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыстық қоғамдық кеңес мүшелерінің алдында есеп берді. Облыс әкімі өз баяндамасында аймақ дамуының негізгі деген бағыттарына тоқталды. Әлем экономикасын құлдыратқан пандемияның салдары ел өміріне де өзгерістер енгізгенін ескерген облыс басшысы өткен жылды жалпы алғанда, Түркістан облысы нәтижелі аяқтағанын айтты. Экономикада өсім, салықта түсім бар. Жалпы өңірлік өнімінің өсімі бойынша облыс республикада өңірлер арасында 1 орында. ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚ ДИҚАНДАР 120 ТОННА ҚЫРЫҚҚАБАТТЫ АРТЫП ҮЛГЕРДІ

Түркістан облысы Жетісай ауданында жалпы ауылшаруашылығы мақсатындағы жер көлемі — 78 500 гектар. Оның былтыр 1 170 гектарына қырыққабат егіліп, одан 36 мың тонна өнім жиналған. Биыл жыл басынан бері ауданда 900 гектарға қырыққабат көшеттері отырғызылған. Қырыққабат егумен үзбей айналысатын Жаңа дәуір елді мекенінде орналасқан «Шаблан» шаруа қожалығы 3,5 гектарға қырыққабат егіп, қазіргі таңда одан 70 тонна, ал Әметов Нұрбол ...

Толығырақ »

КЕДЕЙ ҚЫЗЫ

Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығының ғимаратында жас жазушы, былтыр ғана «Жылдың үздік жазушысы» аталымының иегері атанған Абылай Есімбайдың «Кедей қызы» атты кітабының таныстырылымы болып өтті. Шараға «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Дамир Жүнісов, Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев және облыстың зиялы қауым өкілдері мен жазушының замандастары ...

Толығырақ »

«МЫРЗАКЕНТ» МОНШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Мырзакент кенті — «аудан орталғы» статусына ие болғалы көркейіп, жан-жақты дамып келеді. Орталықта түрлі кәсіпкерлік нысандары ашылып, халыққа қызмет көрсету сапасы барынша жақсаруда. Бүгін «Назар» шаруа қожалығының төрайымы, кәсіпкер Ұлболсын Асқарованың жеке қаражаты есебінен салынған «Мырзакент» моншасы ел игілігі үшін пайдалануға берілді. Қоғамдық кешеннің ашылу рәсіміне қатысқан ауданның кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Өсер Мырзамдамов әлемдегі қиын жағдайға қарамастан ауданда шағын және ...

Толығырақ »

ЖОҒАРҒЫ КӨРСЕТКІШТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Мақтаарал ауданының жер қатынастар бөлімі облыс әкімдігінің ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. Облыста жер қатынастары саласын дамыту мақсатында 2020 жылға жоспарланған жұмыстарды жоғары деңгейде орындағаны үшін берілген марапатты аудан әкімі Бақыт Асанов бөлім басшысы Нұржан Атақұловқа табыстады. Ауданымызда жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі өте өзекті болып отыр. Мемлекеттен жерді тегін жалға алу құқығына ие болғандардың көпшілігі жерді игермей, босқа ұстап отыр. ...

Толығырақ »