Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

Ежедневные архивы: 23.02.2021

КАРАНТИН: ТОЙҒА КЕЛУШІЛЕРДІ ТАРҚАТТЫ

Түркістан облысының полицейлері кезекті «Қыз ұзату» тойына келушілерді тарқатты. Сарыағаш АПБ-ның қызметкерлері карантин режимін және шектеу шараларын сақтау мақсатында тұрақты түрде іс-шаралар ұйымдастыруда. Осындай кезекті арнайы құрылған топпен бірге профилактикалық жұмыстар жүргізу барысында, Сарыағаш қаласының көшелерінің бірінде орналасқан тойханада «Қыз ұзату» тойы өтіп жатқаны анықталған. Аталған тойға шамамен 100-ге жуық қонақ жиналған. Тойдың үстінен түскен тәртіп сақшылары аталмыш тойға келушілерге ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА 25 000 АСТАМ ТҰРҒЫН ЖЕР КЕЗЕГІНДЕ ТҰР

Түркістан қаласында инфрақұрылым аяқталмай жер берілмейді. Бұл туралы қала әкімі Рашид Аюпов Instagram желісіндегі жеке парақшасында тікелей эфир арқылы айтып өтті. WhatsApp мессенджерінде тегін жер беріліп жатқаны және ол бойынша Халықтық кеңсеге бару қажеттігі жайлы ақпараттар тарауда. Рашид Абатұлы жалған ақпарат тарататындарға Заңмен шара көрілетінін айтып, қазірде ешқандай жер беріліп жатқан жоқ екенін айтып өтті. «Тек Түркістан қаласының азаматтары ғана ...

Толығырақ »

АЛҒЫС АЙТЫП, АЛҒЫС ХАТТАР ТАПСЫРДЫ

Жарық дүниеге келген адамзат баласы ғұмыр сүрген өмірінде талай-талай қуанышты оқиғалар мен ауызбіршілік пен азаматтық қасиеттер сынға түсетін небір ауыр сынақтарға, табиғи апаттарға тап болып жатады. Мұндайда үрейге бой алдырмай, сабыр сақтап, туындауы мүмкін қауіптің алдын алып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара жүріп ұйымшылдықпен қажетті жұмыстарды сәтімен жүзеге асырған жандардың қашан да ұтары көп, жүздері жарқын. Жақында киелі ...

Толығырақ »

ҚЫЗ СҰЛУ КӨРІНЕДІ ҚЫЛЫҒЫМЕН

Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і Кентау қалалық филиалы мен Жастар ресурстық орталығының бірлесе ұйымдастыруымен арнайы бекітілген кестеге сәйкес “Ерте жүктілік және оның алдын алу жолдары” атты іс-шара өтті. Дөңгелек үстелге Кентау қалалық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Маржан Кривенцова, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і Кентау қалалық филиалының маманы Алия Курманбаева, Жастар ресурстық орталығының психологы ...

Толығырақ »

KENTAU QYZMET CUP ТУРНИРІ ӨТТІ

Кентау қаласында мемлекеттік қызметкерлері арасында кіші футболдан турнир өтті. Аталған турнир ҚР “Тәуелсіздігінің — 30 жылдығы” мерекелік іс-шаралар мен қазақтың әйгілі палуаны Қ.Мұңайтпасұлының 150 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылды. Турнирге жалпы саны 10 команда қатысып, іс-шара 100 адамды қамтыды. Қатысқан командалар атауы: Кентау қаласы әкімдігі аппараты, қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы, қалалық ішкі істер бөлімі, қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі, қалалық кәсіпкерлік және ...

Толығырақ »

ЕКІНШІ ДОЗАСЫН ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын алғашқылардың бірі болып Кентау қалалық емханасы қызметкерлері мен Кентау қалалық санитариялық эпидемиологиялық басқармасының қызметкерлері, Кентау қалалық орталық ауруханасының қызметкерлері және медицина ұйымының қызметкерлері, жұқпалы аурулар, жансақтау бөлiмi, қабылдау бөлімі, фильтр бөлiмi және санитарлық эпидемия мекемелерiнiң мамандарына «SPUTNIK-V» вакцинасының екінші дозасын егу жұмыстары басталды. Вакцинацияға 02.02.2021ж. егілгендер шақырылып, 21 күн аралықпен жасалуда. Бүгін таңертең емханаға орталық ...

Толығырақ »

ЖЫР АЛЫБЫ –ЖАМБЫЛ

Қазақ халық поэзиясының жыр алыбы атанған қайталанбас тұлға Жамбыл Жабаевтың туғанына биыл 175 жыл толып отыр. Республикамыздың барлық өңірінде ақынның мерейтойына орай түрлі ісшаралар өткізу басталып та кетті. Осыған орай, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылындағы мәдениет үйінде №12 Қарабұлақ ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Жыр алыбы — Жамбыл» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Кеш қонақтары Сайрам аудандық «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ қызметкерлері, ...

Толығырақ »

ПАРАСАТТЫЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ ТУРАЛЫ АЙТЫЛДЫ

Түркістан облысы әкімі аппаратында «ISO 37001: «Парақорлық пен күрес менеджменті жүйесі» халықаралық стандартын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметін квазимемлекеттік сектор қызметіне енгізу» тақырыбында семинар  — тренинг ұйымдастырылды, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Оған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерттеу орталығының, мүдделі мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор мен ...

Толығырақ »

АШЫҚ БІРІНШІЛІК БАСТАЛДЫ

Ел Тəуелсіздігінің 30 жылдығына орай Түркістандағы №3-ші облыстық олимпиадалық спорт мектебіде үстел теннисінен ашық біріншілік басталды, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDIARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған жарысқа спорт ардагерлері мен спортшылар қатысты. Сайысты ашқан Түркістан облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев спортшыларға сәттілік тіледі. Шадияр Қондыбаев жетекшілік ететін облыстық №3-ші олимпиадалық спорт мектебінің ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: СПОРТ КЕШЕНІ САЛЫНАДЫ

Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балалардың спорт мектебінің жаңа жобасы мақұлданды. Түркістан қаласының орталығындағы Саттарханов даңғылының бойынан бой көтеретін ғимарат заман талабына сай, әрі шаһардың жаңарған келбетіне сәйкес болады. 320 орындық спорт кешенінде үлкен зал мен бірнеше жаттығу бөлмелері орналасады. Нысан құрылысы жақын уақытта басталып, келер жылы пайдалануға берілмек. «Желілік саябақ» бойында, бұрынғы орнынан қайта бой көтеретін зәулім кешеннің айналасы толық ...

Толығырақ »

ЖАЙЫЛЫМ КӨЛЕМІ АРТАДЫ

Халықтың пайдаланатын жайылым жердің көлемі 742 мың га немесе 21% артады. Түркістан облысы аумағындағы жайылым жерлерді қайтарудың 5 бағыттық қадамдық алгоритм жобасы әзірленді. Облыс әкімінің тапсырмасымен дайындалған алгоритм бойынша жайылым тапшылығы орын алған 152 елді мекен маңындағы халықтың мұқтажына алынатын учаскелер анықталып, басымдылық берілді. Бұл туралы өңір басшысы Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен лездемелік мәжілісте айтылды. Отырыста облыстық жер қатынастары басқармасының ...

Толығырақ »

ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

Былтыр Жетісай ауданы бойынша аудандық маңызы бар автомобиль жолы мен елді мекендерге қарасты 53 көшеге орта жөндеу және 219 көшеге ағымдағы (тас төсеу) жол жөндеу жұмыстары жүргізілген. Атап айтқанда, «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы аясында 15,2 шақырымды құрайтын 22 көшеге орта жөндеу, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 1,68 шақырымдық 1 көшеге орта жөндеу және 3 көшеге аяқ жол салу ...

Толығырақ »

ҚОЙМАҒА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Бүгінгі күні короновирустық инфекцияны емдеу үшін дәрілік заттардың екі айлық қоры қалыптастырылып, ол бірыңғай дистрибьютордың хабтарында сақталуда. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, қоғам белсенділері қамтылған Жұмысшы топ «СК-Фармация» қоймасына арнайы барып, коронавирустық инфекцияны емдеуге арналған дәрілік заттардың болуына мониторинг барысында айтылды. Басты мақсат – қаланың коронавирустық ...

Толығырақ »

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ АЛЫП ЖАРШЫСЫ

«Ұлы даланың алып жаршысы» тақырыбында қалалық жасөспірімдер кітапханасының «Парасат жолы» орталығында қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай байқау ұйымдастырылды. Шараның мақсаты — жыр алыбы Жамбылдың шығармалары арқылы адамгершілікке, парасаттылыққа, елінің өнерін сүюге тәрбиелеу, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру, жастардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге ...

Толығырақ »