Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

Ежедневные архивы: 03.03.2021

ЗАҢДЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ

  Өрт – салғырттық пен қателікті кешірмейтін, әрі салдары қайғылы аяқталуы мүмкін қауіпті жайт. Мұндай сәтте сабырлық сақтап, материалдық залалды азайтуға және адам өліміне жол бермеуге бағытталған қауіпсіздік талаптарын орындау маңызды. 2 наурызға қараған түні «Тұлпар» базарында орын алған өртте де осылай болды. Оқиға орнына келген Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ жанып жатқан базар ...

Толығырақ »

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясың кезекті отырысы өтті. Жиынға филиал төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева, комиссия мүшелері, депутаттар және БАҚ өкілдері қатысты. Отырыс барысында үшінші мегаполистың автомобиль жолдары саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Жиында Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов аталмыш басқарманың 2020 жылы атқарған жұмыстары туралы есеп берді. Ержан Жақсылықұлының ...

Толығырақ »

ЖАЗА КҮШЕЙТІЛДІ

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру мақсатында Қаратау ауданы әкімі аппаратының ұжымымен кездесу өтті. Шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің қалалық департаментінің басшысы А.Жұмағали, оның бірінші орынбасары Т.Серікбаев, Департамент жанындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Бейсалиев, қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі С.Мәжінбеков, аудан әкімі А.Әліқұлов қатысты. Онлайн шара барысында сөз алған Департамент басшысы Асхат Жұмағали Агенттіктің бастамалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға ...

Толығырақ »

ПАРАСАТТЫЛЫҚ ЖАСТАР КӨЗІМЕН

Бүгін Шымкент қаласы орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесіне қарасты №4 балалар кітапханасының «Парасат жолы» орталығында «Парасаттылық жастар көзімен» тақырыбында 7-9 сынып оқырмандары арасында пікірталас өтті. Шараның мақсаты — жастарды патриоттыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, адалдық пен парасаттылықты, ізгілік пен әділдікті дәріптеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мәнін түсіндіру болып табылады. Пікірталаста адалдық, парасаттылық, даналық, әділдік, қамқорлық, қайырымдылыққа қатысты оқушылар пікірлерін ортаға салып, белгілі ақын, ...

Толығырақ »

АДАЛ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘРКІМНІҢ ӨЗ ҚОЛЫНДА

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ұжымымен кездесу өтті. Күн тәртібіндедегі басты мәселе — сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, заңнамаға енгізілген өзгерістерді түсіндіру, ұжымда парасаттылық құндылықтарын дәріптеу болып табылады. Онлайн шараға Департамент басшысы А.Жұмағали, оның бірінші орынбасары Т.Серікбаев, ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі С.Мәжінбеков, аудан әкімі Ғ.Ильясов пен ұжым қатысты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалардың ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕГІ ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТТІҢ ДАМУЫ

Шымкентте «Ресей Федерациясы трансплантологиясындағы актуальды сұрақтар мен Шымкенттегі жедел қызметтің дамуы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференциясы өтуде. Конференцияның алғашқы күнінде Ресейден келген медицина мамандары, №1 қалалық клиникалық ауруханасы мен ОҚМА аясында ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға қойылды. Конференцияға арнайы қатысқан Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысушыларға сәттілік тілеп, конференцияның маңыздылығын атап өтті. Ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға қол ...

Толығырақ »

БІТІМГЕР – БІТІСТІРЕДІ

Қазақстан әлемдік қауымдастық әріптестігіне теңескен бүгінгі сот төрелігінің қолжетімділігі мен әділдігін жедел дамыту мәселесі ерекше маңызға ие. Бұл мәселе тек құқықтық ұсынымдар мазмұнының талаптарына ғана емес, ол жалпы қоғамның құқықтық деңгейіне және әрбір азаматқа қойылатын талап болып табылады. Елбасы Н.Назарбаев сот саласының қазіргі заман талабына сай дамуына ерекше назар аударып, нәтижесінде сот жүйесінде түрлі дауларды бейбіт тәртіппен шешу тәжірибесі қалыптасып, ...

Толығырақ »