Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

Ежедневные архивы: 02.11.2023

Қысқа мерзімді оқыту – оқып, жұмыс табудың мүмкіндігі

Қысқа мерзімді оқытудың арқасында сіздер жаңа мамандықты тегін игеріп қана қоймай, сондай-ақ жұмысқа да орналаса аласыздар. Оқытудың ұзақтығы бағдарламаға қатысушының таңдаған мамандығына байланысты. Оқыту жұмыс берушінің сұранысы бойынша оқу ұйымдарында немесе жұмыс берушінің жұмыс орнында жүргізіледі. Қысқа мерзімді оқытуға қатысушылар оқу ақысын, шәкіртақы немесе жалақы төлеу түріндегі мемлекеттік қолдаумен, сондай-ақ жолақымен қамтамасыз етіледі. Қатысу үшін тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҮШ МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен үш ауысымды, апатты, ескі мектептер мәселесін шешу бағытында «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы әзірленді. Жоба шеңберінде заманауи мектеп ғимаратының құрылысы жүргізіліп, ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайту көзделген. Аталған жоба аясында Төлеби ауданында жаңадан 4 мектептің құрылысы жоспарлануда. Атап айтқанда, Достықта – 900 орындық, Көксәйекте – 600 орындық, Қосағашта – 300 орындық, Бірінші Мамырда – ...

Толығырақ »

«ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ – ҰЛТТЫҚ РУХАНИЯТ АЙНАСЫ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Түркістан Оқушылар сарайында Қазақ мәдениетінің, руханиятының қара нары, халқымыздың ұмыт болған ұлттық мәдениеті мен әдеп-ғұрпын қайта түлеткен белгілі этнограф, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің 92 жылдығын атап өту мақсатында «Өзбекәлі Жәнібек — ұлттық руханият айнасы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға елімізден және Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан және Қарақалпақстан сияқты елдерден ғалым, профессорлар мен мұғалім, студенттер қатысып, баяндамалар жасалды. ...

Толығырақ »

ЖАС ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН АЙМАҚТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ

Түркістан облысының білім басқармасы, Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастырумен Шымкент қаласында өңірлік жас педагогтермен «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» атты жас педагогтер форумы өтті. Форум мақсаты — білім беру мазмұнын сапалы ендірудің тиімді механизмін құру арқылы жас ұстаздарға қолдау көрсету. Форумға қатысушылар “Педагогтің қызметіндегі зерттеу”, “Инклюзивті оқыту”, “Пәндік кәсіби құзыреттілікті дамыту” тақырыптарында қозғалған өзекті ашық алаңдарға қатысып, тәжірибе жинады. Бұл форумға ...

Толығырақ »

САЙРАМ: “ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ БЕТБҰРЫС” АТТЫ АЛҚАЛЫ МӘЖІЛІС ӨТТІ

Сайрам ауданы, Ақсукент елді мекенінде орналасқан Ш.Қалдаяқов атындағы Мәдениет үйінде “Ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыс” тақырыбында алқалы мәжіліс өтті. Жиынға Сайрам ауданы әкімшілігінің өкілдері, «Ардагерлер кеңесі» қоғамдық ұйымының мүшелері, Сайрам ауданының барлық білім беретін жалпы орта мектептерінің директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, бала тәрбиесіне жауапты педагогтар, ата-аналар төрағалары және де Сайрам ауданының әкелер, әжелер алқалары қатысты. Күн тәртібінде «Әкелер мектебінің – ...

Толығырақ »

ОКСФОРД УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЛЕКТОРЫ ӨЗ МЕТОДИКАСЫМЕН ТАНЫСТЫРДЫ

Төлеби аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Ленгір қаласындағы №4 Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте ауданның ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған оқыту семинары өтті. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін шыңдау, сындарлы көзқарас қалыптастыру, білім алушылардың пәнге, тіл меңгеруге қызығушылығын арттыруды көздейтін, оқытудың заманауи технологияларын қолдануды үйрету мақсатында «Мұғалім ролінің маңыздылығы. Білім беруде жасанды интеллектіні тиімді пайдалану» тақырыбында өткен аталмыш семинарға әйгілі ...

Толығырақ »

“ОТАНЫМ ЖҮРЕГІМДЕ” БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Түркістан облысы білім басқармасының бастамасымен, осымен екінші рет ұйымдастырылған байқау өз мәресіне жетті. Патриоттық өлең оқыған оқушыларымыз бен студенттер әлеуметтік желі арқылы өзара бақ сынасты. 100-ге жуық қатысуша өтінім берген байқауда биыл ерекше белсенділік байқалады. Айта кетейік, қатысушылар санының көптігіне байланысты нәтиже бүгін шықты. Жеңімпаздарды мараппаттау рәсімі алдағы аптада ұйымдастырылады. Жеңімпаздармен алдын-ала байланысып, хабардар етеміз. Арнайы шығармашылық топ өлеңдерді тыңдап, ...

Толығырақ »

Қ.СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНДА ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ

Жезқазған қаласында 9-сынып оқушылары арасында химия пәнінен Қ.Сәтбаев атындағы республикалық олимпиадасынан облысымыздың дарынды оқушылары жүлделі орындарға ие болды. 2023 жылдың 30 қазан мен 2 қараша аралығында Жезқазған қаласында Қ.Сәтбаев атындағы 9-сынып оқушыларына арналған химия пәні бойынша республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңі өткізілді. Олимпиаданың мақсаты – дарынды балаларды анықтау және қолдау, теориялық білім мен практикалық дағдыларын тереңдету, олардың химия пәнін оқуға қызығушылығын ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЛТЫ ТІЛДІ БІЛЕТІН МЕКТЕП МҰҒАЛІМІ АУЫЛ БАЛАЛАРЫН ОҚЫТЫП ЖҮР

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің алдында тұрған басты міндеттің бірі – салауатты, саналы, білімді, ақыл-парасаты мол және ғылыми-мәдени өрісі кең ұрпақ тәрбиелеу басты реформаларының бірі екендігін ерекше атап өтті. Келес ауданында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Гаухар Бахадырова еуропалық білімнің инновацияланған түрін ауыл балаларына үйретіп жүр. Ол Испанияның Кадис қаласындағы “Erasmus Mundus” университетінде білім алған. Соңғы 4 жылдан бері Абай ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҚ ОҚУШЫ ӘЛЕМНІҢ ҮЗДІК 21 УНИВЕРСИТЕТІНЕН ШАҚЫРТУ АЛДЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің алдында тұрған басты міндеттің бірі – салауатты, саналы, білімді, ақыл-парасаты мол және ғылыми-мәдени өрісі кең ұрпақ тәрбиелеу басты реформаларының бірі екендігін ерекше атап өтті. Арыс қаласының 11 сынып оқушысы Шапағат Сейілханға әлемге әйгілі 21 жоғарғы оқу орны өз гранттарын ұсынған. Олардың қатарында Case Western University, Chicago State University, Clark University, Colarado State University, California ...

Толығырақ »