Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

Ежедневные архивы: 06.11.2023

Төлеби: Қоғамдық кеңестің күн тәртібінде әлеуметтік көмек көрсету мәселесі қаралды

Төлеби аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Б.Оралбеков төрағалық еткен кеңестің отырысы өтті. Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды. Бірінші мәселе бойынша – Ленгір қаласы әкімі М.Жұмабаев Төлеби ауданы Ленгір қаласының №2, 3 мөлтекауданының орталық көшесіне Зетбек Ташев атауын беруге келісім беруді сұрады. Қоғамдық кеңестің мүшелері бұл мәселені жан-жақты зерделеп, талқылады. Әрбір кеңес мүшесі өз ой пікірлерін ортаға салып бір көшені бөліп жарып ...

Толығырақ »

БЕРЕКЕ-ЕҢБЕК ЕТКЕНГЕ БІТЕДІ

Елімізде мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулардың нәтижесінде өңірде ауыл шаруашылығы саласында даму бар. Жыл өткен сайын облыста мал саны көбейіп, тиісінше ет және сүт өнімдерінің де көлемі артуда. Бұл, әрине тұтынушыға табиғи өнімге қолжетімділікті арттырып, мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкердің кәсібін өрге сүйрейді. Жалпы оңтүстік –  аграрлық өңір. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында: «Ауыл-аймақты дамыту ...

Толығырақ »

ТҮЛКІБАСТА: БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА «АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ» КАБИНЕТТЕРІ АШЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің төрағалығымен 04.09.2023 жылы өткен №28 кеңестің хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында барлық білім беру ұйымдарында ата-аналарды педагогикалық орталықтары ашылу туралы Түлкібас ауданының білім бөлімінің №297 бұйрығы шығарылып, әдістемелік нұсқау хат және бағдарламасымен таныстырылды. Ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасында 1-11 сынып оқушыларының ата-аналарына педагогикалық қолдау бағдарламасының тақырыптары 1-қосымшаға сәйкес ұсынылған. Орталықтың ашылу мақсаты — ата-аналарға педагогикалық дәрістер беріп, балалармен ...

Толығырақ »

Жаңа технологиялар дәуірі жақындап келеді

Сарапшылардың болжамы бойынша, 10 жылдан кейін әлемдегі өнімдер мен қызметтердің 70 пайызы жасанды интеллектіні  қолданатын цифрлық платформалық модельдерге негізделеді. Мұның өзі жаңа салалар мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін жасайды. Жоғары білім беру жүйесі – цифрлық дәуірге, жасанды интеллектіні қолдануға сенімді түрде көшуді қамтамасыз ететін басты көпір. Ал жасанды интеллект адамдар мен заманауи құрылғылар арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге тың серпін береді. Президент Қасым-Жомарт ...

Толығырақ »

Мерей биігіндегі мектеп

Қай заманда болсын адамзат алдында тұратын басты міндеттердің бірі – бала тәрбиесі. Ал осы игілікті істе бойында ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік қасиеті бар, ата-анасын, Отанын құрметтей білетін, ұлттық санасы мен кісілік келбеті қалыптасқан саналы ұрпақ тәрбиелеу – барша педагогтер қауымының төл міндеті. Осындай ұжымның басын біріктіріп, жұмысын жоғары деңгейде атқарып отырған басшылардың бірі – Түлкібас ауданындағы Ә.Молдағұлова атындағы жалпы білім беретін ...

Толығырақ »

САУРАН: ӘКЕЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке — отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез — құлқы, өзгелермен қарым — қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі ерекше. Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір-шапағат көзі – әке. ...

Толығырақ »

ШАРДАРАДА «НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ» ЖАНЫНДАҒЫ «ВИРТУАЛДЫ» ЖӘНЕ «КАНИКУЛЯРЛЫҚ МЕКТЕПТЕР» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛҒАН

Шардара аудандық білім беру бөліміне қарасты Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі биылғы оқу жылынан бастап Дарынды балалар мен жұмысты жақсарту, олардың Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы дербес білім беру ұйымдарында оқулары үшін кейінгі жылдары «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ жанынан «Виртуалды» және «Каникулярлы» мектептер жобасы ашылып, осы жобаға қатысуда. Жоба мақсаты – мектептің 5-6 сынып оқушылары арасынан «Назарбаев Зияткерлік ...

Толығырақ »

«БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ» АЯСЫНДА 30-ҒА ТАРТА ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Сауран ауданының білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің және облыстық білім басқарамысының хаттары негізінде мектеп оқушыларының күзгі демалыс күндері мен бос уақытын тиімді өткізу, әрі тұлғалық дамыту мақсатында мектепішілік күзгі каникул, «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша іс-шаралар жоспары түзіліп, 30 қазан — 3 қараша аралығында өткізілді. Іс-шара жоспарына: — ғылыми жоба жұмыстары мазмұны туралы ақпараттық-танымдық сабақтар ұйымдастыруда жоғары сынып оқушылары ...

Толығырақ »

8-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ ҚАЙЫҢ ӨРКЕНДЕРІН КОНТЕЙНЕР ЫДЫСТАРҒА БӨЛІП ӨСІРУДЕ

Келес ауданы №37 Рахымжан Қошқарбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы Сәрсенбек Нұрсұлтан Еркінұлы қайың ағаштарының бірнеше түрлеріне сипаттама жасау арқылы лабораториялық жағдайда микроөркендерін арнаулы контейнерлік ыдыстарға бөліп өсіріп, оларды жеке торфты таблеткаларға отырғызды. Жас ғалым “Қайың ағашының пайдасы мен ерекшеліктері шаруашылықта және медицинада қолдану” тақырыбында зерттеу жұмысын жүргізіп жатыр. Оның мaқcaты қaйың ағаштарының емдік қасиеттері мен ерекшеліктерін ...

Толығырақ »

КЕЛЕСТЕ БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ МЕКТЕП АСПАЗШЫЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖИЫН ӨТКІЗДІ

Келес ауданы білім бөлімі және Келес аудандық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының санитарлық-гигиеналық бақылау және қадағалау, техникалық регламенттерді бақылау бөлімінің басшысы Н.Ш.Киясова, жетекші маманы М.А.Тағаева аудан аумағында орналасқан мемлекеттік білім беру мекемесінің мектеп директорлары, мектеп асханасының жеке кәсіпкерлері мен аспазшыларының қатысуымен арнайы жиын өтті. Жиында «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» туралы сөз болды. Аталған талаптар ҚР ДСМ 2021 жылғы 5 тамыздағы ...

Толығырақ »

БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ТӨЛЕБИДЕГІ БІЛІМ МЕКЕМЕЛЕРІН АРАЛАДЫ

Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Ғалымжан Сұлтанбекұлы Төлеби ауданына арнайы жұмыс сапарымен барды. Алдымен Қ.Байболов атындағы жалпы білім беретін мектебіне келген басқарма басшысы мектептің қауіпсіздік деңгейін тексерді. Қоршаудан бастап, бейнебақылау камераларының жұмыс істеуі, видеолардың ұзақ мерзімде сақталуын қарады. Есіктен кіргеннен арнайы күзет қызметінің жұмысын пысықтап, дабыл батырмасының жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізді. Мектептің жылыту маусымына дайындығын да назарға алған Ғалымжан ...

Толығырақ »