Басты бет » Көкейтесті » ХАБИБ НУРМАГОМЕДОВ – КОНОР МАКГРЕГОР. БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ: Ирландиялық Конор Макгрегор Хабибпен бірге виски ішкісі келді

ХАБИБ НУРМАГОМЕДОВ – КОНОР МАКГРЕГОР. БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ: Ирландиялық Конор Макгрегор Хабибпен бірге виски ішкісі келді

Тұтастай алғанда, Хабиб өзіне сенімді отырып, сұрақтарға сенімді жауап беріп отырды.

– Мен оны шаршатып жіберем деп ойлаймын. Ол шаршаған кезде беріліп қалады. Бокстасқан кезінде де шаршап беріліп қалған.
– Ал, сен автобуста беріліп қойғансың, – деп күлді Конор.
– Ал, сен 3-4 рет берілгенсің.
– Ал, сен автобуста берілгенсің, – деп қайталады Макгрегор. – Ирландияның лепреконы секілді.

Ресейлік шебер жекпе-жекке болжам жасамауға бел байлады. Ал, Конор шыдай алмай:

– Оның басы сегіз бұрышқа секіреді. Мен 6-қазанда оның басын сындырамын. Мен бес раундқа дайын боламын. Бәрін білдім. Хабиб әйнек секілді. Оны сындырамын.

Екеуі көп сөз таласты, алайда көбінесе сәуірде автобуста бооған жайтқа көп тоқталды.

– Мен саған твиттерде жауап бергем, – деді Хабиб.
– Сандырақтадың, не жаздың?
– Жаратушы ием, сені аяп, жаныңды сақтасын!
– Не жаздың?
– Мен саған қайда баратынымды сұрадым, ал сен 14 адаммен келдің. Содан кейін сені 40 адам қоршап алды.

Хабиб шайқастың осы бөлігін ғана қорытындылады: «Ол бізбен бірге жиналып, 40 адам жинаған кезде, әлсіздігін көрсетті». Егер ол жалғыз болса … 6 қазанда біз жалғыз боламыз».

Баспасөз мәслихаты аяқталғаннан кейін, екеуі көзқарастар шайқасына, яғни соңғы эпизодқа шықты. Оқиғалардан өздерін толық қорғау үшін UFC Нью-Йорктің нақты полициясын шақырды. Конор Хабибке өте жақын келіп, айқайлай бастады. Нұрмагомедов өзін еркін әрі сенімді ұстады.

Өз тілшімізден

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*