Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ИНДОНЕЗИЯ ТУРИЗМДІ БІРЛЕСІП ДАМЫТАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ИНДОНЕЗИЯ ТУРИЗМДІ БІРЛЕСІП ДАМЫТАДЫ

Түркістан облысы мен Индонезия мемлекеті туризм және сауда-саттық салалары бойынша тығыз байланыс орнатады. Индонезия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Рахмат Промономен жүздескен Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев осындай уағдаластыққа қол жеткізді. Түркістан қаласына арнайы келген елшіні қабылдаған өңір басшысы Индонезияның әлеуеті жоғары мемлекет екеніне тоқталды.

Өз кезегінде Рахмат Промоно жылы қарсы алған өңір басшысына ризашылығын білдіріп, Түркістан қаласынан ерекше әсер алғанын жеткізді.

— Өзбекстандағы Самарқан, Бұхара қалаларын аралап көрдім. Бірақ, Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі айрықша әсер етті. Сәулетті ескерткіш екен. Менің бұл елдегі миссияларым — саяси және экономикалық байланысты күшейту. Саяси тұрғыда Индонезия мен Қазақстан сенімді әріптестер екенін білесіздер. Түрлі мәселелерде, халықаралық форумдарда қос ел бір-бірін қолдап дауыс беріп жүреді. Енді біз экономикалық және сауда-саттық бағытындағы жұмыстарды тереңдете түсуге ниеттіміз. Сіздерді келесі жылы Индонезияда өтетін туристік көрмеге шақырамыз. Түркістанның туризм саласын дамытуға біздің ел де үлес қосады деген сенімдемін, — деген ол екі ел арасындағы виза мәселесін жеңілдете түсу керектігіне тоқталды.

Кездесу соңында облыс әкімі мен мәртебелі мейман бір-бірімен естелік сыйлықтар алмасты. Индонезиядан келген елшілерге Түркістанның Бас жоспарына ұсынылған жобалар көрсетілді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір жазу