Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Түлкібас ауданының 90 жылдық мерейтойына келіңіздер!

Түлкібас ауданының 90 жылдық мерейтойына келіңіздер!

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

Алатау мен Қаратаудың түйіскен тұсында орын тепкен ауданымызға биыл 90 жыл толып отыр. Осыған орай баршаңызды мерейтойымыздың қадірменді қонағы болуға шақырамыз.

Түлкібас ауданының 90-жылдық мерейтойының бағдарламасы
1. 26.09.2018 жылы сағат 11.00-11.30 аралығында Түлкібас темір жол станциясындағы М.Тынышбаев және Т.Рысқұлов ескерткішінің ашылу рәсімі.
2. 26.09.2018 жылы сағат 12.00-12.15 аралығында Т. Рысқұлов ауылының батыс жағында орналасқан көпірдің ашылу рәсімі.
3. 26.09.2018 жылы 12.20-13.00 аралығында қайта жөндеуден өткізілген Түркібасы әулие кесенесімен танысу.
4. 26.09.2018 жылы сағат 14.30-14.45 аралығында аудандық орталық саябақтың ашылу рәсімі.
5. 26.09.2018 жылы сағат 15.00-16.30 аралығында Түлкібас ауданы туралы ғылыми практикалық конференция (аудандық мәдениет үйі)
6. 26.09.2018 жылы сағат 17.10-18.00 аралығында Жанкент мөлтек ауданында орналасқан «Тұңғыш Президент» саябағындағы іс-шаралар (спорттық ойындар, көрме, қол өнер көрмесі, айтыс, алты бақан, «Жайдарман» ойындары)
7. 26.09.2018 жылы сағат 19.00-20.30 аралығында «Тұңғыш Президент» саябағында гала концерт.
8. 26.09.2018 жылы сағат 20.30-21.00 аралығында «Тұңғыш Президент» саябағында мерекелік от шашу.
9. 27.09.2018 жылы сағат 10.00-де аудандық атшабарда «Көкпар» ұлттық ойыны.

 

Түлкібас ауданының әкімдігі

Пікір жазу