Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА «ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ!» АТТЫ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА «ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ!» АТТЫ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Бүгін Мақтаарал ауданында «ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол!» атты аудандық конференция болып өтті. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Б.Төребеков, аудандық білім бөлімінің басшысы С.Туребеков және білім ұйымдарының мамандары, ата-аналар комитетінің төрағалары мен мүшелері қатысты.

«Балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оқыс оқиғалардан сақтандыру жолдарын қарастыру – бүгінгі іс-шараның басты мақсаты» — деді жиынды ашып берген аудан әкімінің орынбасары Б.Төребеков.

Жиын барысында балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балаларды интернет арқылы түсетін жағымсыз ақпараттан қалай қорғау керектігі жайлы айтылды. Сондай-ақ, балалардың интернетке деген тәуелділігінің алдын алу шаралары сөз болды.

Мектеп ортасында деструктивті діни ағымдарды енгізудің алдын алу, білім ұясында діни атрибуткалық киім киюге тиым салу, баланы біріңғай мектеп формасымен қамтамасыз ету – әрбір ата-ананың маңызды міндеті екені түсіндірілді. Отбасылық құндылықтарды дамыту және нығайту, бала тәрбиесіндегі отбасының маңыздылығы туралы баяндамалар жасалды.

Конференцияда нейро-психофизиологтар болашақ бірінші сынып оқушылардың ата-аналарына арналған ұсыныстарын айтты. Баланың өзін-өзі бағалауын арттыру, жағымды мотивация жасаудың үздік тәсілдерін көрсетті.

Айта кетейік, жалпы конференцияның бағдарламасына сәйкес 8 тақырыпта баяндама жасалып, қазіргі таңдағы жастар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу, кәмилетке толмағандар арасында орын алатын құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері қаралды.

Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 

Пікір жазу