Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫН АРАЛАДЫ

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫН АРАЛАДЫ

Мақтарал ауданының басшысы «Темірболат» шаруа қожалығына барып, қожалықтың жұмысымен танысты. Қожалықтың басшысы Темірболатов Рүстем 50 бас бұқаны бордақылауда. Негізінен өндірген етін ішкі нарыққа сатады. Ірі қараның ерекше тұқымын 3 ай бойы бордақылап, әрбір мал басынан орташа 300-350 келі ет өндіруде.

Рүстем Темірболатовтың 4 гектар жері бар. Қауын өсіріп, өнімін шетелге экспорттаған ол қалдықсыз өнім шығару үшін мал бордақылау алаңын ашқан. Атап айтқанда, экспортқа жарамсыз, сұрыптаудан өтпеген қауындарды кебекпен араластырып, малдарын жеммен қамтамасыз етіп отыр. Сондай-ақ, ол бұл кәсіппен бірнеше ауылдастары айналысып жатқанын атап өтті.

Аудан әкімі Б.Асановтың соңғы танысқан жобасы – «Саттар» шаруа қожалығы. 100 бас малға арналған бордақылау алаңы жаңадан салынған. Тіпті, алаң желдеткішке дейін жабдықталып, бордақыланып жатқан малдардың артық қимыл жасмауы үшін бар жағдай жасалған. Қожалықтың төрағасы Саттаров Ұзақбай қазірдің өзінде 60 бас ірі қараны бордақылауда.

Айта кетейік, жалпы Мақтаарал ауданында жыл басынан бері 4000 тонна ет өндірілген. Ал, оның 600 тоннасы мал бордақылау алаңдарына тиесілі. Бүгінгі таңда мақтааралдықтар 43848 ірі қара, 53225 ұсақ мал, 6558 жылқы, 411 түйе, 486 шошқа, 67757 құсты бағып отыр.

 

Пікір жазу