Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАШЫЛАР БАЙҚАУЫ

ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАШЫЛАР БАЙҚАУЫ

Шымкент қаласындағы  «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы мен Созақ ауданының бірлесе ұйымдастыруымен Созақ ауданының 90 жылдығы және Созақ аудандық орталық кітапханасының 75 жылдығына орай «Шын жүректен! Кітапхана мерейіне әріптес ілтипаты» атты облыстық кітапханашылар байқауы өтті.

Үш бөлімнен (1:Туылған күніңмен кітапхана! (өзін-өзі таныстыру); 2) Үздік жазушылардың шығармаларынан үзінді оқу; 3) «Өнерлі болу міндетім») тұрған байқауда 14 кітапханашы өнер көрсетті.
Төрелік еткен әділ қазылардың шешімі бойынша Бас жүлдеге Кентау қаласы, І орынға Қазығұрт ауданы, ІІ орынға Отырар ауданы, ІІІ орынға Түркістан қаласы мен Бәйдібек ауданы лайық деп танылып, арнайы сыйлықтар мен Алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар, барлық қатысушы ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Оқырман мен кітап арасында алтын көпір болып отырған кітапхананың мерекесі құтты болсын!

Сөнбейтұғын рухани азық беруші кітап ордасын және сырлы Созақ елін мерейлі мерекесімен құттықтаймыз!
Оқырман саны арта берсін!

Пікір жазу