Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ЖАСТАР ЭКСКУРСИЯҒА ШЫҚТЫ

СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ЖАСТАР ЭКСКУРСИЯҒА ШЫҚТЫ

Созақ ауданының 90 жылдығына орай жастар экскурсияға шықты, деп хабарлайды  Созақ аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

Созақ аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және С.Қожанов атындағы мұражайының ұйымдастыруымен жастармен экскурсия ұйымдастырлды.

Экскурсия барысында жастар «Баба түкті Шашты әзиз» бен  «Ысқақ-баб» кесенесіне және Жартытөбе ауыл округі Аққолтық елді мекеніндегі жаңадан ашылған Аманжол Найманбаев атындағы мұражайды тамашалады. Жастарға кесенелердің тарихы, олар туралы түрлі аңыз-әңгімелер айтылып, мұражайдағы сақталған әрбір заттың шығу тарихы туралы кеңіңнен айтылып өтті.

Туған жердің тарихын, тау-тасын біліп өскен жастардың болашағы мол.  Ал, бұл шарадан оқушылардың алған әсері үлкен, олар рухани азық алып,  өткен тарихымызды білудің маңызы зор екенін және бабалардың басына зиярат етіп қайтқандарына ризашылықтарын білдірді.

Жалпы шараның мақсаты рухани құндылықтарымызды насихаттау, жастар арасындағы достықты нығайту және өлкетануды дамыту болды.

Пікір жазу