Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » СОЗАҚТА КІШІ ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

СОЗАҚТА КІШІ ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

Биыл Түркістан облысы, Созақ ауданының құрылғанына 90 жыл. Осы 90 жылдық мерейтой аясында Созақ ауданының барлық елді мекендерінде түрлі іс-шаралар өткізіліп, сырлы мекеннің ғасырға жуық мерейтойын тойлау басталып та кетті.

Осындай шараның бірі, Созақ ауданының 90 жылдығына орай ауыл жастарының ұйымдастыруымен Жуантөбе ауылындағы футбол алаңында кіші футболдан жарыс өтті. Жарысқа Шолаққорған, Тасты, Шу және жергілікті Жуантөбе ауылынан командалар қатысты.
Спорттық жарысқа ауыл жастары демеушілік жасап, ауылдық округ әкімі аппаратымен бірлесе өткізді. Жарысқа Жуантөбе ауылдық округінің әкімі Дәуіржан Жолдасұлы, аудандық мәслихат депутаты С.Жанұзақов, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Зұлхарнаев қатысып, командаларға, жарысты ұйымдастырушы жастарға ізгі тілектерін білдірді.

Спорттық шараға қатысушы командалардың белсенділігі жоғары. Спорттық жарыстың қорытындысы бойынша Шолаққорған командасы жүлделі 1-орынды, жергілікті командалар Жуантөбе командасы 2-орын, мен Мектеп командасы 3-орын иеленді. Жеңімпаз командаларға арнайы жасалынған дипломдар мен медаль, кубоктар тапсырылды.

Пікір жазу