Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҮЛГІЛІ ОТБАСЫ — МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

ҮЛГІЛІ ОТБАСЫ — МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Түркістан облысы, Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша «Шығармашыл жастар» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен отбасылық байқау болып өтті. 4 кезеңнен тұратын байқауда қатысушылар отбасыларын таныстырып, өздері жасаған ұлттық тағамдарын әділ қазылар алқасына таныстырды.

Қазақтың ұлттық нақышындағы киім үлгісімен өнерлерін көрсетіп, ұлттық салт-дәстүрді қамтитын және отбасы татулығы жайлы көріністер көрсетті.

Отбасы құндылықтарын негізігі мақсат етіп алған байқау қызықты әрі тартысты өтті. Қатысушылар қойыдған түрлі логикалық және танымдық  сұрақтарға жауап берді.

Сайыс қорытындысында Бас жүлдені — Шаға ауылынан келген Жолановтар отбасы жеңіп алды. І-орынға Жүйнек ауылынан келген Әлібековтар отбасы лайық деп танылса, ІІ-орын Кентаулық Дәуреновтар отбасына бұйырды. ІІІ-орын Қарнақ ауылынан келген Манаповтар отбасына табысталды. Байқауда отбасылар жан-жақты екендіктерін көрсетті. Болашақ жастарға ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеп, тәлім-тәрбие беруде үлкен үлес қосты. Барлық отбасыға бағалы сыйлықтар берілді.

Пікір жазу