Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Алпамыс батыр ауылдық округі -1

Алпамыс батыр ауылдық округі -1

Түркістан облысы, Келес ауданының Алпамыс батыр ауылдық округінде 2 елді мекен бар. Атап айтқанда Ақжол және Кауыншы елді мекендері. Жалпы тұрғын үй саны — 941, халық саны — 5812 адамды құрайды.
Ауылдық округі бойынша 2 орта мектеп, 1 ауылдық аурухана, 6 жекеменшік балабақша, 1 ауылдық кітапхана бар.
Округтің 2 елді мекені де табиғи газбен қамтылған. 


«Отаустрой» ЖШС-і Алпамыс батыр ауылдық округі, Ақжол елді мекенінде 2009 жылғы «Жол картасы» бағдарламасы аясында, ұзындығы 12 шақырым теңдесі жоқ жер асты құбырын сапалы және уақтылы құрды.
Алпамыс батыр ауылдық округінде 2018 жылы ауыл шаруашылық тауарларын өндіретін өндірістік кооперативтер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен жеке шаруа қожалықтардың егістік жерлеріне 200 га жерге дәндік жүгері, 685 га жерге көкөніс, 31 га жерге бақша, 67 га жерге картоп егілді. Ауылдық округте 36 га жеміс, 14 га жүзім алқабы егілді. Жылыжай көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 2,2 гектарға ұлғайып , жалпы көлемі 5,7 га жетті.
«Әбдікәрім» шаруа қожалығы 6.5 га жүзімнің асханалық сортын қондырды. Бұл жүзім алқабы тамшылап суару әдісін қолданғалы отыр. 

Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір жазу