Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Алпамыс батыр ауылдық округі -2

Алпамыс батыр ауылдық округі -2

Түркістан облысы, Келес ауданы, Алпамыс батыр ауылдық округі аумағында мал шаруашылығын түрлендірумен айналысып жатқан жеке кәсіпкерлер бар. Олар «Сыбаға» бағдарламасы және өздерінің қаражатымен асыл тұқымды бұқа және қошқар алып малдарын түрлендіруде. 2017 жылғы 25 сәуір күні ауылдық округі аумағынан «Орынкуль» ауыл шаруашылығы қожалығы құрылып, бүгінде бірнеше ауыл азаматтарын жұмыспен қамтамасыз етуде.


Дегенмен 2018 жылғы 20 қыркүйекте «Отырар» телеарнасында көтерілген мәселе бойынша: Алпамыс батыр ауылдық округі Ақжол, Қауыншы елді мекендеріндегі ауыз су мәселесін шешу мақсатында Сарыағаш ауданы Тегісшіл ауылдық округі, Таскескен елді мекенінен 1000 кубтық ұңғыма құрылысын салу мен су айдау құрылғыларын орнатып, Алпамыс батыр ауылдық округіне тартылатын ауыз су құбырын, Сарыағаш-Абай ауыз су құбырына қосу жоспарланған. 2015 жылы ауыз суға қажетті құжаттары әзірленіп, тапсырыс беруші мекеме «Қазсушар РМК «Оңтүстікауызсу» филиалына жолданған. 2015 жылы Ақжол елді мекеніндегі жер асты су көздерін барлау жұмыстарын «ОңтүстікҚазЖерҚойнауы» геология және жер қойнауын пайдалану департаменті Республикалық мемлекеттік мекемесі жүргізіп, нәтижесінде 2015 жылдың 25 желтоқсанындағы №2275 санды хаттамасында көрсетілгендей жер асты су көздері табылған. Қазіргі таңда ЖҚИ «ҚазНұр» ЖШС Ақжол елді мекенінің ішкі жүйелеріне ауыз су құбырын тарту құрылысына жобалық сметалық құжаттамалары дайындалуда. Қазіргі таңда тұрғындар ауыз суды тасымалдап пайдалануда.


«ҚазСушар» РМК «Оңтүстікауызсу» филиалы, «Сарыағаш ТСЖ» өндірістік бөлімінің 2018 жылғы,19-қаңтарындағы шығыс№ 18-17-32-14/16 санды хатына сәйкес Сарыағаш топтық су жүйесін қосымша сумен қамтамасыз ету үшін магистралды су құбырының құрылысы жүргізілумен 36 елді мекен сумен қамтылатындығын, соның ішінде екінші кезек бойынша 2019 жылы Ақжол, Қауыншы, Достық, Қоралас елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету үшін Таскескен насос стансасынан Сарыағаш топтасқан су жүйесіне қосатын магистралды су құбырын құру жоспарланған.

Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір жазу