Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА «COWORKING» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА «COWORKING» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында орталық кітапхана күрделі жөндеуден өтіп, жаңадан жаңғырған ғимаратында «Коворкинг» (coworking) орталығының ашылу салтанатты іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Түлкібас адуаны әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz  ақпараттық агенттігі.

Коворкинг ағылшын тілінен аударғанда –бірігіп жұмыс істеу деген мағынаны білдіреді.
Елбасымыз өз сөзінде «Болашақ — білімді жастар қолында»-дегендей, жастарымыздың ой-өрісін жан-жақты дамыту мақсатында ашылып отырған бұл орталықта, аудан жастары бос уақыттарын тиімді өткізіп, көптеген қызықты іс-шараларға: акциялар, шығармашылық кездесулер, шеберлік кластар, зияткерлік ойындарға және т.б. қатыса алады.

Бұл дегеніміз – орталық кітапхана енді тек қызмет көрсету мекемесі ғана емес, аудан тұрғындары үшін зияткерлік демалыс орнына айналады. Жобаның басты мақсаты барлық санаттағы жастардың ақпараттық қажеттіліктерін жедел қанағаттандыру үшін үздік әлемдік тәжірибені пайдаланып, кітапхананың жаңа заманауи үлгісін құру.

Сондай-ақ бұл орталықта ақысыз WI-FI, жедел интернет, Skayp арқылы сұхбаттасу, принтер мен сканер құрылғылары орнатылып, орталықтың бір бөлігіне Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының басым бағыттарын насихаттайтың бұрыш орнатылған.
Шараның ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Н.Тұрашбеков, аудан тұрғындарын коворкинг орталығының ашылуымен құттықтап, орталықтың аудан жастарының бос уақыттарын тиімді пайдаланып, мектеп қабырғасында алып жатқан білімін одан әрі шындай түсуге әсері зор екенің тілге тиек етті.
Шара барысында жиналған қауым күрделі жөндеуден өткен орталық кітапхана ғимаратың аралап, кітапхананың жаңа келбетіне тәнті болды.

Пікір жазу