Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «Нұр Отан» партиясы Созақ аудандық филиалы атом саласы қызметкерлерімен кездесті

«Нұр Отан» партиясы Созақ аудандық филиалы атом саласы қызметкерлерімен кездесті

«Нұр Отан» партиясы Созақ аудандық филиалының бастамасмымен Таукент поселкесі Мәдени-спорт кешенінде «Атом саласы қызметкерлерінің күніне» арналған кездесу болып өтті, деп хабарлайды ernur.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасаған didarbek.kz.

Кездесуге аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Әлжанов, Таукент кенті әкімінің міндетін атқарушы М.Ибраев, аудандық мәслихаттың депутаттары Б.Тұрғанбаев, Гүлжан Момбекова, «Казатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ-на қарасты «Қазатомпром- SaUran» ЖШС, «Волковгеология» АҚ, «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС, «Таукентэнергосервис» ЖШС басшылығы мен қызметкерлері, БАҚ өкілдері поселке тұрғындары қатысты. — Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қолдауы арқасында «Қазатомөнеркәсіп» уран өндіру жөнінен әлемдік көшбасшыға айналды. Отандық компаниялардың барлығы бірдей мұндай табысымен мақтана алмайды. «Қазақстан-2050» стратегиясында Мемлекет басшысы Қазақстан ядролық қаруды таратпау режімін ілгерілетудегі жауапты саясатының нәтижесінде осы салада көшбасшы және басқа мемлекеттерге үлгі болып табылады. Және осы ұлттық компанияда көптеген «нұротандық» азаматтардың қызмет атқаратыны біздер үшін үлкен көрсеткіш» — деді кездесуде сөз алған аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ролан Әлжанов. Таукент кенті әкімінің міндетін атқарушы М.Ибраев қазіргі уақытта Қазақстан атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануды белсенді дамытып келетініне, соның арқасында еліміздің, оның ішінде Таукент кенті тұрғындарының да әл-ауқатының артып келе жатқанын тилге тиек етті. — Бұл тұрғындардың тұрақты жұмыспен қамтылуына үлкен себін тигізіп отыр. Кәсіпорындар әлеуметтік жауапкершілікті де назардан тыс қалдырмай, қайырымдылық мақсатта да көптеген игілікті шараларға ұйытқы болып келе жатыр, — деді әкім. — Біз алдымызға мұнан да биік мақсаттарды қойып отырмыз – конверсиялық зауыт салуды, сондай-ақ бүкіл әлемнің АЭС-лары үшін ядролық отын жеткізіп беруді жоспарлағанбыз. Бұл міндеттерді орындау үшін бізде кәсіби білікті және ынтымақты ұжым бар, — деген «Қазатомпром-SaUran» ЖШС бас директорының орынбасары Д.Барғанаев әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтады. Кездесу соңынан еліміздің атом саласы мен ауданның қоғамдық- саяси, әлеуметтік-экономикалық өмірінің дамуына үлес қосқан саланың бірқатар қызметкерлері Партияның аудандық филиалы «Алғыс хаттарымен» марапатталды.

Пікір жазу