Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » СОЗАҚТА «АДАЛ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СУДА ЖҮЗУДЕН ЖАРЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

СОЗАҚТА «АДАЛ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СУДА ЖҮЗУДЕН ЖАРЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігінің Түркістан облыстық департаменті «Адал жол» жобасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы түрлі іс – шаралар күн сайын өріс алып, аясын кеңейтуде.

Марафонды өткізудегі басты мақсат — мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау, сонымен қатар, қоғамды салауатты өмір салтын ұстануға үндеп, жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады. Ауданда қыркүйек айының 17-сінен бастап басталған марафон аясында көрмелер, спортық жарыстар, тәрбие сағаттары, сурет байқаулары, дәрістер, флешмобтар жүргізілуде.

Соның бірі бүгін – жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында жарыс ұйымдастырылып өткізілді. Жарыстың ашылу салтанатына «НұрОтан» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Р.Әлжанов, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы М.Сейсенбаев, балалар мен жасөспірімдердің футбол мектебінің директоры Б.Сәрсенбаев, спорт ардагерлері, ата-аналар қатынасты. Жарыс жеңімпаздарына «Нұр Отан» партиясы Созақ аудандық филиалы мен аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің бірлескен «Алғыс хаттары» табыс етілді.

Пікір жазу