Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » «МУЗЕЙ ЖАНАШЫРЫ – АДАСҚАН АЛТАЕВ»

«МУЗЕЙ ЖАНАШЫРЫ – АДАСҚАН АЛТАЕВ»

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, елордамыз Астана қаласының 20 жылдығы мен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40 жылдық мерейтойына орай мәдениет саласының майталманы, әуесқой археолог, Сыр бойында орналасқан тарихи қалалар мен қоныстарды зерттеп, ғылым әлеміне алтын әріппен қосылуына өзіндік үлес қосқан мәдениет жаршысы, ұлттық өнерді ұлықтаушы, ұлағатты ұстаз, сұрапыл соғыстың ардагері Адасқан Алтаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Музей жанашыры – Адасқан Алтаев» көрмесінің ашылу салтанаты өтті.


Көрменің ашылуына мәдениет майталманының ұл-қыздары мен шәкірттері, музей қызметкерлері, мектеп оқушылары мен оқытушылар және қала қонақтары қатысты.
Шараны «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі директорының орынбасары Серік Үркімбаев құттықтау сөзбен ашып беріп, экспозицяға қойылған құнды жәдігерлер және олардың тарихи маңыздылығы жөнінде әңгімеледі.
Сондай-ақ, Адасқан Алтаевтың шәкірті, Облыстық мәслихат депутаты Серік Ибадуллаев пен өлкетанушы зейнеткер қызметтес шәкірті Ә.Жұмашев ұстазы жайлы естіліктер айтты.

Сонымен қатар көрмені ұйымдастырған қорық-музей ұжымына алғыстарын білдіре отырып 40 жылдық мерей тойымен құттықтады.


Музейге сый акциясы аясында ұйымдастырылған «Музей жанашыры – Адасқан Алтаев» көрмесі негізгі үш бөлімнен құралған. Бірінші бөлімде Адасқан Алтаевтың өмірі, жүріп өткен жолдары, әскер қатарындағы жылдары, ұстаздық қызметі, қазақ халқының рухани-материалдық болмысын сақтауда атқарған еңбектері, өлкетану музейін құруы, қазақтың ұлттық өнері, саятшылық пен аңшылықтың сақталуына сіңірген еңбектеріне қатысты материалдар қамтылды. Екінші бөлімде Адасқан Алтаевтың «Әзірет Сұлтан» музейіне тарту еткен жәдігерлері. «Әзірет Сұлтан» музейінде қызмет атқарған жылдарына қатысты материалдар ұсынылса, үшінші бөлім Б.Әлтаевтың әке жолын жалғастыруда атқарған еңбектеріне қатысты материалдар, оның ұстанған азаматтық позициясын көрсететін құжаттар мен фотосуреттерге арналған.
Шара барысында ақындардың Адасқан Алтаевты жырлаған өлеңдері оқылып, қалалық С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейінің 5а сынып оқушысы Маханбетов Бурхан «Қаза мен аза», А.Байтұрсынов мектебінің оқушылары Көшерова Жансая мен Рахымжанова Шұғыла «Отырар эрмитажы» өлеңдерін оқып көпшілік көзіне жас алдырды.

© «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени
қорық-музейінің баспасөз қызметі

Пікір жазу