Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ «ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ» САЯБАҒЫНДА ГАЛА-КОНЦЕРТ ӨТТІ

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ «ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ» САЯБАҒЫНДА ГАЛА-КОНЦЕРТ ӨТТІ

Бүгін Түркістан облысы, Түлкібас ауданы тарихпен тамырлас – 90 жылдық мерейтойын өтап өтті. Іс-шараның бағдарламасына сәйкес, аудан орталығында мәдени – көпшілік шаралар мен тарихи тұлғаларға арналған ескерткіштердің ашылуы, ғылыми конференция т.б., өткізілсе, ертең ұлттық спорт түрлерінен болатын жарыстар тойдың сәнін кіргізгелі отыр.


Мәдени шаралар Т.Рысқұлов ауылындағы «Тұңғыш Президент» саябағында республикалық және облыстық әнішілердің қатысуымен өткен гала-концертке жалғасты. Шара барысында аудан әкімі Н.Тұрашбеков аудан тұрғындары мен қонақтарын айтулы мерекелерімен құттықтады.

Концертте Қазақстан Республикасы эстрадасының жарық жұлдаздары Бауыржан Исаев, Индира Расылхан, Нұрлан мен Мұрат дуеті және тағыда басқа да өнерпаздардың орындауында әндер шырқалды. Сонымен қатар, мерекелік концерт барысында жерлесіміз «Өнер қырандары» театырының жетекшісі Мадияр Серікбаев өз тарапынан көрермен қауымға театр көріністерін тарту етті. Үш сағатқа созылған мерекелік концертті төрт мыңнан астам аудан тұрғындары мен қонақтары тамашалап, мерекелік көңіл-күйге бөленді. Шара соңы мерекелік от шашумен аяқталды.

Пікір жазу