Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ 90 ЖЫЛ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ АЛАМАН БӘЙГЕ МЕН КӨКПАР ОЙЫНДАРЫ ӨТТІ

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ 90 ЖЫЛ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ АЛАМАН БӘЙГЕ МЕН КӨКПАР ОЙЫНДАРЫ ӨТТІ

Түлкібас ауданының 90 жыл мерейтойына орай аламан бәйге мен көкпар ойындары өтті, деп хабарлайды Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. 

Жалпы бір күнге созылған дүбірлі тойдың жалғасы Түлкібас ауданының орталық атшабарында жалғасын тапты. Мерекелік іс-шара жасөспірімдер арасында командалық көкпар ойындарынан бастау алды. Жасөспірімдер арасындағы көкпарға Жамбыл облысының «Әулие ата» командасы мен Түлкібас ауданының құрама командасы тіркеліп, екі команда бас жүлдені сарапқа салса, ересектер арасындағы командалық көкпарға Түркістан облысының «Құлагер» командасы мен Түлкібас ауданың «Майлыкент» командасы тіркеліп өз ара мықтыны анықтады. Мерекелік іс-шара жалғасы ұзақтығы 18 шақырымға созылатын «Аламан» бәйгемен жалғасын тапты.
Бәгеге оңтүстік аймақтан Қызылорда, Алматы, Түркістан облыстарынан барлығы отыз бір ат тіркеліп, бас жүлдені сарапқа салды.


Жарыс қорытындысымен жасөспірімдер арасындағы командалық көкпардан бас жүлдені ұтып алған Жамбыл обылысының «Әулие ата» командасына ВАЗ 2109 автакөлігінің кілті табысталса, ересектер арасындағы командалық көкпардан бас жүлдені қанжығасына байлаған Түркістан облысының «Құлагер» командасына ВАЗ 2107 автокөлігінің кілті табысталды. Ал, «Аламан» бәйгеге келсек бас жүлде «Нива» автокөлігі Жамбыл облысының Т.Рысқұлов ауданына кетсе, ІІ орын мен 300 мың теңге және ІІІ орын мен 200 мың теңге Жамбыл облысы Тараз қаласының атбегілеріне бұйырды. Қосымша ынталандыру ретінде ІV орынға 100 мың теңге және V орынға 50 мың теңге ақшалай сыйлық берілді. Мерекелік күн соңы жалпы жүлде қоры 2 млн 500 мың теңгені құрайтың жаппай көкпармен жалғасты.


Аудандық атшабарға үш мыңнан астам ауыл тұрғындары мен қонақтары жиналып, дүбірлі додаларды тамашалап, мерекелік көңіл күй кешті.

Пікір жазу