Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Мекемеде құжаттау мен іс жүргізу оларды қалыпты сақтауын талапқа сай жүргізіп келеміз бе?

Мекемеде құжаттау мен іс жүргізу оларды қалыпты сақтауын талапқа сай жүргізіп келеміз бе?

Төлеби аудандық мемлекеттік архивімен Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді оқыту және дамыту орталығының оқу залында бірлескен «Мекемеде құжаттау мен іс жүргізу және құжаттарды қалыпты сақтау тәртібі» тақырыбында аудандық семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңның сақталуы, толықтыру көзі мекемелерінде құжаттау мен іс жүргізу және құжаттардың қалыпты сақталуын талапқа сай жүргізуді қамтамасыз ету, құжат толтыруда сауаттылықтың маңызы, құжаттарды дайындау мен рәсімдеу тәртібі, істер номенклатурасын жасау тәртібі, істерді қалыптастыру мен сақтау, ведомостволық архивті беру тәртібімен таныстыру. Семинарға мемлекеттік мекемелер мен дербес бөлімдері және ауыл округтердегі сондай-ақ, бюджеттік мекемелердің, жекеменшік мекемелердің есепшілері мен іс жүргізуші – кадр мамандарынан жалпы 52 қызметкер қатысып, құжаттарды дұрыс жүргізу ережесімен таныс болды.

Семинар барысында «Мекемеде құжаттау мен іс жүргізу және құжаттарды қалыпты сақтау» тақырыбында аудандық мемлекеттік архивінің жоғары санатты архивисі Пернебаева Гүлайхан Есіркепқызы баяндама оқыды. Әдістемелік көмек көрсету семинарында 27 слайд көрсетіліп, бірінші кезекте құжаттар мемлекеттік тілде дайындалатынын, Тіл заңының қатаң сақталуын айтып өтті. Жоғарыда аталған семинардың алдағы уақытта да тоқсан сайын жоспарға қойылып, бірлесіп өткізілетіндігі, номенклатура ісінің әрдайым қадағалауда болатыны айтылды. Семинар соңында аудандық тілдерді оқыту және дамыту орталығының қызметкерлері Төлеби ауданындағы тұрғындардың тілдерді (қазақ, орыс, ағылшын) меңгеру деңгейін анықтау мақсатында сауалнама жүргізді. Жұмысымыз жүйелі, іс қағаздарымыз қатесіз, сауатты болсын. Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі биік болып, тіліміздің абыройы арта беруін тілейміз.

Төлеби ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту және дамыту орталығы

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*