Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Бүгін 1 қазан – Халықаралық қарттар күні меркесіне орай Жетісай ауданы Қазыбек би ауыл округі әкімдігі мен ардагерлер кеңесінің ұйытқы болуымен «Қажы ата» мейрамханасында салтанатты мерекелік іс-шара өтті. Шара барысында 70 қарияға арналып дастархан жайылып, құран оқытылып, ас берілді. Бұл туралы Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Жиында сөз алған Қазыбек би ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтбай Маханбет қарияларды төл мерекелерімен құттықтап, бірқатар азаматқа шапан жауып, алғыс хат табыс етті.

Айта кетейік, бүгінде Қазыбек би ауыл округінде 7 елдімекен бар. Округ аумағында 15 мыңнан астам халық тұрады. Бұл жаңадан құрылған Жетісай ауданындағы ең үлкен ауыл округі саналады. Округте 6 жалпы және орта мектеп, 4 медициналық нысан, 1 көпсалалы емхана, 1 мәдениет үйі, 1 мақта өңдейтін зауыт, бірнеше мақта қабылдау кешендері орналасқан. Ауыл округі аумағында 2 өндірістік кооператив, бірнеше жүздеген шаруа қожалықтары жұмыс істейді.

Пікір жазу