Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » 1 ҚАЗАН — ҚАРТТАР КҮНІ

1 ҚАЗАН — ҚАРТТАР КҮНІ

Халықаралық Қарттар күніне орай Бәйдібек ауданында спортық іс-шара өтті, деп жазады Бәйдібек  ауданы әкімінің бапасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

1 қазан күні қалыптасқан дәстүр бойынша бүкіл әлемде Халықаралық Қарттар күні атап өтіледі. «Қарты бар елдің – қазынасы бар» демекші, осы мереке қарсаңында қарияларымызға қандай құрмет жасасақ та артықтық етпейді. Себебі ардақты аталарымыз бен ақ жаулықты апаларымыз өздерінің саналы ғұмырын, қажыр-қайратын ел игілігіне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсап, сабырлық, қарапайымдылық қасиеттерімен біздерді мейірімділік пен еңбексүйгіштікке, Отанға, отбасына деген адалдыққа және абыройлы болуға тәрбиелеп келеді.


Бүгін 1 қазан қарттар күніне орай Бәйдібек аудандық спорт кешенінде ауданымыздағы 11 ауылдық округіне қарасты елді мекендерінен жиналған еңбек ардагерлеріне шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және «Ерасыл» билярдь орталығында билярдь ойындары ұйымдастырылуда. Шараның ашылуына аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ш.Отыншиев қатысып, ардагерлерді мерекемен құттықтап, ойын барысындағы ардагерлерімізге сәттілік тіледі.

Пікір жазу