Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » Өмірзақ Шөкеев Жетісайдағы мақта алқаптарын аралады

Өмірзақ Шөкеев Жетісайдағы мақта алқаптарын аралады

Жетісай ауданына жұмыс сапарымен ҚР Премьер-министрінің орынбасары-ауылшаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев келді, деп жазады Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz.

Министр алдымен Ж.Ералиев ауылдық округінде орналасқан «Нұралы жол» шаруа қожалығының комбайнмен мақта терім жұмыстарының барысымен танысты.

Мұнан соң министр Ш. Ділдәбеков ауылдық округінде орналасқан «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» атындағы машиналық каналдың №1,№2 су тартқыш насостық станциясы арасындағы өзекті мәселе болып тұрған 9 шақырымдық /габионды бөлігі/ су өткізу қабілетінің техникалық жағдайын көрді. Бүгінде аталған аймақтың су өткізу қабілеті төмен. Яғни, күрделі жөндеуді қажет етеді. 2011 жылы пайдалануға берілген каналдың құрылыс жұмыстарына республикалық бюджеттен 13,523 млрд теңге бөлінген. Канал 86,7 мың гектар егістік алқапты ағын сумен қамтамасыз етуге қауқарлы. Аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев биылғы ағын су тапшылығын болдырмауда аталған каналдың үлкен көмегі тигенін тілге тиек етті.

Министр жұмыс сапары барысында Асықата кентіндегі «Корпорация Ақ-Алтын» ЖШС-нің мақта шикізатын өңдеу зауытының жұмысымен де танысты. Мұнда ол аудандағы мақта өңдеу зауытының басшылары мен трейдерлік компаниялардың қатысуымен мақта шикізатының өзекті мәселелерін талқылады.
Аталған зауыт мақта талшығын дайындайды. Кәсіпорын жылына 60 мың тонна мақта шикізатын қайта өңдеуден өткізеді. Мұнда қазіргі науқан кезінде 265 адам жұмыс істейді. Мұнда өндірілген өнімдер ТМД және шет мемлекеттерге жөнелтіледі.

Мұнан соң Өмірзақ Естайұлы Қарақай ауылдық округінде орналасқан «Кетебай» өндірістік кооперативінің егістік алқабын аралап көрді. 1996 жылы құрылған кооперативтің иелегінде 800 гектар егістік жер бар. Соның бәріне дерлік мақта егілген. Мақта дақылын күтіп-баптап, теріп-жинау үшін кооперативте 60-қа жуық техника жұмыс істейді. Биыл «кеттебайлықтар» мақтаның әр гектарынан кемінде 25 гектар өнім аламыз деп отыр.

Суреттерді түсіргендер Қуаныш Әуелбеков, Самат Мырзалиев.

Пікір жазу