Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Қарттар күні шахматтан турнир өтті

Қарттар күні шахматтан турнир өтті

Қарттар күні шахматтан турнир өтті. Бүгін халықаралық қарттар күніне орай ардагерлер үйінде шахматтан аудандық жарыс өтті, деп хабарлайды Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

Жарысты Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатов ашып, құттықтау сөз сөйледі; «Сіздердің өнегелі өмірлеріңіз бен еңбекпен ерлікке толы жолдарыңыз, Тәуелсіз еліміздің тарихында алтын әріппен жазылады. Ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруда өшпес із қалдырып, алтын көпір болып келесіздер. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін»,- деді.


Шахматтан өткен аудандық жарыста Қожанов Қожахмет, Жұмақов Бейсенбек, Қалыбеков Қуаныш жүлделі орындарды өзара бөлісті. Одан бөлек Ақжігітов Тұрғанбай, Жолдасов Оразбек, Мұсабеков Амалбек ынталандыру сыйлықтарына ие болды.


Сондай-ақ, осы күні аудан әкімі Салыхан Полатовпен аудандық мәслихат хатшысы Бегімбет Байғараев ауруханада емделіп жатқан соғыс ардагері Тәж Нұрқожаев, еңбек ардагерлері Қасымжан Өмірұлы, Ахметбек Сопбековтің көңілін сұрады.

Пікір жазу