Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КЕЗЕКТІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СҮЙЕМЕЛДЕУГЕ АЛЫНДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КЕЗЕКТІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СҮЙЕМЕЛДЕУГЕ АЛЫНДЫ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, сондай-ақ Сыртқы істер және Инвестициялар және даму министрліктері арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында ел экономикасына инвестициялардың келуін жеңілдету, бюрократия тәртіптерін және сыбайлас жемқорлық деректерін болдырмау мақсатында «Protecting Business and Investments» жобасын жүзеге асыруда.


Бүгінгі таңда бизнесті қорғау, қолайлы инвестициалық жағдай жасау және кәсіпкерлер үшін сыбайлас жемқорлық деректері бойынша қысымдарды төмендету Агенттіктің және оның аумақтық департаменттерінің басымды бағыттарының бірі болып табылуда.
Аталған Жобаға қатысуға ниет білдірген кәсіпорындар қатарында Түркістан облысында орналасқан «Nagasteel Equipment» ЖШС.
Кәсіпорынмен Инвестициялық жобаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімге салтанатты түрде 1 қазанда Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев және серіктестіктің құрылтайшысы — директоры Dato’ Dr. Zainul Azizan қол қойды.
Іс-шараға «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары К.Акенов және «Kazakh invest» филиалының басшысы Д.Мамыров қатысты.
Департамент басшысы Ғалым Сұлтанұлы өз сөзінде облыстың бірқатар кәсіпкерлеріне Жобаны таныстырып, Жобаға қатысуға қызығушылық танытқан инвесторларға Қазақстан аумағында аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат сыбайлас жемқорлық деректерінен 100 % қорғауға кепілдік берілетіндігін жеткізді.


Өз кезегінде, «Nagasteel Equipment» ЖШС-нің директоры бизнесті қорғау, оларға қолайлы инвестициялық жағдай жасау және кәсіпкерлер үшін сыбайлас жемқорлық деректері бойынша қысымдарды төмендету бойынша жасалып жатқан ауқымды жұмыстардың маңыздылығын атап өтті. Аталған серіктестік елімізге жалпы құны 100 млн $ болатын инвестиция құюда.
Іс-шара соңында инвестициялық жобаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімге кез келген инвесторлардың қол қою мүмкіндіктері бар екендігі жиналған кәсіпкерлер мен инвесторлар назарына жеткізілді.
Естеріңізге салсақ, Түркістан облысында алғашқы болып аталған жоба аясында «Golden Camel Group LTD» және «Джон Бен Металл» серіктестіктері Келісімге қол қойған болатын.

Пікір жазу