Басты бет » Құқық » БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ӨТКЕН ҒЫЛЫМИ ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ӨТКЕН ҒЫЛЫМИ ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізігі бағыттары бірі — білім беру саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету.

Ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан бойынша департаменті басшысы Ғ.Тұрсынбаевтың төрағалық етуімен «Білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы құралдар: жүзеге асыру және ұлттық заңнаманың ерекшеліктері» тақырыбында ғылыми практикалық конференция өтті.

Конференцияға облыстық білім басқармасының басшысы И.Сағындықов, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің проректоры Ш.Есимова, білім беру ұйымдарының басшылары және Арнайы мониторингтік топ мүшелері қатысты.
Іс шараның мақсаты — білім саласындағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сыртқы талдау нәтижелерін мониторингтеу. Отырыс барысында Департамент басшысының орынбасары Ғ.Асанұлы Агенттік тарапынан Білім және ғылым министрлігінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижесімен енгізілген ұсыныстардың
орындалуына кеңінен тоқталып өтті.

Сондай-ақ, жиын барысында облыстық білім басқармасының басшысы И.Ө.Сағындықов білім саласындағы жемқорлықты болдырмау шаралары ретінде білім саласындағы цифрландыру процессін, оның ішінде mektep.sitcen.kz арқылы мектепке, балабақшаларға балаларды электронды түрде қабылдау және jumys.sitcen.kz жүйесі арқылы мұғалімдерді жұмысқа қабылдауды ендірілгені туралы және Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің мемлекеттік басқару және экономика жоғары мектебінің атқарушы директоры А.А.Құралбаев тақырыптық бағытта баяндама жасады.

Кездесу барысында жиналғандар білім саласындағы сыбайлас жемқорлық көріністерін жою бойынша ой-пікірлерімен бөлісіп, өз ұсыныстарын ортаға салды. Ал, жиын соңында Ғ.Тұрсынбаев сыбайлас жемқорлықтын алдын алу және күресу бағытындағы жұмыстардың алдағы уақытта күшейе түсетіндігін ескертіп, білім беру ұйымдарының бюджеті туралы ақпаратты мектептердің, бала-бақшалардың,
білім беру бөлімдерінің веб-сайттарында кез-келген адам үшін түсінікті және қол жетімді нысанда орналастыруды ұсынды.

 

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*