Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » БҰЛ КӨКЕМ ҚОСПАСЫ ЖОҚ КЕРЕМЕТ ЖАН БОЛАТЫН…

БҰЛ КӨКЕМ ҚОСПАСЫ ЖОҚ КЕРЕМЕТ ЖАН БОЛАТЫН…

Сейтжанов Дайн – өте елгезек, мейірбан және таза адам еді. Шымкент қаласында дүниеге келіп, Леңгір (қазіргі Төлеби), Шаян (Бәйдібек) аудандарында өсу баспалдақтарынан өтіп, Алматы мен Мәскеуде білімін жоғарылатып, 1968 жылы Арыс қалалық Ішкі істер бөлімінің бастығы қызметін атқарған.

Бала кезімде Арыстағы үйіне жиі баратынбыз. Әлі есімде сол көкемнің ерекше басымнан сипайтын сиқырлы сәттері. Бір күні ұлы Мелестің бір ойыншығы қатты ұнап, соны қолыма ұстаған күйі, үйіме алып кеткенім. Дайн-көкем: «Алсын, бала ғой!.. Келесі жолы келсең, өзім бір жақсы ойыншық дайындап қоямын!..» – дегені жүрегіме жылу ұялатып, жадымнан әлі де шығар емес.

Келесі жолы ол көкемнің қызметі Шымкентке ауысып кетті. Бұл 1973 жылы болатын, Дайн-көкем Шымкенттегі Абай аудандық Ішкі істер бөлімінің бастығы қызметін атқаратын болды. Кейін Шымкент облыстық Ішкі істер басқармасы қылмыстық іздестіру бөлімінің бастығы болып кетті. Айтпақшы, 1984 жылдан отставкаға кеткен 1986 жылға дейін Қызылорда облыстық Ішкі істер басқармасының қызмет бастығы болды. Пайғамбар жасына қараған шағында көкем бұл жалғанмен қош айтысты.

Үстіміздегі жылы 5-қазанда, сағат 11-00-де қылмыстық іздестіру қызметінің 100-жылдығына орай, 1975-80 ж.ж. Шымкент облыстық атқару комитетінің ІІБ қылмыстық іздестіру қызметінің бастығы Сейтжанов Дайн Ваккасовичті еске алу құрметіне арналған мемориалдық тақтаның салтанатты ашылуы болатынын естіп, бір қуандым. «Ер есімі – ел есінде» екеніне көзім жетті…

Әсет Әссанди

Пікір жазу