Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕУРАЗИЯ КӨШІ-ҚОН СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕУРАЗИЯ КӨШІ-ҚОН СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет орталығында «Халықаралық Еуразия көші-қон симпозиумының» ашылу салтанаты өтті. Басқосудың мақсаты — түркі елдеріне ортақ әдебиет пен мәдениетті қайта жаңғырту, рухани дүниелерді ұрпақ жадында қалдыруға ықпал жасау.


Стамбул Мәдениет университетімен бірлесе ұйымдастырылған шарада алғашқы болып сөз алған Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысушыларды симпозиумның басталуымен құттықтап сәттілік тіледі. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz хабарлайды.

«Бүгінгі симпозиумның рөлі ерекше. Өйткені, бұл Түркістан облысы құрылып, жаңа облыс орталығы Түркістан қаласы болып бекітілген тұста ұйымдастырылып отырған Халықаралық симпозиум. Түркістан – түркі әлемінің рухани орталығы. Мұнда елдің тағдырына қатысты келелі мәселелер шешілген. Бүгінгі жиыннан да күтеріміз мол», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Кейін Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Өкілетті кеңесінің төрағасы, профессор Муса Йылдыз, Стамбул Мәдениет университетінің ректоры, профессор Ихсан Караман, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ президенті, профессор Болатбек Абдрасилов, оқу орнының I вице-президенті Женгиз Томар симпозиумның мән-маңызына кеңірек тоқталды.


Сондай-ақ, басқосуға Түркия, Қырғызстан, Босния, Әзірбайжан елдерінен ғалымдар қатысты. Халықаралық жиын 11 бағыт (секция) бойынша жүргізіледі. Атап айтқанда, әдебиет, БАҚ және мәдени зерттеу, білім, экономика, құқық, мемлекеттік басқару, қоғамдық саясат, саясаттану, әлеуметтану, тарих, халықаралық қатынастар сынды салаларды қамтымақ. Симпозиум Түркістан қаласында 13 қазанға дейін жалғасатын болады.

Пікір жазу