Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » МҚІСЖҚА БАСШЫСЫ БРАЙАН ФИЛБИНМЕН КЕЗДЕСТІ

МҚІСЖҚА БАСШЫСЫ БРАЙАН ФИЛБИНМЕН КЕЗДЕСТІ

Алик Шпекбаев Канаданың кіріс жөніндегі агенттігі комиссарының орынбасары және аудит бойынша бас атқарушы директоры Брайан Филбинмен кездесті. Агенттік Төрағасы мемлекеттік аппаратты реформалаудағы, мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі канаданың табысты тәжірибесін атап өтіп, инновациялық мемлекеттік аппаратты дамытудағы Қазақстан мен Канада арасындағы қатынастарды тиімді және конструктивті түрде нығайтуға сенім білдірді. Реформалардың отандық тәжірибесі туралы айта келе, А.Шпекбаев Қазақстанда ашық, есеп беретін және қызмет көрсететін мемлекеттің қалыптасуына ерекше тоқталды. Ол Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын жүзеге асыру аясында Агенттіктің міндеттері туралы егжей-тегжейлі айтып берді. «Азаматтармен қарым-қатынастар клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделеді, қызметтердің электронды форматқа барынша ауысуы қамтамасыз етілген. Қызметтерді 2019 жылы 80%, ал 2020 жылы кемінде 90% автоматтандыру бойынша жедел жұмыстар жүзеге асырылуда», – деді сарапшыға спикер.

Өз кезегінде, Брайан Филбин Қазақстан таңдаған бағытқа қолдау білдіріп, «Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мемлекеттік қызметшілердің тұрғындармен тікелей байланыстарын төмендетуге ықпал етеді және бұл өз кезегінде тұрмыстық жемқорлықты жоюға алып келеді» деп атап өтті. Шетелдік сарапшы мемлекеттік қызметшілердің материалдық және материалдық емес ынталандыру шараларына қызығушылық танытты.

Агенттік Төрағасы мемлекеттік қызметшілерге факторлы-балдық шкала мен бонустарға негізделген еңбекақы төлеудің жаңа жүйесінің енгізілуін, сондай-ақ, оңтайландыруға байланысты Агенттік қызметкерлерінің жалақыларының жоғарылағанын жеткізді. Материалдық емес ынталандыру шараларына қатысты мемлекеттік қызметшілер арасындағы жыл сайынғы «Үздік мемлекеттік қызметші» конкурсын атап өтті. «2017 жылы байқау жеңімпаздарын Мемлекет басшысы, биылғы жылы Мемлекет хатшысы құттықтады. Олар туралы республикалық жаңалықтарда айтылып, суреттері билбордтарға ілінуде», – деп жауап берді ол.

Сондай-ақ, Брайан Филбин мемлекеттік қызметті оңтайландырудағы Канадалық тәжірибемен, атап айтқанда, жалпыға ортақ қызмет көрсету орталықтарының іске асырылуы мен Қазақстан үшін де маңызды болып табылатын олардың диджитализациялануы бойынша Канада тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, тараптар азаматтармен әлеуметтік желілер арқылы қарым-қатынас барысын талқылап, әлеуметтік медиадағы азаматтардың сұрағына мемлекеттік органдардың жылдам жауап беру тәсілдерінің ұқсастығын атап өтті. Академиялық ынтымақтастық мәселелерін талқылау бойынша Брайан Филбин Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Фатима Жақыповамен кездесті. Тараптар Академия мен Канаданың мемлекеттік қызмет мектебі арасындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша пікірлерімен бөлісті.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің біліктіліктерін арттырудың қазіргі үрдістері, білім үрдісіне жобалық менеджментті енгізу мәселесі талқыланды. Кездесулер қорытындысымен Брайан Филбин алғыс білдіріп, толықтай ынтымақтастыққа дайын екендігін жеткізді.

Өз тілшімізден

Пікір жазу