Басты бет » Ауыл жаңалықтары » СОЗАҚТА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

СОЗАҚТА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Түркістан облысы, Созақ ауданының 90 жылдық мерейтойы аясында көптеген мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырылуда,  әлеуметтік нысандар пайдалануға беріліп, өңір тұрғындарына үлкен тарту жасалып жатыр.  Бүгін Созақ ауданының 90 жылдығына орай Құмкент ауылында спорт кешені ашылды, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

Ашылу салтанатына арнайы қатысқан Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатов ауыл тұрғындарын мерейлі мерекемен спорт кешенінің ашуылуымен және жаңа спорткешенінің ашылу салтанатымен құттықтады. Сондай-ақ, спорт кешенінің ашылу салтанатында әлем чемпионы Біржан Жақып арнайы қатысып, жылы лебізін білдірді. Бірнеше жылдан бері сақалды құрылысқа айналған спорт ғимаратының құрылысына жергілігті бюджеттен 153 млн теңге қаржы бөлінді.

Құрылыс жұмыстары 2017 жылдың желтоқсан айында басталған болатын. «Ноутилус» ЖШС жүргізіп, қазан айында аяқталды. Заманауи үлгідегі спорт ғимаратында күрес, бокс, футбол және волейбол түрлерінің секциялар жұмыс істейді. 19 жергілікті азамат жұмыспен қамтылды.

 

Асхат Әссандидің фоторепортажы.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*