Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «Социалистік Еңбек ерлерімен» шерітпе күй шеберлерінің аллеясы ашылды

«Социалистік Еңбек ерлерімен» шерітпе күй шеберлерінің аллеясы ашылды

Бүгін Түркістан облысы, Созақ ауданы Құмкент ауылында спорт кешені ашылды, деп хабарлайды Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz.

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев ауданының 90 жылдық мерейтойына орай Шолаққорған ауыл округінде орналасқан «Тәуелсіздік» саябағында болып, «Социалистік Еңбек Ері» Әділбеков Жотабай, Әлібайұлы Бөрғазы, Әметшаев Бурхан, Жынысбаев Әбілда, Дәуітбаев Жұбай, Архабаев Қодас, Тастанов Үббі, Тұяқбаев Төлепберген, Бөрғазиев Көштендер және шерітпе күйдің шебері Сүгір Әліұлы, Жаппас Қаламбаев, Төлеген Момбеков, Генерал Асқаровтардың бюсттерін салтанатты түрда ашты. Аудан халқын мерекемен құттықтаған өңір басшысы.


«Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында ел, туған жер, өлкетану тарихының шынайылығын жазуға көп көңіл бөлінудің қажеттігі, осындай игі істер арқылы қазақтың тарихи санасын жаңғырту мәселесі туралы келелі ойлар айтылғаны белгілі. Осы мақсатта ұлт, мемлекет дамуы жолында аянба еңбек еткен, азаматтардың есімін ел жадында қалдыру мақсатында ашылып отырған аллея құтты болсын»,- деді Жансейіт Қансейітұлы.

Пікір жазу