Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ 24 НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ 24 НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Түркістан облысы Созақ ауданының 90 жылдық мерейтойына орай 24 нысан ел игілігіне тапсырылды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz.

Олардың қатарында Құмкент ауылындағы спорт кешені бар. Заманауи үлгідегі спорт ғимаратында күрес, бокс, футбол және волейбол сынды спорт түрлерінен секциялар жұмыс істейді. Сондай-ақ, мерейтой қарсаңында Шолаққорған ауылындағы 50 орындық «Айжан» бөбекжай балабақшасы, «Жібек жолы» сауда кешені, Қарағұр ауылында «Жастар» саябағы, 2 спорт алаңы мен 1 балалар ойын алаңы ашылды.

Сонымен қатар, Балдысу, Раң ата, Шаға, Ақсүмбе елді мекендерінде медициналық пункттер, Шолаққорған ауылында аллея, спорт және балалар ойын алаңшасы мен «Street Workout» спорттық алаңының тұсауы кесілді. Сондай-ақ, Таукент қаласында спорт алаңшасының, Жартытөбе елді мекенінде «Астана қаласына 20 жыл» саябағы, спорт алаңшасы мен балалар ойын алаңы, 75 орындық «Асылжан» бөбекжай бабақшасы пайдалануға берілді. Бұдан өзге, Шолаққорған, Жуантөбе, Жартытөбе, Сызған ауылы мен Қызылкөл елді мекенінің негізгі көшелері жарықтандырылды.

 

Пікір жазу